Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01604 Тарих в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазу барысында ғылыми этика нормаларын сақтай отырып, академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа алады және халықаралық ғылыми дерекқорлар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланады.
  • Өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді жоспарлап және іске асырып, ғылыми зерттеулердің ұлттық және халықаралық жарияланымдарының жағдайы туралы білімді пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді сандық және сапалық әдістермен өңдейді және бағалайды
  • Зерттеу бағытына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы алынған зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ғылыми негізделген қағидалар ұсынады, ғылыми еңбектерді әзірлейді және ғылыми қауымдастық алдында қорғайды.
  • Тарихи процестерді, оқиғалар мен құбылыстарды зерттеуде ғылыми тұжырымдар мен көзқарастарды сыни тұрғыдан талдау арқылы қолданады
  • Тарих ғылымының қазіргі заманғы теориялық-методологиялық негіздерін қолдана отырып, зерттеуге қатысты стратегиялық шешімдер әзірлейді
  • Көшбасшылық қабілеттерін, кәсіби дағдылары мен тұлғалық қасиеттерін дамыта отырып, ғылыми-педагогикалық құзіреттерін іске асырады
Top