Жаңа білім беру бағдарламасы

7M05203 География в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • заманауи педагогикалық технологияларды меңгерген және оларды білім беру мекемелерінің теориясы мен тәжірибесінде қолданады;
  • дүниежүзі елдері мен аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін талдайды, бәсекеге қабілеттіліктің параметрлерін, индикаторларын және интегралдық көрсеткіштерін анықтай алады;
  • OpenSource, ArcGIS, Post GIS және т.б. сияқты ГАЖ қазіргі бағдарламалар мен технологияларды қолданады, ГАЖ бағдарламаларында жобалау және әдістерді талдайды;
  • ғылыми жоспарлау және зерттеу әдістерін меңгерген; табиғатты ұтымды пайдалану және тұрақты дамудың өзекті міндеттерін шеше алады;
  • қоршаған ортадағы, қазіргі геоэкономикалық және геосаяси процестерді талдайды; дүниежүзі жекелеген елдер мен аймақтардың шаруашылық құрылымындағы өзгерістерді бағалайды;
  • өзінің кәсіби құзыреттілігі саласындағы міндеттерді шешеді; географиялық ортаның қызмет атқаруына әсер етуші факторларды анықтайды;
  • жобаларды басқарудың қазіргі әдіснамаларын, ғылыми жоба жоспарының негізгі бөлімдерін құрастыру дағдыларын қолданады;
  • географиялық орта және оның құрамбөліктерінің қалыптасуы процестері туралы білімді меңгереді; Жердің қалыптасуы туралы мәселелерді өз көзқарас тұрғысынан түсіндіреді және баяндайды, Жердің географиялық заңдылықтарының себептері мен салдарларын түсіндіреді және түсінеді, алынған білімді кәсіби қызметте қолданады;
  • заманауи білім беру парадигмасына сәйкес педагогикалық ғылымның даму бағыттары мен жаңа концептуалды идеяларды интерпретациялайды;
  • ғылыми ойлау мен дүниетанымды қалыптастырады және дамытады; мақалаларды, баяндамаларды және диссертацияларды жариялау түрінде зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін қалыптастырады;
  • шет тілін өзінің кәсіби қызметінде пайдаланады;
  • психологиялық басқару қызметінің заңдылықтарын тәжірибеде меңгереді және қолданады.
Top