Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01408 Дене шынықтыру және спорт в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Адамның физикалық, психикалық және функционалдық мүмкіндіктерін анықтауға, жетілдіруге, дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы салауатты өмір салтын жүзеге асыруға, жеке тұлғаны қалыптастыруға және оны жалпыға ортақ адами құндылықтарға енгізуге мүмкіндік беретін бакалаврларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Кәсіпкерлік және бизнес
Қаржылық сауаттылық негіздері
Дене шынықтыру және спорт тарихы
Ғылыми зерттеу негіздері
Гимнастика оқыту әдістемесімен
Мектептегі гимнастиканың теориялық және әдістемелік негіздері
Адам анатомиясы
-
2 Оқу жылы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Волейболды оқыту әдістемесі
Үстел теннисін оқыту әдістемесі
Адам физиологиясы
Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі
Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Спорттық ойындар оқыту әдістемесі (баскетбол, гандбол)
Қимыл-қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
-
3 Оқу жылы
Ашық спорт ғимараттарын жобалау
Медициналық білімдер және салауатты өмір салты негіздері
Футболды оқыту әдестемесі
Спорттық медицина
Дене шынықтыру және спорт психологиясы
Бадминтонды оқыту әдестемесі
Қимыл реакреациясы, сауықтыру дене шынықтыруының теориясы және әдістемесі
Спорттық ғимараттар
Жүзу оқыту әдістемесімен
Спорттық физиология
Емдік дене шынықтыру және массаж
Қысқы спорт түрлеріндегі теориясы мен әдістемесі
Спорттық туризм теориясы мен әдістемесі
Бейімдік дене шынықтыру
-
4 Оқу жылы
Дене шынықтыру және спорт менеджменті
Спорттық метрология
Спорттық қимылдар биомеханикасы
Дене жаттығуларының биомеханикасы
Ұлттық спорт түрлеріндегі жаттықтыру қызметінің әдістемесі
Инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиялары
Ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі
Дене шынықтыру және спорттағы ақпараттық технологиялар
Білім берудің инновациялық технологиялары және жасанды интеллект
Дене шынықтыру және спорт саласындағы инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы
Дене шынықтыру және спорттағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мадени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы маселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде казак, орыс және шет тілінде байланыс жасау; педагогикалық этика ережелерін, оқытудың тәсілдері, әдістері мен құралдарын білу; білім беру процесін басқару технологиясын меңгеру.
- Оқыту технологияларын және білім беру ресурстарын, соның ішінде цифрлық технологиялар мен контентті, оқу процесінде қолдану арқылы оқу және тәрбие мүмкіндіктерін кеңейту; кәсіпкерлік білімдерін түрлі өмір салаларында қолдана білу.
- Жеке бюджетті басқаруда, жоспарлауда, қаржылық өнімдер мен инвестиция құралдарын пайдалануда, қаржылық тәуекелдер, дағдарыстар мен алаяқтықты ескере отырып аналитикалық қабілеттерді көрсету; рационалды қаржылық мінез-құлық үшін заманауи қаржылық технологиялар мен қосымшаларды пайдалану дағдыларын қолдану; салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа төлемдерді есептеп, оңтайландыруды білу, сақтандыру өнімдерін қолдану.
- Білім алушының тұлғалық жалпы мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыру және оның әлеуметтенуіне ықпал ету; дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін философиялық білімді қолдану, азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау; білім беру үдерісін зерттеудің тәсілдері, әдістері мен құралдарын сипаттау; зерттеу жүргізу дағдыларын меңгеру.
- Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау; білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық негіздерін түсіндіру.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере білу; инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидалары мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, күнделікті және кәсіби қызметте әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген коммуникация стратегиясын таңдау.
- Тәрбиелік жұмыс әдістемесінің негіздерін, қазіргі тәрбие концепцияларын білу; сабақтарға дайындық кезінде оқу материалын жоспарлай білу; дене тәрбиесі, спорттық жаттығу сабақтарын ұйымдастыра білу, жалпы педагогикалық принциптерді, құралдар мен әдістерді қолдану, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
- Органдардың құрылымы мен функцияларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жас кезеңдеріндегі физикалық даму заңдылықтары туралы білімді кәсіби қызметте қолдану, адамның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жаттығуларды және жаттығу түрлерін таңдау әдістемелерін меңгеру.
- Дене тәрбиесі тарихы, теориясы және әдістемесін оқу және оқу-жаттығу процесінде қолдану; спорт түрі (спорттық пән) бойынша спорттық дайындық бағдарламаларын құрастыру; жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша спортшылардың бақылау нормативтерін өткізу.
- Кәсіби қызмет аясында цифрлық технологияларды қолдану; білім беру үдерісін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану; зерттеу жүргізу дағдыларын меңгеру; педагогикалық шынайылықты инновациялық тұрғыда түрлендіру құралы ретінде заманауи технологияларды қолдану; оқу материалдары, презентациялар және басқа да контентті жасанды интеллект көмегімен әзірлеу.
- Циклдік жаттығуларда физикалық және функционалдық дайындықты өлшеу мен бағалауға арналған құжаттаманы құру тәртібін анықтау; спорт пен дене тәрбиесінде кешенді бақылау жүргізу, кешенді бақылау нәтижесінде алынған деректерді талдау; бақылау-өлшеу құралдарын қолдану.
- Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жеке даму траекториясын жобалау; оқушыларды оқыту және дамыту бағдарламаларын, әдістемесін әзірлеу, олардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып.
- Дене тәрбиесі және спорт саласындағы заңнаманы және нормативтік-құқықтық актілерді білу; дене тәрбиесі және спорт саласында қабылданатын басқарушылық шешімдердің сыни талдау дағдыларын меңгеру; спорттық құрылғылар мен арнайы жабдықтардың түрлерін анықтау, олардың классификациясы мен жұмыс принциптерін білу.
- Сабаққа дайындық кезінде оқу материалын жоспарлау; жаттығуларды орындаудың қауіпсіз техникаларын көрсету; күш, интервальды, дөңгелек, функционалдық жаттығулар, икемділікті, тепе-теңдікті, үйлестіруді дамытуға арналған жаттығулардың әдістемесін құрастыру; спорттық құрылғыларды, арнайы жабдықтарды қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіру.
- Денсаулық сақтау және дене тәрбиесі-сауықтыру технологияларының негіздерін білу; дене тәрбиесімен айналысуға қарсы көрсеткіштерді анықтау; анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге сәйкес жаттығуларды, жаттығу түрлерін таңдау әдістемелерін құрастыру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу.