Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01611 Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тарих құбылысына ғылыми көзқараспен қарайтын, ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және сараптамалық жұмыстармен айналысуға қабілетті, сапалы білім беру мазмұнын құруға және оқу процесін ұйымдастыруға қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M016 Тарих педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ежелгі және ортағасырлық тарихтың деректану және тарихнамасы
Қазақ хандығының сыртқы саясаты
Ғылым тарихы мен философиясы
Шет тілі (кәсіби)
Қазақстанның археологиясы мен антропологиясы
Қазақстан тарихын зерттеудің әдіснамасы
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Қазақстан парсы және шағатай деректерінде
Қазақстанның тарихи географиясы
Түркі-моңғол мемлекеттерінің тарихы
Педагог имиджін қалыптастыру психологиясы
ЖОО-да тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі
Орта ғасырлардағы ғылым мен мәдениет
Магистрлік диссертация дайындаудың әдістемесі
Оқыту нәтижелері
- ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін, этнодемографиялық және миграциялық процесстердің тарихи, экономикалық және құқықтық даму логикасын көрсете алады.
- шетел тілін білетінін және түсінетінін көрсете алады, мамандыққа қатысты шет тіліндегі әдебиетті оқу, жазба түсіру бойынша білігі мен дағдысын тәжірибеде қолдана алады, академиялық жазу және шет тілінде ауызша қарым-қатынас жасау дағдысын меңгереді.
- заманауи педагогикалық антропология, психология саласындағы білімді игереді, кәсіби білікті педагогтар тәжірибесін зерделеу, тарату және қолдану білігі мен дағдысын меңгереді, басқару процесінің психологиялық заңдылықтарын біледі.
- педагогикалық интеграция теориясы, тарихи пәндерді оқыту әдістемесі, педагогикалық жобалау және тарихи білім беруде медиа-контенттерді қолдану бойынша біліктерді меңгереді, педагогикалық мәселелерді шешуде түрлі пәндерден алған білімдерін пайдалану, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу дағдыларын меңгереді.
- педагогикалық қызметті жүргізуге жоғары құлшыныспен кіріседі және өз бетімен білімін жетілдіруге, өзін-өзі тануға тырысады.
- ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихи дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге, олардың себеп-салдарлық байланыстарына талдау жасайды, әдіснамалық тәсілдерді, принциптерді меңгереді және ғылыми-зерттеу жұмысында жалпы ғылыми және арнаулы тарихи әдістерді қолданады.
- жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін ұлттық ерекшеліктер негізінде тануды меңгереді, өз халқының мәдениетін және әлем мәдениетінің алуан түрлілігін бағалайды, рухани келісім және төзімділік идеяларын құрметтейді.
- оқу және тәрбие процесстерін ұйымдастырады, педагогикалық процессті жоспарлайды және басқарады, педагогикалық қызмет қорытындыларына диагностика жасайды, болжау және түзету дағдыларын меңгереді.
- басшылық және көшбасшылық қабілеттерді қалыптастырады: сыни ойлау, шығармашылық ұстаным, инновациялық тәсілдерді жасақтау және түрлі жағдайларда шешім қабылдай алу дағдыларын меңгереді.
- тарихи деректермен жұмыс әдістерін, тәсілдерін қолданады, ғылыми зерттеуде мұрағаттық-ақпараттық технологияларды пайдаланады, түрлі тарихнамалық мектептер концепцияларын сыни тұрғыда қарастырады, шетел тарихнамасы теорияларын меңгереді.