Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01505 Информатика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тұтас жүйе ретінде қоғам және адам туралы білімді, Қазақстан құқықтарының негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімдерді, әртүрлі қаржылық құралдарды пайдалану дағдыларын қолданады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсері туралы түсінігі бар.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді, кәсіби қызметінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолданады; академиялық жазу дағдыларын қолданады; білім алушылар контингентінің әртүрлілігін ескере отырып, кәсіби қызметтің мәні мен ерекшелігін түсінеді, барлық санаттағы білім алушылар үшін білім беру ортасын ұтымды бейімдеуге және әмбебап оқыту дизайнын жасауға зерттеу және цифрлық дағдыларын қолданады. Білім беруді дамытудың стратегиялық құжаттарын біледі, кәсіби қызметінде рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дамытады.
  • Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жүзеге асырады; ұлттық бірегейлікті тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдайлар жасайды; тәрбие жұмысының әдістерін, психологиялық-педагогикалық технологияларды, оқытудың инновациялық әдістерін меңгереді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескереді. Педагогикалық қызметте жасанды интеллект технологиялары мен құралдарын қолданады.
  • Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен бағалаудың тиісті әдістерін таңдайды. Оқу-әдістемелік материалдарды жоспарлайды және әзірлейді, информатика, цифрлық сауаттылық және робототехника бойынша оқыту әдістемесін қолданады; білім алушыларды критериалды бағалау жүйесін әзірлейді және қолданады, білім алушылардың үлгеріміне мониторингті жүзеге асырады; білім алушылардың зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастырады және басқарады; білім берудегі ғылыми зерттеу, көшбасшылық және командалық жұмыс әдістерін меңгереді.
  • Ағылшын тіліндегі ауызша және жазбаша кәсіптік-бағдарланған мәтіндердің функционалдық ерекшеліктерін түсінеді, кәсіптік-бағдарланған аударма және академиялық жазу техникасын меңгереді; тиімді коммуникацияны жүзеге асыру үшін білім алушылардың тілдік құзыреттерін дамытады; мектепте информатиканы оқыту үшін CLIL-технологияны пайдаланады.
  • Сандық сәйкестікті басқарады және цифрлық этикетті сақтайды. Тұлғаға бағытталған, цифрлық, қашықтықтан, инновациялық, тәжірибеге бағдарланған, проблемалық-бағдарланған технологияларды, ЖИ (AI), информатиканы оқыту мен білім берудегі Smart-және Steam–технологияларын, оның ішінде ағылшын тілінде меңгереді.
  • Практикаға бағдарланған есептерді шешу үшін жоғары математика, физика әдістерін қолданады; информатика бойынша олимпиадалық есептерді шешеді; математика, физика және информатикадағы фактілер мен құбылыстар арасындағы күрделі тәуелділіктер туралы білім мен түсінікті қолданады.
  • Роботтардың түрлері және оларды қолдану саласы туралы түсінігі бар, әртүрлі даму орталарында робот модельдерін жобалау және бағдарламалау технологияларын меңгереді.
  • Ақпараттық үдерістер мен жүйелер, информатика негіздері туралы түсінігі бар, ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру тәсілдерін меңгереді, алгоритмдер мен олардың қасиеттері туралы түсінігі бар, заманауи бағдарламалау технологияларын қолдана отырып, алгоритмдерді таңдаудың және қолданбалы есептерді шешудің әдістерін меңгереді, реляциялық деректер базаларын жобалау және әзірлеу әдістерін игерген, білім алушылардың логикалық, алгоритмдік және есептік ойлауын дамыту әдістерін қолданады.
  • Деректер типтері мен құрылымдары, BigData, ЖИ, Машиналық оқыту әдістері, нейрондық желілер туралы түсініктері бар; үлкен деректерді талдау және өңдеу әдістерін (BigData) меңгереді.
  • Есептеу жүйелері мен желілер архитектурасының компоненттерін талдайды, коммуникациялық жабдықтарын қолдана отырып компьютерлік желілерді жобалайды және конфигурациялайды; деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік пен криптология әдістерін қолданады.
  • Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы Web және мобильді қосымшаларды, компьютерлік графиканы, бейне және аудио ақпаратты жобалау, жобалау және әзірлеу технологияларын пайдаланады.
  • Модельдеу әдістері туралы түсінігі бар, мультимедиялық өңдеу әдістерін, математикалық және компьютерлік модельдеу құралдарын, 3D модельдеу технологияларын, виртуалды және толықтырылған шындықты біледі.
Top