Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05302 Бейорганикалық химия в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қатынас мәселелерін шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімдіқолдана білу.
  • Философиялық білімдерді дүниетанымдық позицияны қалыптастыру үшін қолдану, қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау арқылы азаматтық ұстанымды қалыптастыру, ғылыми зерттеу әдістері мен принциптерін түсіну; әлеуметтік ғылымдардағы негізгі теориялар мен концепцияларды білу.
  • Құқықтық сананың жеткілікті деңгейіне ие болу, кәсіби міндеттерді орындау және мінез-құлық мәдениеті мен этикалық нормаларын білу.
  • Негізгі принциптер мен инклюзивті мәдениеттің тәсілдеріне ие болу дағдыларын қолдану, күнделікті және кәсіби іс-әрекеттерде әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Тұрақты даму принциптері мен мақсаттарын түсіну, экологиялық проблемаларды талдау, оларды тұрақты дамуды ескере отырып шешудің теңгерімді жолдарын табу.
  • Жоғары технологиялық қолдану үшін материалдардың құрылымы мен қасиеттерін түсіну: асқын өткізгіштер, термопарлар, керамикалық материалдар. Бірегей магниттік, оптикалық және электрлік қасиеттері бар материалдар туралы білімді меңгеру. Жаңа материалдардың қалыптасу механизмдерін түсіну: бейорганикалық материалдарды синтездеу және өңдеу әдістерін білу.
  • Жасанды интеллектінің алгоритмдерін химиялық реакциялардың жолдарын, өнімдерін, кинетикасын және термодинамикасын болжау үшін меңгеру; ЖИ көмегімен спектроскопиялық деректерді өңдеуді үйрену, ИҚ, ЯМР спектрлерін талдау арқылы заттардың құрамын немесе құрылымын анықтау
  • Әртүрлі қосылыстарды тазарту, сәйкестендіру және синтездеу бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізу білімдерін және әдістерін қолдану, қойылған міндеттерді орындау процесін бақылау, шешімдер қабылдау және кәсіби қызметті оңтайландыру үшін жұмысты түзету; визуалды бақылаулар, аспаптық зерттеулер мен сынақтарды жүргізу, бұл еңбек функциясын орындау үшін конструкциялық, өндірістік-технологиялық және нормативтік құжаттаманы пайдалану
  • Теориялық негіздер мен практикалық әдістерді меңгеру, түрлі материалдардағы элементтерді анықтау мен идентификациялау, алынған деректерді интерпретациялау және сапалық, сандық зерттеулер жүргізу дағдыларын игеру, силикаттардың құрылымы мен химиялық қасиеттерін түсіну, силикаттардың түрлі химиялық және физикалық жағдайларда қалай өзгеретінін болжау.
  • Химиялық қасиеттер мен органикалық молекулалардың функционалдық туындыларын синтездеу әдістерін білу, әртүрлі үлгілерде заттың мөлшерін сандық түрде анықтау үшін сәйкес әдістерді таңдап, қолдана білу, көпкомпонентті жүйелердің, соның ішінде ерітінділердің, қоспалардың және қорытпалардың термодинамикасы мен кинетикасының негізгі принциптерін түсіну. Органикалық және бейорганикалық полимерлердің құрылымдарын, қасиеттерін және синтез әдістерін анықтау, полимерлерді олардың химиялық құрылымы мен қасиеттеріне қарай классификациялай білу.
  • Металлорганикалық химияның негіздерін, металлорганикалық қосылыстардың сипаттамаларын және олардың таза органикалық қосылыстардан айырмашылығын түсіну. Осы қосылыстардың ерекше түрлерін білу, олардың катализдегі, жаңа материалдар мен биохимия синтезіндегі рөлін түсіну, мұнай химиясында, органикалық синтезде, көмірсутектерді өңдеуде қолданылуын білу.
  • Ластаушылардың түрлі табиғи ортадағы әрекетін, материалдардың құрылымына байланысты физика-химиялық қасиеттерін талдай білу; әртүрлі техникалық тапсырмаларды орындау үшін материалдарды таңдай алу және қолдана білу, полимерлердің физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру, әртүрлі жағдайларда полимерлердің әрекетін талдау; координациялық қосылыстар туралы білімді жаңа катализаторларды, препараттарды және материалдарды әзірлеу үшін қолдану; тұздар мен минералды тыңайтқыштардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін түсіну
  • Бейорганикалық заттардың құрамын анықтау үшін химиялық сараптама әдістерін меңгеру, спектроскопия, хроматография, рентгенофлуоресценттік талдау, масс-спектрометрия сияқты әртүрлі талдау әдістерін қолдануды үйрену, материалдардың химиялық құрамын түрлі салаларда сараптау және қорытынды жасау дағдыларын меңгеру.
Top