Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы в М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби қызметті сапалы және тиімді орындай алатын, стандартты және стандартты емес кәсіби-педагогикалық міндеттерді шеше алатын, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы саласындағы әлеуметтік және кәсіби кеңістікте еркін бағдарлана алатын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерді қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M132 Мал шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 7M082 Мал шаруашылығы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеріп, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникациямен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс ресімдей алады.
  • Жаһандану және интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымды дамытудың заманауи тенденциялары, бағыттары мен заңдылықтарын талдауды жүзеге асыра отырып, алынған зерттеу нәтижелерін дұрыс ресімдей отырып, ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жоспарлай және жүргізе алады, ғылыми зерттеу әдіснамасы саласындағы құзыреттерге ие.
  • Арнайы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері, технологияларымен әдістерін пайдалана отырып, жоғары мектепте педагогикалық процесті жүзеге асыра алады, педагогикалық қызметтің өзіндік рефлексиясын жүзеге асыра алады, ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздеріне сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін жүзеге асыра алады. Білім беру процесін басқару контекстінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтарын терең түсінуге негізделген тиімді командалық өзара әрекет жасау, негізделген шешімдер қабылдау және дау жағдайларды сындарлы шешу қабілетін қамтитын интеграцияланған басқарушылық құзыреттіліктерін көрсете алады.
  • Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында қашықтықтан оқытуды сүйемелдеу жүйелері негізінде оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалана отырып, білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті. Ғылыми зерттеулер мен зоотехникалық тәжірибелер жүргізу үшін жануарлардың ұқсас топтарын қалыптастыру дағдыларын меңгерген. Есепті құжаттаманы қалыптастыруға және мал шаруашылығы саласындағы зоотехниялық тәжірибелер мен ғылыми зерттеулердің қорытындылары бойынша талдау жүргізуге қабілетті.
  • Кәсіби қызметтегі ғылыми танымның дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы білімі бар. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының жаңа, өнімді және экономикалық тиімді тұқымдарын құру дағдыларымен мал шаруашылығындағы селекциялық процесті басқаруға қабілетті.
  • Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімдерін өндіруде қолданылатын қазіргі заманғы отандық және шетелдік технологияларды талдауға қабілетті. Жануарлардан алынатын шикізатты өңдеу тиімділігін арттыру бойынша оңтайлы шешімдерді табу дағдыларына ие.
  • Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын өсірудің, азықтандырудың, күтіп-бағудың, жас малдарды өсірудің, мал шаруашылығының жоғары сапалы өнімін алудың заманауи әдістерін меңгерген. Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде энергия үнемдеу саласындағы әлемдік тәжірибе мен мемлекеттік саясат негізінде отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларына ие. Инновациялық технологияларды қолдана отырып, табынның көбеюі, жас жануарларды өсіру және ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру мәселелерін шешу үшін теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолданады.
  • Мал шаруашылығы салалары бойынша модельдік шаруашылықтарды құрудың жобалары мен бизнес-жоспарларын жасау дағдыларына ие, бизнес жобалардың рентабельділігіне талдау жүргізеді.
  • Практикалық кәсіби қызметте ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін пайдалану мақсатында мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің инновациялық технологияларын енгізу бойынша оңтайлы технологиялық тәсілдер мен озық отандық және шетелдік тәжірибені қолданады.
Top