Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M05210 Гидрология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Гидрология бағытындағы мамандарды толығымен жұмыспен қамтамасыздандырылу мүмкіндігі мен жоғары оқу орнынан кейінгі тәуелсіз ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық кәсіби қызметке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін олардың гидрология, су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласында жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алатын бәсекелік қабілеттілікке сай кадрлар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M085 Гидрология
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M052 Қоршаған орта
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жоғары мектептің педагогикасы
Жоғарғы мектепте гидрологияны оқыту әдістемесі
Ғылыми зерттеулерді жобалау және ұйымдастыру
Ғаламдық және аймақтық гидрология
Су экожүйесін басқару негіздері
Су ресурстарын кешенді пайдалану
Су шаруашылығының экологиясы және экономикасы
Басқару психологиясы
Ғылым тарихы мен философиясы
Гидрологиядағы сандық әдістер
Өзеннің қысқы режимі
Климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын қорғау және бағалау
Су нысандарының қысқы режимінің мониторингі
Жер беті су ресурстарына антропогендік әсерді бағалау
Шет тілі (кәсіби)
-
2 Оқу жылы
Гидрологиялық процестер мен құбылыстарды модельдеуді геоақпараттық қамтамасыз ету
Баламалы бақылау деректері негізінде гидрологиялық модельдеу
Сутұтыну мен субұрудың жер асты су ресурстарына әсері
ГАЖ негізінде өзен ағындысын болжамдау
Табиғат құбылыстарын модельдеу және болжау
Жер асты суларының ресурстары және сапасы
Траншекаралық өзендердің су ресурстары (жетілдірілген курс)
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалану
- Қолданыстағы оқыту әдістерін талдай білу, тиімді педагогикалық технологияларды, коммуникациялық дағдыларды анықтау және дамыту, оларды кәсіби қызметке қолдану; студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
- Өзен режимінің қалыптасуының аймақтық және жалпы заңдылықтарын, ағындардағы циклдік ауытқуларды және оны анықтайтын факторларды анықтау.
- Су ресурстарын орнықты дамытуды қамтамасызету мақсатында оны ұтымды пайдалану, қорғау және қалпына келтірудің заманауи ғылыми негізделген стратегияларын қолдану.
- Қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылы кездерінде жер үсті су ресурстарының өзгеруін бағалау әдістемесін талдау және игеру.
- Су ресурстарының жай-күйін талдай білу және климаттың өзгеруі жағдайындағы су ресурстарына антропогендік қысымдардың өзгеру әсерін есептеу, сонымен қатар кәсіби гидрологиялық мәселелерді шешуде заманауи климаттық модельдерді қолдану.
- Су шаруашылығы кешенінің су тұтыну режимін қанағаттандыру кезінде жер үсті су ресурстарының қолжетімділігін анықтау әдістемесін талдау және зерттеу, гидрологиялық бақылауларды әдістемелік қамтамасыз ету дағдыларына ие болу.
- Қысқы кезеңдегі ағындарды есепке алу үшін өзендердің қысқы режимінің параметрлерін анықтауда алған шеберліктерін іс жүзінде қолдана білу және өзендердің мұздық режимі кезінде ағынды есептеу әдістерін қолданудың тиімділігін бағалау; болжамдар, ескертулер, анықтамалар жасау және тұтынушыларға жедел қызмет көрсету.
- Жер асты сулары сапасының өзгеруін және оларды су шаруашылығысаласында пайдалану мүмкіндігін талдау.
- Алынған дағдыларды ғылыми зерттеулерде, талдау мен өңдеуде қолдана білу, сонымен қатар оларды ғылыми және техникалық бағытта үлгілеу; студенттер арасында таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету.
- гидрологиялық зерттеулерде қолданылатын геоақпараттық жүйелер саласындағы жаңа бағдарламалар мен техникалық құралдар бойынша зерттеулер жүргізу; гидрологиялық мәселелерді шешуге арналған ГАЖ технологияларының жеке құралдары; төтенше гидрологиялық оқиғаларды болжау үшін пайдаланылатын Жасанды интеллект алгоритмдерін жасау.
- Накты практикалық міндеттерді шешуде су ресурстарының өзгеру динамикасын, модельдеуін және болжауын зерттеу үшін заманауи тәсілдер мен технологияларды, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану.