Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01230 Мекепке дейінгі білім беру (IP) в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық стандарттарына сәйкес дүниетанымдық, тарихи және адамгершілікте даму үшін пәнаралық білім мен тәжірибені қолданады
  • Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті деңгейінде қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде конструктивті қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге қабілетті болады
  • Жұмыс ортасын ұйымдастыра алады, саналы түрде халықаралық және ұлттық құжаттарға, ұлттық білім беру жүйесінің қағидаларына, заңдарына және ережелеріне сәйкес өз ұйымының қызметімен және көпсалалы ынтымақтастықпен өзара байланыста жұмыс жасауға қабілетті болады
  • Өмір бойы кәсіби дамуға және білім алуға қабілетті; өз құндылықтарын, алдына қойған талаптарын, этикалық қағидаттарын, жұмыс әдістерін ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сонымен қатар өз ұйымының тұрақты дамуы мен кәсіби әл-ауқатының мүддесі мақсатында мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру үшін жаңа мақсаттарды алға қоюға.
  • Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады
  • Барлық балалар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз, кедергісіз заттық-кеңістіктік ортаны жобалауға қабілетті болады
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие-білім беру үрдісін ұйымдастыру және басқару дағдыларын, менеджмент негіздерін, қаржылық сауаттылықты және мектепке дейінгі білім беруді дамыту саласындағы кәсіпкерлік дағдыларды меңгеру
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісін жақсарту үшін мониторингті жүргізіп, нәтижелерін талдауға қабілетті болады
  • Цифрлық, озық инновациялық тәжірибені, жасанды интеллект пен мектепке дейінгі білім беру технологияларын ескере отырып, әртүрлі ресурстарды пайдаланып, балалардың ұйымдасқан іс-әрекетін жүзеге асыруға, бағалауға және дамытуға қабілетті болып табылады
  • Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру туралы негізгі білімдері мен түсініктерін қолданады және олардың өмірлік мазмұнын ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатына этикалық қолдау көрсете алады
  • Педагогикалық әдеп нормалары мен академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, жергілікті, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде мектепке дейінгі білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше және ұжымда жүргізуге қабілетті болады
  • Ата-аналармен және педагогикалық қауымдастықпен ынтымақтастықта бірлесіп жасалатын жұмыс аясында жағымды ортаны құру үшін эмоционалдық интеллект пен көшбасшылық дағдыларды дамытуға қабілетті болады
Top