Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02209 Шығыстану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Шығыс тілдерін, әлеуметтік-саяси процестерді сыни талдау дағдыларын меңгерген және Шығыс елдеріне қатысты кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында алған іргелі білімдерін іс жүзінде қолдана алатын шығыстану бакалаврларын даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B135 Шығыстану
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Шығыс тілінің бастапқы деңгейі (А1) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Классикалық және қазіргі заман шығыстану
Кәсіпкерлік және бизнес
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Ғылыми-зерттеу негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Оқитын елдің тілі (А1) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Оқитын елдің тілі (А2) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Шығыс тілінің бастапқы деңгейі (А2) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
-
2 Оқу жылы
Оқитын елдің тілі (B1) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Шығыс елдерінің географиялық ерекшелектері
Корейтану/ жапонтану / қытайтану / ирантану / арабтану негіздері
Шығыс мәдениеті
Шығыстың классикалық мұралары
Шығыс тілінің жалғастырушы деңгейі (B1) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Корейтану/ жапонтану / қытайтану / ирантану / арабтану өзекті мәселелері
Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс өркениеттері
Оқитын елдің тілі (B2) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Лингвомәдениеттану (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Шығыс тілінің жалғастырушы деңгейі (B2) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Оқытылатын елдің тарихы: ежелгі және орта ғасырлар (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Лингвоелтану (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Оқитын елдің әдеби мұралары (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Оқитын елдің рухани құндылықтары (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
-
3 Оқу жылы
Шығыс тіліндерінде іс-қағаздар жүргізу (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Әлемдік сауда-экономикалық қатынастар құрылымындағы Шығыс (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Оқитын елдің қоғамдық дамуы (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Екінші шығыс тілі: оқу және жазу (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Шығыс елдерінің медиадискурсы (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Шығыс елдерінің жалпы тарихы
Оқытылатын елдің тарихы: жаңа және қазіргі заман (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Екінші шығыс тілі (А1) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Мәдениетаралық байланыс теориясы мен практикасы
Оқитын елдің саяси жүйесі (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Екінші шығыс тілі: тыңдау және сөйлесу (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Нормативтік-құқықтық мәтіндер (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Екінші шығыс тілі (А2) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Оқитын елдің бизнес және қаржы тілі (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
-
4 Оқу жылы
Кәсіби қарым-қатынастағы шығыс тілі (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Аударма теориясы мен практикасы (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Екінші шығыс тілі: мәтіндермен жұмысы (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Екінші шығыс тілі (B1, B2) (корей, жапон, қытай, парсы, араб)
Шығыстағы дипломатиялық әдеп (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Шығыс елдері халықаралық қатынастарының тарихы
Оқитын ел тіліндегі қоғамдық-саяси мәтіндерді талдау (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Шығыстағы қақтығыстар мен қауіпсіздік
Оқитын елдің сыртқы саясаты (Корея, Жапония, Қытай, Иран, aраб елдері)
Шығыс елдерінің сыртқы саяси стратегияларындағы халықаралық ұйымдардың орны мен рөлі (Корея, Жапония, Қытай, Иран, араб елдері)
Қазіргі Шығыс елдеріндегі интеграция мен жаһандану
Шығыс елдері халықаралық қатынастарының теориясы
Оқыту нәтижелері
- Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникацияға кіру, аудармаларды жасау, қазақ, орыс және шет (ағылшын тілі) тілдеріндегі ақпарат алу және құрылымдау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
- Дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін философиялық білім мен ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау. Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Сыбайлас жемқорлықтың мәнін және оның шығу себептерін, құқық бұзушылықтар үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілік шараларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы білу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру, мүдделер қақтығысы жағдайында әрекет ету, еларалық және Ұлттық әдістемелерді пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейін өлшеу, мүдделер қақтығысы мен моральдық таңдау жағдайларын талдау. Құқықтық және қаржылық сауаттылықты білу.
- Шығыс елдерінің сыртқы саясаты, халықаралық қатынастар саласында теорияны біліп, аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын меңгеру, дипломатиялық этика ережелерін білу, Шығыс елдерінің қоғамдық даму үдерістері мен маңызды әлеуметтік мәселелерді болжау және талдау дағдыларын қолдану, халықаралық ортада кәсіби қызметті жүзеге асыру, халықаралық сипаттағы құжаттарды рәсімдей білу.
- Ана тілінде және шығыс тілдерінде материалдар мен мәтіндерді өз бетінше табу, таңдау және бағалау және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелерін рәсімдеу. Зияткерлік, мәдени, адамгершілік және жалпы кәсіби өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің перспективалық бағыттарын құру және жүзеге асыру.
- Шығыс туралы ақпаратты түсіну, ұсыну және талдау дағдыларын меңгеру, Шығыс елдерінің мәдени, әдеби, тарихи, қоғамдық, әлеуметтік-саяси, географиялық, сауда-экономикалық ерекшеліктерінің негіздерін білімін кәсіби қызметте қолдану.
- Шығыс тілдерінің теориялық негіздері, Шығыс елдеріндегі әдеби және мәдени дәстүрлер, соның ішінде іс қағаздарын жүргізу, қаржы, медиа және бизнес салаларының құрылымы және нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұны туралы жалпы түсініктерді пайдалану. Оқытылатын тілдегі мәтіндердің нормативтік-құқықтық құжаттарын жинау, түсіндіру және талдау мақсатында ЖИ қолдану.
- Еркін кәсіби және ғылыми қарым-қатынас жасау, әртүрлі сипаттағы мәтіндердің ауызша және жазбаша аудару, сөйлеу этикетінің нормаларына сәйкес шығыс тілінде ғылыми және ресми іскерлік құжаттарды құрастыру үшін шығыс тілдерін білу.
- Отандық және шетелдік шығыстанушылардың ғылыми еңбектері, классикалық және қазір заманғы шығыстану тарихнамасы туралы терең әрі іргелі білімін көрсету; Шығыс елдерінің тарихи жазба ескерткіштері және дереккөздерімен жұмыс істеу.