Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05301 Қолданбалы химия в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Химия ғылымынан фундаменталды білімдері бар химия және химиялық өндірістерге бакалаврларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B053 Химия
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика
Жалпы химия
Сапалық анализ
Бейметалдар мен металдар химиясы
Физика
Химия тарихы және методологиясы
-
2 Оқу жылы
Күкірт және азот химиясы
Сандық талдау әдістері
Тұздар және тыңайтқыштар химиясы.
Органикалық химияның теориялық негіздері
Физикалық химия
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Ядролық және радиационды химия негіздері
Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Метрологиялық бақылау және хемометрия
Қаржылық сауаттылық негіздері
Ғылыми зерттеулердің негіздері
Кәсіпкерлік және бизнес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
-
3 Оқу жылы
Глинозем және силикат материалдары
Каталитикалық және электрохимиялық процестер
Кендерді және оларды өңдеудің өнімдерінің фазалық талдауы
Компьютерлік химия
Қара және түсті металдар химиясы
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Химиялық өндірістегі экологиялық бақылау
Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиялары
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Биогеохимия
Сирек жер металдар шикізатының технологиясы және өндірісі
Мұнай және мұнай өнімдерінің химиясы
-
4 Оқу жылы
Химия өндірісіндегі аналитикалық бақылау
Қатты жаңғыш материалдар химиясы
Отын элементтері
Минералды және өсімдік шикізатын талдау
Мембраналық технологиялар негіздері
Беттік белсенді және табиғи қосылыстардың химиясы
Коррозия, гальванопластика және гальваностегия
Өнеркәсіптік қалдықтарды кайта өңдеу.
Наноқұрылымды материалдар және олардың өндірісі
Синтетикалық және табиғи ақуыздар, майлар, көмірсулар
Су дайындау және ағынды суларды тазарту
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі, химиялық реакциялар мен процестерді сипаттау үшін ЖИ қолдану қабілетіне ие болу.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
- Бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидты, экологиялық химия, химиялық технология саласында химиялық тәжірибе жасауда негізгі білімдер және практикалық дағдыларды игеру, өндірісті зертханалық бақылауды жүргізудің үнемді және тиімді әдістерін іздестіру бойынша эксперименттік және зерттеу жұмыстарын жүргізу, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, материалдарды және дайын өнімді талдау, сынау, өлшеу жүргізу
- Кәсіби қызметте алынған білімді жүйелеу, жинақтау, талдау және пайдалану мүмкіндігі, химиялық реакциялар мен процестердің заңдылықтарын және үлгілерін алу, өңдеу және зерттеу әдістерін қолдана білу; көрнекі бақылаулар, аспаптық тексерулер және сынақтар жүргізу.
- Алынған білімдерін және әртүрлі қосылыстарды синтездеу, сәйкестендіру және синтездеу бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу әдістерін қолдана білу, тапсырмалардың орындалуын қадағалау, кәсіби қызметті оңтайландыру бойынша шешім қабылдау және түзету жұмыстарын жүргізу, сапалы талдау жүргізуді, зертханалық жабдықтың техникалық дұрыс пайдаланылуын және оның сақталуын қамтамасыз ету.
- Алынған білімдерін және әртүрлі қосылыстарды синтездеу, сәйкестендіру және синтездеу бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу әдістерін қолдана білу, тапсырмалардың орындалуын қадағалау, стандартты және қарапайым бірдей типтегі практикалық мәселелерді шешу, көмекші құралдарды дайындау және баптау, кәсіби қызметті оңтайландыру бойынша шешім қабылдау және түзету жұмыстарын жүргізу.
- Қойылған химиялық міндеттерді шешу әдістері мен құралдарын таңдау, қолданыстағы технологиялық процестерді басқару, кәсіби қызмет бағыттары бойынша жаңа технологияларды меңгеру, қажетті ақпаратты іздеу үшін интернет технологиясын қолдану.
- Шикізатты дайындауды жүзеге асыру, жабдықтарды пайдалану негіздерін меңгеру, зертханалық жабдықтың дұрыс пайдаланылуын және оның мерзімдік метрологиялық тексеруге/калибрлеуге уақтылы ұсынылуын қадағалау.
- Химия ғылымының, өндірістің және білімнің жай-күйі мен дамуын талдау, іргелі және қолданбалы міндеттерді шешуде шетелдік тәжірибені пайдалану, өндірістің неғұрлым тиімді және үнемді әдістерін және өндірісті зертханалық бақылауды іздеу бойынша зерттеу және эксперименттік жұмыстарды орындау.
- Химиялық материалдарды физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып қауіпсіз қолдану әдістерін меңгеру.