Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01502 География в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Коммуникативті, бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби педагогикалық қызмет саласындағы әлеуметтік маңызды міндеттерді заманауи ғылыми-практикалық деңгейде шеше алатын, жалпы және арнайы құзыреттілікке ие, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілеті жоғары география мұғалімдерін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жаратылыстану
Жалпы жертану
Геология
-
2 Оқу жылы
Биогеография
Картография және топография негіздері
Әлеуметтік-экономикалық және саяси географияға кіріспе
Инклюзивті білім беру
Педагогика
Топырақ географиясы
Экономикалық теория
Жасанды интеллект негіздері
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Кәсіпкерлік
Қазақстанның физикалық географиясы
Қаржылық сауаттылық негіздері
Құқық жүйесі
-
3 Оқу жылы
ТМД және Қазақстанның туризм географиясы
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Ландшафттану
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Метеорология және климатология негіздері
Географияны оқыту әдістемесі
Саяси география геосаясат негіздерімен
Мектеп географиясының ғылыми негіздері
Қалдықсыз өндірістер географиясы
Тұрғындар географиясы
Қазақстандағы географиялық білім
Дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы
Геоморфология
Тарихи география
Қазақстанның су ресурстары
Геоэкология және табиғатты қорғау
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы
Халықаралық туризм
Рекреациялық география
Жалпы гидрология
-
4 Оқу жылы
Табиғат байлықтарын экономикалық тұрғыдан бағалау
ТМД және Қазақстанның экологиялық мәселелері
Жергілікті жер географиясын оқып-үйрену
Халықаралық экономикалық қатынастар географиясы
Табиғи қорлар географиясы
Елтану
Қазақстанның табиғи және мәдени мұралары
Табиғатты пайдаланудың экономикасы мен экологиясы
Топонимика
Қызмет көрсету салалары географиясы
Географиялық ақпараттық жүйелер
Экскурсиятану
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді ғылыми талдауға, гуманитарлық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың әдістерін кәсіби және әлеуметтік қызметтің әртүрлі салаларында қолдануға, қаржылық шешімдерді қабылдай алуға қабілетті болу. ЖИ модельдерін құрастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алу.
- Кәсіби қызметте физикалық география саласындағы негізгі ұғымдар, заңдар, физикалық географияның бөлімдері және географиялық ақпаратты іздеу, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу дағдылары туралы білімді қолдану.
- Қазақстан мен әлемнің аумақтық рекреациялық жүйелерінің туристік-рекреациялық қабілеттері мен ерекшеліктерін талдау, зерттеу мен үлгілеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, географиялық ғылым мен білім беру саласында ғылыми жобалар әзірлеу дағдыларын меңгеру.
- Топырақтану, Ландшафттану, Биогеография, Гидрология және Метеорология бойынша далалық географиялық зерттеулер жүргізу дағдыларына ие болып, ғылыми географиялық зерттеу нәтижелерін, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді тұжырымдау.
- Әлемнің жекелеген елдері мен өңірлерінің ресурстармен қамтамасыз етілуін, олардың демографиялық жағдайын, урбанизация деңгейін және халық пен өндірістің аумақтық шоғырлануын, жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгеру дәрежесін есептеу.
- Қазіргі кезеңде табиғат пен қоғамның өзара іс-қимылының ерекшеліктерін, табиғатты пайдалану ерекшеліктерін, геосфералық қабықтарға антропогендік әсер ету ерекшеліктерін, Қазақстанда қалыптасқан геоэкологиялық ахуал бойынша ақпаратты анықтау және қоршаған ортаның ғаламдық және жергілікті мәселелерін шешу үшін басқа ғылым салаларынан алған білімін кіріктіре отырып, өзінің көзқарасын дәлелдеу.
- Ғылыми және инновациялық пәндердің, оның ішінде педагогика, инклюзивті білім беру саласында, педагогикалық қызметте теориялық білімдерін, дағдыларын, өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық ұстанымдары мен оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау, өзінің педагогикалық дамуы үшін жаңа мақсаттар қою.
- Географиялық білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудың өзекті міндеттеріне жауап беретін географияны оқыту әдістері бойынша кәсіби қызметте алған білімдерін қолдану. Білім алушылардың оқудағы жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізу.
- Географиялық карталардың ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіну және картографиялық бейнелеу тәсілдерін ажырату және табиғат объектілерінің кеңістіктік-уақыттық моделін түсіну үшін геоақпараттық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әртүрлі кеңістіктік деректерді іс жүзінде қолдану; Ақпаратты іздеу, фильтрлеу және сын тұрғысынан бағалау негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып әзірлеу.