Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01306 Бастауыш білім ағылшын тілінде в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • тарих, философия, әлеуметтік ғылымдар саласындағы білімді пайдалана отырып, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне баули отырып, мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгереді; ҚР заңнамасын, адам өмірінің қауіпсіздік ерекшеліктерін және экология принциптерін білуді көрсетеді, пайымдаулар мен ғылыми пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады;
  • оқу процесін ұйымдастыруда мақсатты тілдерде жазбаша және ауызша коммуникацияларды, мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында тіл мәдениетін меңгеріп, пәндік-тілдік оқыту технологиясын пайдаланып, ерекшеліктерін түсінеді және пәндік-тілдік оқытуда CLIL технологиясын пайдаланады.
  • оқушыларды психологиялық қолдау негіздерін біледі, психикалық, психофизиологиялық дамудың жалпы, спецификалық және жеке сипаттамаларын және инклюзивті білім беру құндылығын есепке алу құралдарын қолдана біледі;
  • салауатты өмір салты технологиясын қолданады, мәдени қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін орындаушылық, вокалды-хор, көркем әрекет, эстетикалық, рухани сапалар негіздерін игереді; академиялық адалдық мәдениеті мен қағидаларын түсіне отырып сақтайды;
  • негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұндық компоненттерін жобалайды, дұрыс іскерлік шешімдер қабылдауға қажетті тез өзгеретін экономикалық ақпараттың рөлін түсінеді.
  • қазіргі заманғы коммуникациялық технологияларды, соның ішінде академиялық және кәсіби өзара әрекет үшін шет тілінде қолданады; оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі теорияларын қолданады, оқушылардың субъективтілігін, қарым-қатынасын, адамгершілік пен толеранттылықты, ынтымақтастық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту үшін оқыту мен тәрбиелеудегі әдістемелік тәсілдемелерді қолданады;
  • білім беру үдерісінде жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі іс-әрекеттерді, заманауи цифрлық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ұйымдастыру амалдарын қолданады;
  • оқитын саласындағы озық білімге негізделген білімі мен түсінігін көрсетеді; бастауыш мектеп пәндерінің мәнін, олардың теориялық, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін бағалайды; оқушының жетістіктерін критериалды бағалауды қолданады; оқитын саласындағы туындаған мәселелерді шешеді және аргументтерді тұжырымдайды;
  • оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талдауға қабілетті, барлық субъектілердің қызметін бағалай алады, заманауи әдістерді, оқыту технологиясын таңдайды және қолданады, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлайды және өткізеді, кері байланыс алудың әдістері мен құралдарын игереді, рефлексия әдістері мен тәсілдерін қолданады; оқушының көптілді тұлғасын тәрбиелеуде мақсатты түрде оқу-тәрбие үдерісін модельдейді; оқитын саласындағы оқу-тәжірибелік, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімін қолданады;
  • теориялық білімдерін практикада қолданады, практикалық әрекет саласында педагогикалық шеберлік пен зерттеу дағдыларын дамытады; зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін көрсетеді.
  • психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін модулдейді, өнімді жасау үшін гипотезаны, құбылысты немесе оқиғаны жүйелі түрде түсіндіру үшін әртүрлі дереккөздерден ақпаратты талдайды, жинақтайды, шығармашылықпен түрлендіреді, әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгерген.
Top