Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B08402 Аквакультура және судың биологиялық ресурстары в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Аквакультурада, жасанды балық өсіру және су биологиялық ресурстары саласында жоғары сапалы деңгейде теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B080 Балық шаруашылығы
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B084 Балық шаруашылығы
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жануарлар мен су өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі
Экология және тұрақты даму
Зоология
Жасанды интеллект негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
-
2 Оқу жылы
Биохимия
Балық физиологиясы
Гидрохимия
Гидробиология
Қазақстан суқоймаларының зоогеографиясы
Экономика
Қаржылық сауаттылық негіздері
Кәсіпкерлік
Аквакультура
Балық генетикасы
Азаматтық құқық
Ихтиология
-
3 Оқу жылы
Санитарлық гидробиология
Балық систематикасы
Балық селекциясы
Балық шаруашылығының зерттеу әдістері
Балықты шаруашылығындағы сұрыптау
Қазақстандағы ихтиологиялық зерттеулердің тарихы
Ихтиопатология
Жеке ихтиология
Әсемдік балық шаруашылығы
Аквариумда балық өсіру технологиясы
Су айдындарының токсикологиясы
Биометрия
Балық шаруашылығы саласының гидротехникалық құрылымдары
Аграрлық экономика
Балық аулау
Балық шаруашылық гидротехникасы
Биостатистика
-
4 Оқу жылы
Балық өнімдерінің сапасын бағалау әдістері
Балық шаруашылығындағы заңнама негіздері
Су биоресурстарының жағдайын бағалау
Аквакультура технологиялары және құрал-жабдықтар
Балық қорын қалыптастыру теориясы
Су биоресурстарын қорғау
Балық шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы
Шарбақтық балық шаруашылығы
Табиғи балық қорын молайту
Тоған және индустриялық балық шаруашылығы
Фермерлік балық өсіру
Аквакультурадағы балық қорегі және қоректенуі
Гидробионттарды өсіру технологиясы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ихтиофауна және гидробиология объектілерінің құрамының таксономиясы мен алуантүрлілігін анықтауға қабілетті, балықтардың жеке дамуы бойынша білімді қолданады, гидробионттарды зерттеудің заманауи ихтиологиялық және гидробиологиялық, гистологиялық және гидрохимиялық әдістемелерін, балық популяциясы мен су омыртқасыз жануарлар қауымдастықтарының биологиялық жағдайын бағалау және талдау үшін пайдалану.
- Ғылыми зерттеулердің әдістерін білу және балықтарға морфологиялық және биологиялық талдау жүргізу ерекшеліктерін салыстыру, жүргізілген зерттеулерді статистикалық өңдеу, алынған нәтижелерді талдау.
- Гидробионттардың тіршілік формаларын, жануарлар әлемінің систематикасындағы балықтардың жүйелі жағдайын, балықтардың морфологиясын, экологиясын және анатомиясын Қазақстан балықтарының биологиясын ажырата білу. Су өсімдіктерінің түрлерінің әртүрлілігін, жүйесін, құрылымын білу.
- Су организмдерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарына, теңіз және континенттік су қоймаларындағы гидробионттардың экологиялық топтарына; табиғи сулардың ерекшеліктерін, олардың өзара әрекеттесуі мен процестеріне; табиғи сулардың химиялық, құрамына, олардың өзгеру заңдылықтарына сипаттама беру. Микроорганизмдердің құрлысы, физиологиясы, биохимиясының рөлі. Биологиялық объектілерге қолданылатын жаппай құбылыстарды статистикалық талдаудың математикалық әдістерін қолдану. Барлық деңгейлерде тірі табиғаттың физикалық аспектілерін білу.
- Инвазиялық аурулардағы балықтардың патоморфологиялық диагностикасы мен ветеринариялық-санитариялық сараптамасына байланысты экспериментті дәлелдеу.
- Балықтарды өсіру және азықтандыру, балықтарды өңдеуге арналған емдік-профилактикалық ерітінділердің құрамы мен концентрациясына байланысты білім мен түсініктерді қолдану.
- Тұйық сумен жабдықтау (ТСЖ) қондырғыларында балық өсірудің неғұрлым тиімді әдістерін, ТСЖ пайдалану практикасын, белгілі бір жеке жағдайлар үшін акваөсіру объектісін бағалау.
- Аквакультурадағы балық санының динамикасын, балық популяциясының жас, өлшем және жыныстық құрылымын зерттеудің теориялық әдістерін әзірлеу.
- Аквакультура, балық аулау және су биоресурстарын сақтау саласындағы заңнамалық базаға білімі мен нәтижелерін көрсету, әсемдік балық түрлерін, балықтарды қолдан өсіру мен көбейту әдістерін, балықтардың мінез – құлықтарын білу. Балық қорын қорғаудың жалпы принциптерін, әсер ету факторларын, биоәртүрлілікті сақтау, балықты өңдеу мәселелерін білу.
- Кәсіпорындар мен еңбек ұйымдарында жұмыс істейтіндердің еңбек қауіпсіздігін, аквакультура саласында қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бойынша теориялық және практикалық білімді қолдану және әдістерді бағалау.
- Су айдынының азық базасын, құрама жемді, балыққа арналған жем рецептурасын, балық өнімдерін өндіру технологиясы бойынша деректерді тексеру.
- Жаратылыстану - ғылыми пәндер мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы базалық негіздерді, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық және экономикалық мәдениеттің құрылымы мен функцияларын түсіну, ғылыми зерттеулердің негізін, АИ негізгі түсініктерін және қаржылық сауаттылық негіздерін білу және оларды оқытылатын салада қолдану.
- Гидробионттарды жасанды түрде өсіру және көбетуде, қарқынды балық шаруашылығының нысандарында, балықты өсірудің индустриялық әдістерінде және аквариумда балық өсіруде заманауи технологияларды кәсіби деңгейде қолдану.