Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01405 Музыкалық білім в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ҚР жалпы және қосымша білім беру мекемелері үшін музыка мұғалімдерін, шығармашылық бағыттағы мамандарды (музыкалық жетекшілерді, жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдерін, педагогикалық колледж оқытушыларын), музыкалық-педагогикалық білім берудің заманауи технологиялары мен әдістемелерін меңгерген, қазіргі заманғы білім беруді жаңғырту талаптарына сәйкес музыкалық-педагогикалық қызмет ерекшелігіне байланысты кәсіби міндеттерді өз бетінше шеше алатын мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Негізгі музыкалық аспап - 2 (баян)
Педагогика
Инклюзивті білім беру
Хорды дирижерлау - 1
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Кәсіпкерлік
Қаржылық сауаттылық негіздері
Құқық жүйесі
Жасанды интеллект негіздері
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
Экономикалық теория
Негізгі музыкалық аспап-1 (домбыра)
Хорды дирижерлау - 2
-
3 Оқу жылы
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Вокал класы
Пернетақта синтезаторында ойнау технологиялары
Негізгі музыкалық аспап 1- фортепиано
Сольфеджио - 1
Қазақ музыка тарихы
Дауысты қою негіздері
Мектеп репертуарымен жұмыс жасау практикумы
Негізгі музыкалық аспап - 3 (баян)
Дирижерлау техникасының әдістемесі
Гармония
Сольфеджио - 2
Музыкалық шығармаларды талдау
Ән айту және мектеп әндерін оқыту әдістемесі
Негізгі музыкалық аспап-2 (домбыра)
Негізгі музыкалық аспап -2(фортепиано)
Музыкалық аспаптарды үйретудің әдістемесі
Әлем музыка тарихы
Өнер тарихы
-
4 Оқу жылы
Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы
Музыка сабағында АКТ қолдану
Жеке ән салу және сахнадағы қозғалыс
Білім беруді бағалаудың өлшемдік технологиясы
Мектепте сыныптан тыс үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру (фольклорлық ансамбль)
Музыка пәні мұғалімінің зерттеу қызметі
Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі(Хорды дирижерлау)
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Қазіргі инновациялық технологиялар
Негізгі музыкалық аспап -3(фортепиано)
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы
Сольфеджио - 3
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Сөйлеуді дұрыс интонациялық және лексикалық рәсімдеу үшін орыс және шет тілдерін, ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, Қазақстанның тарихи дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын меңгеріп, экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалау үшін экономикалық теорияның бағыттарын зерделей отырып, әлеуметтік бейімделу дағдыларын және қаржылық сауаттылықты қалыптастырып, салауатты және толыққанды өмір сүру ұстанымын қолдай отырып, ақпараттық ресурстарды іздеу және бағалауға, жүйелеп талдауға, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу үдерісін жүзеге асыруда жасанды интеллект технологиясын қолдануға қабілетті.
- Білім алушыларға жеке, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікті және қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі тәсілдерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін, ғылыми теориялық зерттеу әдістерін, педагогикадағы өзекті мәселелерді зерделей отырып, ғылыми ақпаратты іздестіру, зерттеулер жүргізу, оның нәтижелерін өңдеуді және ресімдеуге қабілетті.
- Музыкалық білім берудің мәні мен мазмұнын түсініп, ерекше балалармен және олардың отбасыларымен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық технологияларын меңгеру арқылы, заманауи оқу-тәрбие үдерісінің мәні мен құрылымын, ерекшеліктерін талдай отырып, оқу және тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен технологиясын кәсіби жүзеге асыруға қабілетті.
- Әлемдік және қазақ музыка өнерінің тарихы мен теориясын, дамуының негізгі қағидалары мен гормонияның заңдылықтарын меңгеріп, қазақ музыкасының қалыптасу кезеңдерімен ұлттық музыкалық үніміздің ерекшелігін зерделей отырып, музыкалық білім беру мәселелерін тарихи-педагогикалық тұрғыда саралап, кәсіби-педагогикалық деңгейде жүзеге асыруға қабілетті.
- Музыкалық аспаптарда (фортепиано, домбыра, баян, пернетақта синтезаторында ойнау технологиялары) мектеп әндерін сүйемелдеуді меңгереді және вокал, хорда ән айту, сахналық іс-шараларда мектеп репертуарының дағдыларын қалыптастыру арқылы оқу процесінде жүзеге асырады.
- Білім алушылардың музыкалық аспаптарды үйрету әдістемесі мен орындаушылық шеберлігін шыңдай отырып, музыкалық шығармаларды талдап, хормен ән айту дағдылары мен нота сауаттылығын қалыптастыру арқылы кәсіби деңгейде білім беруге қабілетті.
- Музыка пәнін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық-көркем жұмыстарды ұйымдастыру,ән айту және мектеп әндерін оқыту әдістемесін меңгеріп, мұғалімнің мәдени-ағартушылық қызметін зерделей отырып, оқу-тәрбие үдерісін кәсіби деңгейде ұйымдастыруға қабілетті.
- Музыка сабағында АКТ құралдарын жасақтау мен пайдаланудың дидактикалық негіздерін меңгеріп, педагогикалық қызметте кәсіби мәселелерді шешу мен инновациялық технологиялар, бағалаудың өлшемдік технологияларын тиімді қолдана отырып, қазіргі заман білім технологиясының дамуының тенденциясы және оларды жобалауды жүзеге асыру үшін зерттеу қызметін жүргізуге, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауға қабілетті.
- Білім алушыларға музыка теориясы негіздерін,жалпы музыкалық білім беру жүйесінің негізгі формаларын меңгертіп, педагогикалық-психологиялық тәжірибе жинақтау барысында хор ұжымын кәсіби басқару, музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби сапасын дамыту жолдарын қалыптастыра отырып, білікті маман даярлауды жүзеге асырады.