Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07202 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы (профильді бағыт) в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасының еңбек нарығында сұранысқа ие дәрілік заттардың технологиясы саласында кәсіби білікті маманды дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M119 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Химиялық-фармацевтикалық процестерді модельдеу
Менеджмент
Фармацевтикалық өндірісте персоналды оқытудың тиісті тәжірибесі
Дәрілік заттардың өндірістік алаңын (SMF)әзірлеу
Дәрілік өсімдік шикізатын фитохимиялық талдау
Дәрілік заттарды өндіру. Сапаны бақылау және мемлекеттік реттеу
Биологиялық /биотехнологиялық дәрілік заттарды өндіру кәсіпорындарын лицензиялау
Дәрілік заттарды әзірлеудің іргелі негіздері
Фармацевтикалық кәсіпорынның аудиті
Фармацевтикалық ұйымдағы персоналды басқару жүйесі
ЕАЭО шеңберінде фармацевтикалық өндірістің тіркеу дерекнамасын (CTD) әзірлеу қағидалары
Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар
Фармацевтика саласындағы инновациялық жобаларды басқару
Фармацевтикалық өсімдік текті субстанцияның сапасын бақылау
Фармацевтикалық өндірісті масштабтау ережелері
Биологиялық және биотехнологиялық дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау
Медициналық бұйымдарды тіркеу
Эксперименттік зерттеулер және зияткерлік меншікті қорғау
Фармацевтикалық логистика және дистрибуция
Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері
Өсімдік текті дәрілік заттарды стандарттаудың заманауи тәсілдері
Жаңа дәрілік заттарды жасаудың заманауи бағыттары
Биотехнологиялық /биологиялық дәрілік заттардың сапасы мен тұрақтылығын сынау: ICH Q5
Өсімдік текті дәрілік заттардың сапасына қойылатын фармакопеялық талаптар
Оқыту нәтижелері
- Дәрілік заттарды, биотехнологиялық, парфюмериялық-косметикалық препараттарды және медициналық бұйымдарды өндіруге арналған жаңа технологияларды әзірлеудің, жобалаудың және енгізудің теориялық негіздерін білу.
- Ғылыми зерттеулер методологиясы мен педагогика негіздерін, сондай-ақ әзірлемелерді енгізуге бағытталған қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу қызметінің негіздерін меңгергендігін көрсету.
- Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми және анықтамалық ақпаратты жүйелеу.
- Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды алу үшін сәйкес жабдықтарды пайдалана отырып, халықаралық стандарттар талаптарына сай оңтайлы әдістер мен технологияларды таңдау.
- Дайын дәрілік заттар мен парфюмерлік-косметикалық өнімдердің өндірісін және технологиялық процесін нормативтік құжаттар мен GMP стандарттарына сәйкес ұйымдастыру және жобалау, сондай-ақ бастапқы шикізат пен материалдардың кіріс бақылауын нормативтік құжаттарға сәйкес қамтамасыз ету.
- Синтетикалық және табиғи текті дәрілік препараттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыру.
- Фармацевтикалық өндірістің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және ақпаратты өңдеу үшін қолданбалы бағдарламалық құралдарды пайдалану.