7M02210 Тарих в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қызмет саласында кәсіби құзіреттерге ие, инновациялық және пәнаралық әдістерді меңгерген, ғылыми-зерттеуді жүзеге асыра алатын, бәсекеге қабілетті гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Оңтүстік өңірдегі әлеуметтік-экономикалық модернизация және 1920-1950 жж. саяси-қуғын сүргін
Пән мазмұнында Қазақстанның оңтүстігіндегі кеңестік биліктің модернизациялық процестер ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы қуғын-сүргін саясатының аясында қарастырылады. Кеңестік биліктің жүргізген саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларына қатысты қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар модернизация теориясының әдіс-тәсілдерімен талданады және бағаланады. Білім алушы дәстүрлі қоғамдық институттардың әлеуетін жою немесе жаңғыртудағы модернизациялық процестердің арақатынастары саяси қуғын-сүргіннің салдарлары арқылы жүйелейді, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тарихи түркітану мәселелері
Түркі халықтарының этногенезі, лингвистикалық, антропологиялық және мәдени даму ерекшеліктері, отандық және шетелдік тарихи түркітанудың негізгі бастаулары, бүгінгі жетістіктері мен бағыттары, перспективалары талданады. Магистрант этнографиялық, археологиялық және антропологиялық деректер мен тарихи ақпараттарды іздеу, өңдеу, жүйелеу процесін дербес ұйымдастырады, рухани құндылықтардың заманауи даму парадигмасындағы түркі әлемі тұжырымдамасының ерекшеліктеріне баға береді, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары тарихын зерттеу мәселелері (ХVІІ-ХХІ ғғ.)
Курс мазмұнында қос мемлекеттің тарихи байланыстарының бастауы болған тарихи оқиғалар, дәстүрлі байланыстарды қалпына келтіру мақсатымен жалпы саяси, мәдени байланыстар көлемінде орнатылған қатынастар жаңа ғылыми көзқарастар тұрғысынан талданады. Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан стратегиялық әріптестік пен достық қарым-қатынастар, мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ақпарат құралдары мен баспасөз, діни-рухани байланыстар мен ресми мемлекетаралық қатынастар зерттеледі
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады. Қазіргі ғылым философиясының даму тенденцияларын, заңдылықтарын, негізгі принциптерін, ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлерін талдайды. Магистрант ғылым тарихы мен философиясын терең түсінуіне негізделген пәнаралық дүниетанымын кеңейте отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті әдістемелік аппаратты қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Интеграциялық процестер: негізгі теориялық және әдіснамалық тәсілдер
Пән мақсаты: Интеграциялық процестердің мәні туралы заманауи теориялық және әдіснамалық идеяларды зерделеуде, оларды зерттеудің негізгі тұжырымдамалары мен тәсілдерін, сондай-ақ осы саладағы негізгі проблемалар мен қайшылықтарды сыни талдау. Магистрант интеграция теорияларын қазіргі әлемдегі нақты процестермен салыстыра отырып, әлемдегі интеграцияның негізгі теориялары мен сын-қатерлерін болжайды. Алған білімдерін кәсіби деңгейде қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері
Курс мазмұнында тарихи зерттеудің теориялық және әдіснамалық принциптері негізінде отандық тарихтың іргелі проблемалары мен өзекті мәселелері талданады. Магистрант ұлттық тарихтың өзекті мәселелері бойынша деректанулық және тарихнамалық зерттеулерді, тарих контекстінде шетелдік және отандық ғылыми мектептердің тұжырымдамаларын зерделейді, отандық тарихты зерттеудегі дәстүрдің рөлін, ұлттық-мәдени және рухани құндылықтардың интеграциялану процестерін бағалайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық дамуы
Курс мазмұнында тәуелсіз Қазақстан жағдайында көші-қон саясатының өзекті мәселелері туралы ғылыми тұжырымдар, қазіргі демографиялық үдерістердің даму ерекшеліктері мен әдіснамалық мәселелері, халық санағының негізгі статистикалық көрсеткіштері талданады, даму перспективаларына болжам жасалады. Магистрант демографиялық саясаттың теориясы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайын пәнаралық білімдер негізінде жүйелейді, Қазақстан халқының нәсілдік, тілдік, этникалық, діни құрамын зерттейді, демографиялық және көші-қон процестерін зерттеу әдістерін қолданады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ зиялыларының тарихы мен тағдыры (ХІХ ғасыр соңы-ХХ ғ. бірінші жартысы)
ХІХ ғасыр соңы - ХХ ғ. бірінші жартысындағы ұлт зиялыларының өмірі мен қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі өзекті мәселелері, Алаш зиялыларының ұлтты біріктіру идеясы мен мемлекетшілдік көзқарастары талданады. Қазақ интеллигенциясының тарихи тағдыры мен мұралары, қазақ халқының бірегейлігін сақтап қалу жолындағы күресі зерделеніп, тарихи тұлғалардың ұлттық тарихтағы рөлі мен орнына обективті түрде ғылыми тұрғыда баға береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тарих ғылымын оқыту әдістері және пәнаралық зерттеулер
Пән тарих ғылымын оқытудың әдістемелік негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияларды қамтиды. Магистранттар пәнаралық зерттеулердің теориялық қағидаттары мен әдістерін меңгеріп, тарихи білім берудің заманауи тәсілдерін талдайды. Сонымен қатар, зерттеу және оқыту үдерісінде оларды тиімді пайдалануға қажетті кәсіби дағдыларды дамыта отырып, жоғары оқу орындарында тарихты оқытуға бағытталған педагогикалық құзыреттерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері
Пән қазіргі деректану мен тарихи танымның теориялық негіздерін, ерекшеліктерін, тарихи деректер мен тарихи зерттеулерді сыныптау мәселелерін, жаңа бағыттарын тарихнаманың зерттеу әдістері мен принциптерін, қолдану тәсілдерін талдайды. Тарихи факт, тарихнамалық заңдылық, тарихи зерттеудің құралы ретіндегі деректанудың рөлі, тарихи ғылыми танымның үздік методологиясы сипатталады. Теориялық білімді іс жүзінде қолдана білуге үйретеді және пәнаралық білімді біріктіреді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас
Пән мазмұнында ежелгі дүние кезеңінен қазіргі заманға дейінгі әлем тарихының іргелі мәселерін зерттеудің жаңа концептулдық тұжырымдары талданады. Тарихи дерек көздерін саралау арқылы ежелгі дүние қоғамының, феодалдық өркениеттің, жаңа және қазіргі заманғы түрлі қоғамдардың тарихи даму заңдылықтары меңгеріледі және салыстырмалы түрде бағаланады. Сонымен қатар, түрлі тарихи кезеңдердің іргелі мәселерін зерттеудегі ғалымдардың ұстанымдары мен тұжырымдарын өз зерттеулерінде қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Орталық Азиядағы этносаяси процестер (ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басы)
Курс мазмұнында тарихи даму барысында аймақтағы этностардың этнотерриториясы мен мемлекеттілігі мәселелері, этносаяси, этномәдени және конфессияаралық үдерістері, әулеттік басқару, дәстүрлі мәдениеттің өркендеуінде түрлі компоненттерінің өзгеруі және этникалық процестердің түрлері қарастырылады. Сонымен қатар, этникалық қоғамның өзгеруінде саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысын, өзгерістерге әсер ететін негізгі фактор түрлерін, мемлекет ішінде этносаралық қатынастарды реттеу жолдары талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
- Пәнаралық тәсіл негізінде ұлттық, аймақтық және халықаралық тарих контексттеріндегі тұжырымдамалар мен ғылыми мектептердің теориялық-методологиялық ерекшеліктерін талдап, оларды зерттеу мен оқыту үдерісінде тиімді қолданады
- Пәнаралық байланыстар тоғысында гуманитарлық пәндерді оқытудың заманауи әдістері мен әдістемесін қолданады
- Тарихнама мен деректану ұстанымдарына сай зерттеу нысанын ғылыми модельдеу арқылы тарихи тенденциялардың даму перспективаларына болжам жасайды
- Түркі тілдес халықтардың этносаяси тарихында ұлттық-мәдени және рухани құндылықтардың интеграциялану процестерін талдайды
- Өз қабілеті мен мүддесін қоғам сұранысымен үйлестіре отырып, жаңа ортада білімін кәсіби деңгейде қолданады