6B02228 Дінтану в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи еңбек нарығының және жұмыс берушілердің сұранысына жауап беретін Қазақстандағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және дінтанулық ағарту жұмыстарын іске асыру мақсатында дінтану бойынша толыққанды, сапалы кәсіптік білім мен кәсіби құзыретті түлектерді дайындау;
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 260
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B033 Дінтану және теология
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Діни философия
Пән әртүрлі діни-философиялық ілімдер мен жүйелер, олардың пайда болу тарихы, бір-бірімен өзара әрекеттесуі туралы объективті білімді қалыптастырады. Міндеттері: діни-философиялық ілімдердің негізгі тұжырымдамаларын, "дүниетаным" ұғымының мазмұнын білу, философиялық ұғымдарды міндеттер мен проблемалық сипаттағы нақты жағдайлармен байланыстыра білу, қоғам өміріндегі орнын түсіну. Курста діни аспектінің адамға әсерін талдау; фактілер мен құбылыстарды жүйелендіру арқылы ойлау құралдары мен тәсілдерін қолдану дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діндер тарихы І
Діндер тарихы І пәнінде діннің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі және оның адамзаттың өркениеттік дамуындағы орны, діни түсініктердің ерте кезеңдегі формасынан әлемдік деңгейге дейінгі қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Тарихта болған дiндердiң қазiргі таңда кездесу жағдаяттары мен формалары, діндердің тарихи және мифтік-аңыздық түрлерінің сақталу барысы туралы білімін қолданады. Атап айтқанда, Дін анықтамалары; Алғашқы қауымдық діни наным-сенімдер, «Үнді, Қытай және Жапон, Иудейлік секілді ұлттық діндер негіздері мен тарихы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дін негіздері
Пән дінтанудың мазмұны, объектісі, тақырыбы және әдіснамасы туралы білім қалыптастырады. Пәннің міндеттері: дінтану туралы түсінік беру, оның ғылыми білім жүйесіндегі орнын талдау; дінтану жүйесі және негізгі пәндер туралы түсінік беру; дінтану ғылымы мен дінтану білімінің тарихына қысқаша шолу жасау; әлемдегі және Қазақстандағы дінтану ғылымының қазіргі жай-күйіне қатысты білімін қолданады. Пәннің әдіснамалық негізін суреттеу және салыстыру тәсілдері құрайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Практикалық араб тілі І
Пәннің мақсаты: студенттердің араб тілін меңгеру барысында қарапайым грамматикалық ережелерді білуін, он етістік бабтарын қолдануын, тұрмыстық сөйлемдерді меңгеруін ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Діндер тарихы ІІ
Діндер тарихы ІІ пәнінде әлемдік және Ибраһимдік діндердің қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Әлемдік дiндердiң қазiргі таңдағы формалары, Тәңір, пайғамбар, қасиетті кітаптарға қатысты білімін қолданады. Атап айтқанда, Ислам дінінің дамуының тұтастығын сипаттайтын негізгі фактілерді, үдерістер мен құбылыстар туралы білім-танымдарын арнайы бір модульде қарастырады. Буддизм діні сенім негіздері мен шығу тарихы, Христиан діні негіздері мен тарихы, католицизм, православтық және протестант ағымдарының ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар қазіргі әлемдегі діни жағдай, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар мен бағыттар ерекшелігі оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Практикалық араб тілі ІІ
Пән араб тілінің грамматикалық ережелеріне сай теологиялық мәтіндерді оқып, аудару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент араб тілінің ережелеріне сай өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады, теологиялық мәтіндерді оқып, түсінеді. Араб тілінде жазылған діни еңбектерді түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дін социологиясы
Пән дiн мен қоғамның өзара әрекеттесу формалары мен әдісерін және діни секталардың пайда болуының әлеуметтік-саяси себептерін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент дін социологиясындағы негізгі ұғымдарды меңгере отырып, әртүрлі діни топтар мен ағымдардың қоғамдағы орны мен роліне әлеуметтік тұрғыдан талдау жасайды. Қоғамдағы дінаралық, этносаралық және конфессияаралық қақтығыстар бойынша алдын-алу шараларын ұсынады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дін психологиясы
Пән дін психологиясының қалыптасуы мен оның негізгі ерекшеліктерін, жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен мәнін және психологиямен тығыз байланысты тақырыптар мен салаларды қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент сопылық психологиясын, дін ауыстырудың психологиялық аспектілерін, жеке адамдағы жас ерекшелігіне қарай діни сезімдердің өзгеру сипатын меңгере отырып, қазақ халқының діни танымы мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Практикалық араб тілі ІІІ
Пән араб тілінің грамматикалық ережелеріне сай теологиялық мәтіндерді оқып, аудару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент араб тілінің ережелеріне сай өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады, Араб тілінде жазылған теологиялық мәтіндерді және діни еңбектерді түпнұсқа дереккөздерден оқып түсінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Практикалық араб тілі ІV
Пән араб тілінің грамматикалық ережелеріне сай классикалық діни мәтіндерді оқып, аудару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент классикалық діни және теологиялық мәтіндерді оқып, түсінеді. Араб тіліндегі сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктерін меңгеріп өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады. Шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дін феноменологиясы
Пән студенттерге дінтану пәндерінің негізгі проблематикасын түсіндіреді; оның қалыптасу және даму тарихымен, негізгі теорияларындағы жетістіктері және кемшіліктерімен таныстырады; феноменологиялық тұжырымдамаларды сыни талдау әдістемесін үйретеді; діни фактілерді дербес феноменологиялық талдау дағдысын қалыптастырады. Студенттер дін феноменологиясы тұрғысынан діни мәтіндерді талдау дағдыларын қолданады және кәсіби-тұлғалық қабілеттерін көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Дін философиясы
Пән дін философиясының анықтамасы, оның басқа ғылымдармен байланысы, дін мен философия арақатынасы және құдай, әлем, адам байланысы туралы білім беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент құдай болмысына қатысты дәлелдерді, атеизм, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық категорияларын, теодиция түсінігін және дін, ғылым, ахлақ және қоршаған орта байланысын философиялық тұрғыдан зерделеуді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Ханафи мазхабы негіздері
Пән ислам дінінің ерекшеліктерін ханафилік мазхабы аясында түсіндіруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы исламдағы сенім мәселелерін, ислам шарттарын, құран мен сүннет, исламдағы бес парызбен ғибадаттар және оның пайдаларын ғылыми негіздер бойынша үйреніп, исламның негізгі қайнар көздері мен ұстанымдарын ханафилік мазхабы негізінде меңгереді. Сонымен қатар Абу Ханифа өмір жолы мен негізгі тұжырымдарын, Ханафи мазхабының қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы турасында мәліметтерді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ислам философиясы
Пән исламда философиялық ұғымдардың қолданылу ауқымын, антика философиясымен салыстырылуын, философтардың географиялық-климаттық тұрғыда жіктелулерін, ислам ойшылдары мен олардың шығармаларын зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам философиясы тарихындағы маңызды өзгерістер мен концепцияларды біледі, әр кезеңдегі философиялық ойларды салыстырады және қазақ дін ойшылдарының философиялық көзқарастарына талдау жасап, өз ойын айта алу және оны күнделікті өмірде қолдану дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар
Пән мемлекеттегі конфессияаралық қатынастарда туындайтын мәселелерді заңнамалық тұрғыдан шешу жолдарын қарастырады. Курс барысында студенттер дін және адам құқығы, ар-ұждан және діни сенім бостандығы, діни бірлестіктер әрекетінің конституциялық-құқықтық негіздері, мемлекет және діни бірлестіктер, ҚР-ғы және шет елдердегі мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар, шет елдердің дін туралы заңнамалары, зайырлық қағидаты, конфессияаралық келісімді сақтау мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хадистану
Пәнде хадистердің дұрыстығы, олардың негізгі мән-мағынасын дұрыс түсіну, уақыт шарттарына қарай түсіндірілуі үшін қажетті әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Міндеттері: Ислам дінінің негізгі дереккөзінің бірі саналатын хадис ілімінің пайда болған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі дәуірлерін назарға ала отырып, тарихы мен әдістемесі жайлы студенттерге түсіндірме беру. Курста хадистердің мазмұндық тұрғыда жіктей алу дағдысы қалыптасады. Курсты оқыту барысында салыстыру және герменевтикалық тәсілдер қолданылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни толеранттылық негіздері
Пән әлем мен аймақтың конфессиялық бейнесі туралы түсініктерді кеңейту, діни толеранттылықты қалыптастыруға, толеранттылық саласындағы теориялық білімді игеруге, зерттеу объектісіндегі діни толеранттылықтың жай-күйін талдау және бағалау бойынша зияткерлік дағдыларды қалыптастырады. Студенттік ұжымдарда, әлеуметтік саланың басқа сегменттерінде діни шыдамдылықты қалыптастырудың практикалық дағдыларын игеру арқылы қоғамда діни тұрақтылық мәселелерін шешеді. Этносаралық, дінаралық, ұлтаралық шиеленістің өсіп келе жатқан деңгейі, төзбеушілік себептері түсіндіріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Пән қазіргі жаңа дәстүрлі емес діни қозғалыстардың тарихы мен діни ілімдерін, олардың қоғам өміріндегі орнын қарастырады. Міндеттері: жаңа діни қозғалыстардың діндарлықтың әралуан нысандарындағы орнын анықтау және оларды жіктеу; жаңа діни қозғалыстардың пайда болу себептерін ашу; Қазақстанда жаңа діни қозғалыстардың ілімдері мен діни ғұрыптарын талдау арқылы ағарту жұмыстарын жүргізу; керітартпа дәстүрлі емес қозғалыстар мен оларға қарсы қозғалыстарды талдап, оңалту мәселелерін шешу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни ағымдар
Пән ерте және қазіргі заманғы діни ағымдардың тарихы мен ілімдері туралы түсінігін қалыптастырады. Пәнде діни ағымдардың әртүрлілігі мен жалпы ерекшеліктері туралы білім беру міндеті шешіледі. Қазіргі қоғамдағы ағымдардың дәстүрлі діннің конфессиясына, жалпы қоғамға әсері мен қауіптілігін түсіну және талдау арқылы сабақтарды әзірлеп, өткізу, діни ағымдар мәселелеріне қатысты "діни ағымдар мен топтар" феноменін анықтау мен салыстыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым және дін
Пән ғылым мен діннің өзара қарым-қатынасының тарихы мен логикасымен таныстырады; ғылым мен діннің олардың өмір сүруінің әртүрлі кезеңдерінде дамуы мен өзара іс-қимылының жалпы үрдістері мен белгілері туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді оқу барысында студенттер әлеуметтік-мәдени факторлармен және ішкі себептермен туындаған дінді зерттеу дағдыларын меңгереді. Студенттер мәдениет дамуының тарихи кезеңдері және ондағы шындықты игерудің діни және ғылыми формаларын салыстырмалы талдауды қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сопылық тарихы және негіздері
Пән сопылықтың пайда болу, даму тарихы және философиясы туралы білімді қалыптастырады. Сабақта сопылықтың қазақ халқының тарихындағы, сондай-ақ араб-мұсылман философиясындағы және жалпы тарихтағы рөлі мен орнын объективті бағалау үйретіледі. Сопылықтың дінтану саласындағы орнына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы, ислам тарихындағы рөлін неғұрлым толық және объективті түсіндіріледі. Студенттер сопылық ғұрыптар мен ілімдердің қалыптасуы мен дамуына қатысты зерттеу дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Матуриди ақидасы
Пән Матуридилік ілімдер негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ діни дәстүрлерінің ерекшеліктері мен қазақ ойшылдарының шығармашылығы, ұстанымдары, діни көзқарастарының исламдық діни құндылықтарымен сабақтастығы туралы білім береді. Сонымен қатар Матуриди сенім ілімі жайында толық мәлімет қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде студент қазіргі қоғамдағы тұрақтылыққа кері ықпалын тиігізіп отырған деструктивті діни топтардың теріс танымы мен матуридилік ілімдерінің оңды позициялары туралы дінтанулық тұрғыдан зерттеу жүргізу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ислам экономикасы негіздері
Пән ислам экономикасының мәні мен ерекшелігі туралы түсінік қалыптастырады. Міндеттері: ислам экономикалық ілімінің негіздерін, ұстанымдары мен даму жолын қарастыру; халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі ислам экономикасының орны мен ролін көрсету, ислам экономикасының ерекшеліктері туралы дербес ақпарат жинауы, талдау дағдыларын қолдану. Ислам экономикасын ғылыми, құқықтық және дінтанулық тұрғыда түсіндіру, оның ерекшеліктері туралы дербес ақпарат жинау, талдау жүргізу дағдыларын еркін қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі ислам мәдениеті
Пәннің мақсаты - діни таным, діни сана және оларды қамтамасыз ететін діни сенім мен тәжірибе түсінігін қалыптастыру. Пәнде түркілердің ежелгі діни танымын, ерекшеліктерін, мәдениетін, исламның түркі даласына әр кезеңде таралуын оқыту қарастырылған. Курс ислам мен түркі-қазақ халқының дүниетанымдық және педагогикалық аспектілерін сабақтастыру дағдысын қалыптастырады. Әдіснамалық негізді керіағар діни ғұрыптар мен экстремистік ұйымдардың идеологияларын қабылдамау арқылы қазақи дәстүр мен құндылықтарды таныту құрайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни мәтіндер түсіндірмесі
Пән рухани мәдениет мәтіндерін оқу және түсіну дағдыларын қалыптастырады және діни мәдениетпен танысуға бағытталған пәндерді оқыту әдіснамасын меңгертеді. Міндеттер: батыс пен шығыстың діни және діни-философиялық ойларының, діни және зайырлы философияның өзіндік ерекшеліктерін түсінуді машықтау. Әлем діндерінің, әсіресе ислам дәстүріне жататын қасиетті мәтіндерді түсіну үшін түсіндіру әдістерін қолдану. Мемлекет, қоғам, адам туралы Құран түсініктерін біледі; әлеуметтік процестерді дінтанулық тұрғыдан түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни құқық негіздері
Пәнде ислам құқығының қалыптасуының тарихи кезеңдерінде орын алған дәстүрлі және классикалық әдістер, фиқх және усул ұғымдары мен әдістемесін (фиқх усулі) танытады. Пайғамбар, сахаба және табиин дәуіріндегі ислам құқығы әдістері, мужтахид, имамдар дәуірі және фиқх мазхабтарының пайда болуы, Ислам құқығында негізгі және қосымша дереккөздер, шариғат үкімдері және тақлифи үкімдер, ислам құқығы қағидаттары мен қазіргі құқық нормаларымен салыстыра қолдану оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Діни профилактика және оңалту негіздері
Пән студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдірудің, қоғамда радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған және радикал көріністерге мүлдем төзбеушіліктің негіздері мен әдістемесімен таныстырады. Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша педагогтардың, ата-аналардың теориялық білімдерін дамытады. Қоғам мүшелерінің діни экстремизмнен қорғану жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне сенімділігін арттыру және олардың төтенше жағдайларда әрекет етуге практикалық дайындығын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дінтанулық сараптама, талдау және мониторинг негіздері
Пән дінтану саласындағы сараптамалық зерттеулердің ерекшеліктерін зерттеу және сараптамалық бағалау мен мониторинг жүргізу әдістерін үйретеді. Курста дінтану саласында жүзеге асырылатын ұйымдар жүйесін анықтау және олардың ерекшеліктеріне қатысты дінтанулық мәселелерді шешуді меңгереді. Студент сараптама мен мониторинг жүргізу тәртібін реттейтін заң шығару актілерімен және басқа нормативтік құжаттармен егжей-тегжейлі танысып, әкімшілік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл барысында аналитикалық, сараптамалық зерттеулерде қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Каллиграфия және эпиграфика
Пән исламдағы көркем жазу (каллиграфия) және ортағасырлық жазу (эпиграфика) түрлерін, қол жазбалар мен сәулет туындыларындағы жазу үлгілерінің ерекшеліктерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам каллиграфиясы және эпиграфикасындағы жазу түрлері мен жазу әдістерін игеріп, өткен ғасырлардағы мәдениеттің әлемдік мұраға қосқан үлесі туралы зерттеу жүргізу, ескі қолжазбалардағы жазу түрлерін оқу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрантану
Пән студенттердің Құрантану саласына қатысты білімдерін қалыптастырады. Курстың міндеттері: Құран ғылымдарының дамуының тарихи аспектісін айқындау; оның мазмұндық, тілдік және стилистикасы туралы білімді қалыптастыру; Құранның түсуі, жинақталуы және тәпсірлеу тарихын зерделеу; Құран ғылымдарының ғылыми әдістері туралы білімді ширату. Курста студенттер тарихи кезеңдерде Құран мәтінінің жазылу және аударылу тарихын саралай білу дағдысын көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ислам этикасы
Пән этиканың қайнар көздері, Құранға және хадиске негізделген этикалық нормалар мен ережелер, этика және құндылық философиясы, жақсылық пен жамандық ұғымдары туралы мәселелерді қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам этикасының мәні мен маңызын, ислам этикасының қайнаркөздерін және оның негізгі мәселелерін меңгере отырып, ислам құндылық философиясы мен батыстық құндылық философиясын салыстыру дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Діни мәдениет тарихы
Курстың мақсаты - тарихи-мәдени білім беруді кеңейту және діни-танымдық мазмұн арқылы рухани-адамгершілік тәрбие беру. Курстың білім беру және психологиялық-бейімдеу міндеттері қазақ діни дәстүрін зерделеу; ислам этикасын зерделеу; діни өнердің ерекшеліктерімен танысу; әртүрлі діндердің діни архитектурасының ерекшеліктерімен танысу; әлемді тұтас қабылдауды қалыптастыру; әрбір адамның ішкі әлемін құрметтеуге тәрбиелеу. Курс қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, жеке дамудың ықтимал тұйықтарының алдын алу, патриотизмге тәрбиелеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дін туралы мемлекеттік заңдар
Пәннің мақсаты - болашақ дінтанушы мамандардың мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар және діни сенім бостандығы туралы білімін қалыптастыру. Пәннің міндеттері қатарында сенім бостандығының тарихи-әлеуметтанулық және конституциялық-құқықтық негіздері, дін туралы заңнамалар мен тәжірибелер, сенім құқығына қатысты нормативтік құқықтық құжаттар туралы білім беру қарастырылған. Курс аясында студенттердердің дін саласындағы заңнамалармен жұмыс жасай білу дағдылары мен біліктілігі қалыптасады. Пәннің әдіснамалық негізін мемлекеттік-дін қатынастарының ерекшеліктерін зерделеу құрайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Діни этика
Пәнді оқу барысында этика мен аксиология, діни ілімдердің моральдық этимологиясы туралы білім қалыптасады. Этикадағы негізгі теориялық категориялар мен бағыттармен танысады, діни этика мен моральдың мазмұны мен мақсаттарын ұғынады. Пән алған білімді адамгершілік тұрғыдан өзін жетілдіру мақсатында қолдану қабілетін қалыптастырады. Болашақ маман кәсіби қызмет саласында діни мәдениеттегі базалық этикалық ұстанымдар мен олардың моральдық сана мен мінез-құлықтағы орнын көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Діни радикализм психологиясы.
Пән студенттердің жеке тұлғалық дамуы, олардың кәсіби мәселелерді шешуде Дін психологиясы саласындағы заманауи мәселелерді білуге дайындығын қалыптастыру, жалпы білім беру жағдайында білімнің осы саласын мәдени-ағартушылық қызметте пайдалануға дайындығын қалыптастырады. Міндеттері: дін психологиясының ерекшелігі туралы студенттердің білімін тереңдету және кеңейту; жалпы және гуманитарлық білім беру жағдайында көпконфессиялы ортаның құқықтық нормативтерін ескере отырып, білім алушылардың толерантты кеңістікті ұйымдастыру технологияларын және әдістемелерін қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни антропология
Пән адамның, қоғам мен мәдениеттің шығу тегін, діндердің адамдардың мәдени өміріндегі қызметін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент дін ғалымдарының антропологиялық көзқарастарын меңгере отырып, діндердегі антропологиялық категориялардың мазмұнын түсінеді, адам болмысының жаратылу мақсаты мен мәнін ұғынады, діндердегі антропологиялық мәселелерге салыстырмалы түрде баға беру дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Қазақ ойшылдарының діни көзқарастары
Пән қазақ даласынан шыққан дін ойшылдарының рухани-мәдени мұрасын және олардың ислам діні туралы айтқан ойлары және көзқарастарымен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қазақтың дін ойшылдарының дін және жалпы адамзаттық құндылықтар туралы көзқарастарын зерттеп, олардың арасындағы рухани сабақтастықты және дәстүрлі діни танымның қалыптасуына қосқан үлесін білу арқылы дін мен дәстүр арақатынасын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Діни өнер
Пән әлемдік діндердегі әдебиет, музыка, театр және сәндік-қолданбалы өнер синтезінде діни кескіндеме, сәулет, мүсін және олармен байланысты негіздер туралы түсінік қалыптастырады; өнердің негізгі қағидаттарын зерделеуді үйретеді. Әлемдік діндердің эстетикалық тұжырымдамаларын, негізгі шығармаларды, әр түрлі конфессияларға жататын өнердің өзара әсерленуін түсіндіру, тұлғааралық қарым-қатынас жасау және ұжымда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Студенттер діннің көркем негіздерін салыстыру әдістерін меңгеру дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Дінтануды оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - дінтануды оқыту әдістемесі саласында заманауи білімді, әдістерді, дағдыларды меңгерген мамандарды даярлау. Пәнді оқытудың міндеттері: дінтанулық білімді нақты педагогикалық міндеттерде қолдану тұрғысынан тереңдету және бекіту; ерекше кәсіби-педагогикалық біліктерді қалыптастыру. Курста көпшілік алдында сөйлеу, дәлелді пікірталас және полемика жүргізу; дінтанулық зерттеулерді пайдалану сынды практикалық дағдылар қалыптасады. Пәннің әдіснамалық негізін дінтану проблемаларын түсіну, баяндау және сыни талдау құрайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- Дінтану ғылымы салаларының негізгі қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерді шешуде қолданады
- Дінтанудан алған білімдерін қоғамдағы дінтанулық - аксеологиялық, әлеуметтік-мәдени, діни – рухани үдерістерді тұжырымдауда көрсетеді
- Діни мәселелер төңірегінде дінтанулық талдау, сараптама және мониторинг жасау барысында діни-құқықтық нормаларды қолданады және іске асырады
- Дін ағартушыларының дәстүрлі идеялары мен ілімдерін тәжірибеде пайдаланады
- Діни ақпарат көздері мен объектілерін сараптай отырып, діни ахуалды тұрақтандыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешеді