Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08101 Агрономия в М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ақпараттық сауаттылық дағдыларын меңгере отырып, әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау үшін ауызша және жазбаша түрде тілдік құралдарды пайдалана отырып, ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін жазу және негіздеме жасау үшін ғылыми әдістер мен тәсілдерді пайдалана алады, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен шектеулерін талдайды, кәсіби қызметте деректерді өңдеу және түсіндіру үшін заманауи ЖИ-құралдарын қолданады.
  • Жеке және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін өзгермелі әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайларда оңтайлы бейімделу үшін тәжірибелік қызметте базалық философиялық, әлеуметтік-саяси, құқықтық және қаржылық білімді қолданады, Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді.
  • Қызмет барысында салауатты өмір салтына бағытталған тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық актілерді қолдана отырып төтенше жағдайларда табиғатты ұтымды пайдалану және қорғау білімдері мен дағдыларын пайдалана алады.
  • Көпшілік алдында сөйлеу және сөйлеу этикеті дағдыларын көрсете отырып, кәсіби қызмет саласындағы түрлі мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіре және дәлелдей алады. Заманауи кәсіпорындардағы басқарушылық процесі мәнін білетіндігін көрсете отырып, басқару процесінің кәсіпорынның тиімді жұмысына әсер ету тетіктерін қолдана алады.
  • Топырақтың сапасына, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне, пестицидтерді қолдануға, дайын өсімдік шаруашылығы өніміне қатысты ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалана отырып ақпаратты өңдейді, талдайды және ұсынады.
  • Кәсіби қызметте биология ғылымдары, топырақтану және жалпы егіншілік, агрохимия саласындағы білімдерін, біліктері мен құзыреттерін көрсетеді.
  • Көкөніс және жеміс дақылдарын морфологиялық белгілері бойынша таниды, олардың физиологиялық жағдайын, бейімделу әлеуетін бағалау және өнімнің өсуін, дамуын және сапасын жақсарту факторларын анықтайны.
  • Биометриялық өңдеуді жүргізу, эксперименттік деректердің, материалдардың және эксперимент нәтижелерінің, ғылыми-өндірістік тәжірибелердің дұрыстығын анықтау үшін эксперименттің негізгі әдістерін зерттеу және тәжірибелік істе бақылау әдістерін меңгерген.
  • АӨК-де өсімдік шаруашылығы әдістерін қолдану бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты талдауды, нақты жағдайларға байланысты тәжірибе жүргізу алгоритмін жүзеге асырады.
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сәйкестендіру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құжаттар мен стандарттарды меңгерген. Ауыл шаруашылығында, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін импорттау және экспорттау кезінде өндірілетін өнім өндірісін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
  • Жемшөп өндірісі және мал шаруашылығы негіздері, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасы салаларында білімдерін көрсетеді.
  • Өсімдік шаруашылығы өнімінің жоғары және тұрақты деңгейін және сапасын қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасайды; өсімдіктерді қорғаудың тиімді шараларын қолданады, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерінің таралуы мен дамуын болжайды
Top