Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01515 Химия в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру қызметін жүзеге асыруға бағдарланған, химияны оқытудың инновациялық әдістерін меңгерген, жаңартылған білім беру жүйесі жағдайында оқыту дағдылары бар бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие жоғары білімді педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Экономика және кәсіпкерлік
Құқық негіздері
Элементтер химиясы
Химияның негізгі заңдары
-
2 Оқу жылы
Физикалық талдау әдістері
Экология және тұрақты даму
Физикалық химия
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Аналитикалық химия I
Инклюзивті білім беру
Аналитикалық химия II
Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері
Комплексті қосылыстар химиясы
Педагогика
-
3 Оқу жылы
Жасыл аналитикалық химия (Minor 1)
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Химияны оқытудағы дидактикалық ойындар
Жасанды интеллект және химияны оқыту әдістемесі
Химия пәнінен есептер шығару әдістері
Органикалық химия (I )
Конструктивті оқыту әдістемесі
Атмосфера химиясы (Траектория 2)
Коллоидтық химия
Мектеп экология-аналитикалық мониторингілеу (Траектория №1)
Жасыл химияға кіріспе
Кәсіби сертификаттау IBM деректерін талдаушы (Cousera)
Статистикалық молекулалық термодинамика (Cousera)
Талдаудың физика-химиялық әдістері ( Траектория №1)
Супрамолекулалық химия
Химиялық токсикология (Траектория 2)
Химия-педагогикалық зерттеулер негіздері (Траектория 2 )
Органикалық химия (II)
Іс-әрекеттегі зерттеу (Траектория 2)
-
4 Оқу жылы
Биологиялық жүйелер химиясы
Биологиялық химия
Мектептегі жобалық іс-әрекеттегі физика-химиялық талдау әдістері
Химиялық технология (Траектория 1)
ЅТЕМ білім беру
Зерттеудің агрохимиялық әдістері
Химия тарихы
Кристаллохимия
Химиялық анализдеудегі жасыл еріткіштер мен реагенттер
Химиялық білім берудегі педагогикалық диагностика (Траектория №2)
Қазақстанның білім беру жүйесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Химияның іргелі бөлімдерінің теориялық негіздерін білу және түсіну және алған білімдерін химия мұғалімінің кәсіби қызметінде пайдалану қабілетін көрсету
- Химия тарихы, қазіргі жаратылыстану тұжырымдамасы саласындағы білімі мен түсінігін көрсету және оларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін көрсету.
- Жасыл химия, химиялық жүйелер және экологиялық тәуекелдер саласындағы білімдері мен түсініктерінің болуы, оларды білім беру процесінде және мектептегі экологиялық мониторинг жүргізу кезінде қолдану қабілетін көрсету
- Білім беру ортасын жобалау (дизайн), оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін қолдану, халықаралық және қазақстандық білім беру жүйесін талдау және бағалау білігін көрсету.
- Педагогика, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі, мектеп жасындағы балалардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары, педагогтің оқу-тәрбиелік және кәсіби міндеттерін шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану қабілеті, әртүрлі жас кезеңдерінде ағзаның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру қабілеті саласындағы білімдері мен түсініктерін көрсету.
- Биологиялық химия, тағам химиясы, супрамолекулалық химия, биологиялық жүйелер химиясы, қолданбалы химия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, кристаллохимия, химиялық технология сияқты пәнаралық интеграцияланған курстарды білу және түсіну және оларды кәсіби қызметінде қолдана білу .
- Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.
- Химиялық-педагогикалық зерттеулер негіздерін және "әрекеттегі зерттеулер", "химиялық білім берудегі педагогикалық диагностика" сияқты дербес білім беру зерттеулерін жүргізу қабілетін біледі.
- Химиялық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеудің негізгі физикалық және физика-химиялық әдістерінің теориясы мен практикасын, графикалық тәуелділіктерді шешу әдістемесін және оларды мектептің жобалық қызметінде қолдану қабілетін меңгерген.
- Орта мектепте химияны оқыту әдістемесін, химиядан есептерді шешу әдістемесін, цифрлық білім беру технологияларын, химияны оқытудағы әдістер мен тәсілдерді білу және түсіну және оларды орта мектепте химияны оқытуда қолдану дағдыларын көрсету.
- Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерін, ақпаратты математикалық өңдеуді білу және түсінуді көрсету және ғылыми жұмыстарды жазу әдістемесін меңгеру.
- Атмосфера химиясы, Химиялық токсикология, жасыл химиялық синтез негіздері, Органикалық синтез, химиялық-экологиялық және агрохимиялық зерттеулер негіздері саласында білімі бар және дербес химиялық синтездер мен агрохимиялық талдаулар жүргізу қабілетінің болуы
- Жасыл аналитикалық химия теориясы мен практикасын, сынамаларды дайындаудың жасыл әдістерін, жасыл реагенттер мен еріткіштерді біледі және химик-аналитик жұмысында қолдана алады
- Командада жұмыс істеуді ұйымдастырудың, білім беру мекемелерінде тиімді басқарушылық коммуникациялар жүйесін жолға қоюдың әдістері мен тәсілдерін біледі