Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01505 География в Шымкент университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Оқытылатын салада одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қолдану; өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту; заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаңа білімді өз бетінше қолдану
  • Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалау; әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, білімді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру; білім алушының тәрбиелік және жеке рухани-адами міндеттерін дамыту
  • Кәсіби қызметте әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану: интернет-ресурстар, жасанды интеллект, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер; әріптестермен, ата-аналармен диалогты қолдау, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық, командада жұмыс істей білу; география саласында дәлелдер қалыптастыру және мәселелерді шешу
  • Интеграциялық процестердің заманауи өнімі ретінде география бойынша білімді синтездеу; нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерделеуге ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдану; зерттеу нәтижелері мен жаңа білімді жинақтай білу; білім беру процесінің ерекшелігін, тәрбиелік міндеттерді және тұлғаның дамуын ескере отырып, заманауи педагогикалық технологияларды интеграциялау
  • Табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми және философиялық таным әдістерімен ғылыми түсінуді және зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау; мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұны мен ерекшеліктерін түсіндіру; ұлттық мәдениеттің құндылығын түсіну, тарихи мұра мен мәдени дәстүрлерді құрметтеу және сақтау
  • Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану; өзінің жеке даму мақсаттарын қалыптастыру және шынайы бағалау, сондай-ақ білім алушылардың зияткерлік даму деңгейін кеңейту
  • Әлемде танылған әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнді практикада қолдану; білім алушылардың әлеуметтену және кәсіби өзін-өзі анықтау процесінде талдау әдіснамасын, педагогикалық сүйемелдеуді таңдау
  • Географиялық білім беру саласында өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану; дене шынықтыру әдістері мен құралдарының көмегімен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету; тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгеру; проблемаларды шешу үшін логикалық және сыни ойлауды қолдану
  • Грамматикалық білім жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниеттерді білдірудің прагматикалық құралдарын барабар түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын пайдалану; гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық білім берудің кәсіби дағдылары негізінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникативтік жағдайларда туындайтын мәселелерді шешу
  • Зерттелетін саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді меңгеру; фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді түсіну; оқу-тәрбие процесінде, сабақтан тыс қызметте білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге дайындау
  • Оқытылатын салада ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану; білімді практикалық қолдану, олардың жұмыс істеу тиімділігін талдау дағдыларына ие болу; география саласындағы озық білімге негізделген мектептерде, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақтар өткізу; зерттелетін салада кәсіптік білім мен ұғымдарды қолдану; сұрақтар мен дәлелдерді қалыптастыру, шешімдер қабылдау; 2леуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты талдау
  • Қазақстанның географиялық тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсету; география саласындағы озық білімге сүйене отырып, зерттелетін саладағы білім мен түсініктерді пайдалану
  • География саласындағы фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді түсіндіру, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін білу; әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген кәсіби қызметте қарым-қатынас стратегияларын қалыптастыру; тұрақты даму мақсатында жаһандық әріптестік шеңберінде құралдарды нығайтуға және жұмысты жандандыру

Ұқсас БББ

Top