Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02130 Хореография в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Биді оқытудың әдістемелік негіздері

    Курс мақсаты - теориялық қорын байыту, арнайы әдебиеттермен жұмыс, би өнерінің түрлері, балетмейстердің атқаратын қызметі, жалпы түсінік. Биді орындаудың әдістерін, тәсілдерін және жолдарын үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Классикалық биді оқытудың әдістемелік негіздері

    Курс мақсаты - Классикалық биді оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін қолдануда хореографтардың құзыреттерін жетілдіру және дамыту, кәсіби қызметте хореографиялық педагогика, сахналау және репетиторлық қызмет әдістерін қолдану, концертмейстермен, балетмейстермен сындарлы жұмыс істей білу,орындаушыларды таңдау кезінде нақты көркемдік критерийлерді басшылыққа алу, үнемі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін тәрбиелеу, репетициялық сабақтар кезінде нақты дене белсенділігін бақылау және мөлшерлеу әдістерін қолдануға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биді оқытудың теориясы мен әдістемесі 1

    Курс мақсаты - білім алушыны хореографиялық білім берудің кәсіби пәндеріне дайындау. Классикалық, халықтық, қазақ, қазіргі заман билеріндегі партер жаттығу элементтерін, станокта және залдың ортасында экзерсистің мәні мен реттілігін, арқа мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуға, күш, серпімділік, жады және дамытуға бағытталған би жаттығуларын орындау кезінде үйлестіру мен музыкалықты меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Костюм тарихы

    Курс мақсаты– костюм жайлы түсінік береді, оның шығу, даму кезендерін қамтиды. Костюм тарихын жетік білуге, оның адам өміріндегі алатын орнын зерттеуге бағыт береді. Антика дәуірі мен қазіргі заманға дейін тарих өнерінің қалыптасу кезеңдерін оқытып үйретуді мақсат етеді. Еуропа және Азия құрылығын мекендеген жақын және шет елдердегі халықтардың киім мәдениетімен таныстырады. Әр халықтың қолданған киімін анықтайды. Қазақ ұлттық киімімен терең танысып, түрлі әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ және шетел хореографиясының тарихы

    Курс мақсаты - әлемдік және балет театрының тарихи дамуының кезеңдері мен маңызды сызбаларын үйрену. Балет туралы қайнар көздерден бастап қазіргі уақытқа дейінгі ойлар мен балеттің даму үдерісі, балет театрының әдебиетпен, музыкамен, көркем суретпен және драмалық театрмен байланысы, көркемдік стильдердің қалыптасуы, сонымен қатар, әртүрлі хореографиялық мектептердің негізгі эстетикалық және техникалық белгілерімен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әлем халықтарының билері

    Курс мақсаты-әлем халықтарының би техникасының ерекшеліктерін игеру, хореографиялық лексиканы зерттеу, халық би ансамбльдерінің ең үздік қойылымдарын талдау, музыкалық материалды сауатты пайдалану. Әлем халықтарының билерімен таныстыру жүзеге асырылады, әр түрлi жанрдағы хореографиялық шығармалардың ұлттық лексикасын орындау мәнеріне студенттерді даярлау; хореографиялық ұжымдарда қойылым жұмыстарды орындауды жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беру

    Пәнді оқытудың мақсаты: Пән студенттерді теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздермен, негізгі санаттармен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырады; инклюзивті білім берудің объектісі, пәні, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, қалыптасу және даму кезеңдері туралы білімді қалыптастырады, инклюзивті білім берудің әлеуметтік-мәдени рөлін айқындайды. Курс қазіргі заманғы білім беру (түзету) мекемелерінің қызметін және ерекше білім беру мен педагогикалық жүйелерді ұйымдастыру нысандарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хореографтың шеберлігі 1

    Курс мақсаты – білім алушылардың хореографиялық шығармаларды жасау бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Хореографиялық өнер туындыларын шығарудың және қоюдың негізгі әдістерін меңгеру, практикалық сабақтарда би қимылдары негізінде оқу комбинацияларын құрастыру дағдыландыру. Бұл ретте студенттер дамытушы элементтері бар халықтық (ұлттық) бидің 2,3 тобы негізінде би комбинацияларын құрастырады, музыкалық материал негізінде қимылдарды біріктіруді (күрделендіруді), түсіндіру мен импровизацияны вариациялау тәсілдерін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балетмейстер өнері 1

    Курс мақсаты - білім алушыға жас ерекшеліктеріне сай орындаушыларға кез-келген жанр мен стильдегі би қойылымдарын қоюға үйрету. Композицияның драмалық кезеңдерін зерттейді және би либреттосын жазады. Музыкалық материал, костюм, атрибуттар және оларды би қойылымдарында қолдануды біледі. Оқыту нәтижесіндекәсіби - шығармашылық қызмет үшін режиссерлік - балетмейстерлік жұмыс дағдысына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пәннің мақсаты-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ биін оқытудың әдістемелік негіздері 1

    Курстың мақсаты-қазақ халық биінің шығу тарихын, дамуын зерттеу, оқу-әдістемелік, танымдық әдебиеттерге әдеби шолу. Білім алушы қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктерін, билердің негізгі қимылдары мен элементтерін зерттейді, практикалық көрсетілімді орындау барысында мәнерді және стильді көрсете алалады, орындаушылық дағдыларды және қазақ биінің сипаты мен мәнерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды еңбек қызметі мен күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау. Бұл еңбек қауіпсіздігі негіздерін, жұмыс орнында жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуді қамтиды. Білім алушылар өндірістік және тіршілік әрекеті жағдайларында өмірді, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ биінің терминологиясы 1

    Курс мақсаты - қазақ биінің терминологиясын игеріп, оқыту жүйесін меңгерту. Оқып-үйренген материалды қолдана отырып сабақ өткізу, қазақ биінің бөлімдері мен тараулары бойынша толық мағлұматпен қаруландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биді оқытудың теориясы мен әдістемесі 2

    Курс мақсаты - хореографиялық пәндерді оқыту әдістер мен тәсілдерін, формалар жүйесін меңгерген маман даярлау. Жаңа шығармашылық кадрларды - кәсіби эрудицияны, жалпы және кәсіби мәдениетті, көркемдік талғамды дамыту. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. Классикалық, халықтық-сахналық және заманауи хореография бойынша жинақталған теориялық, практикалық және қолданбалы білімді зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ биін оқытудың әдістемелік негіздері 2

    Курс мақсаты - халықтың би тілін,билердің стилистикалық ерекшеліктерін сақтау, оқыту шеберлігін игеру. Теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеру: қазақ ұлттық хореографиясының негізін қалаушылардың шығармашылық жолы, әйелдер мен ерлер биінің бөлімдерін зерттеу әдістемесі. Өткен курстың нәтижесінде студент әйелдер мен ерлер қазақ биі сипатында станок жанында және зал ортасында экзерсис жасау, құрастыру әдістері мен принциптерін білетін және меңгеретін болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты: студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Хореографтың шеберлігі 2

    Курс мақсаты-хореографиялық өнер арқылы сюжетті ашуда практикалық дағдыларды игеру. Әдеби дереккөздер негізінде сюжеттерін таңдау және өңдеу мүмкіндігі. Музыкалық шығармалар негізінде сюжеттер жасап, құрастыра білу. Тақырыпты анықтай отырып: батырлық, отбасылық-тұрмыстық, махаббат, спорттық, мифологиялық т.б. шығарманың бейнелі көрінісі анықтау. Драматургия заңдарына сәйкес сюжетті дамытпай белгілі бір тақырыпқа хореографиялық нөмір жасау және қою мүмкіндігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ансамбль

    Пәннің мақсаты - ансамбльдік орындаудың кәсіби деңгейін игеру. Отандық және шетелдік композиторлардың музыкалық шығармаларының үндестігін ескеру, орындалу ерекшеліктеріне терең бойлау. Концерттік репертуарды таңдауға ерекше көңіл бөлу. Концерттік бағдарламамен сахналық орындаудың кәсіби үлгілік деңгейін дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ биінің терминологиясы 2

    Курс мақсаты - қазақ биіндегі тараулар мен бөлімдер бойынша комбинация, этюдтер және экзерсистің оқу үлгілерін құрастыру. Қиялын дамытып, музыкалық материалдардың жиынтығын жинау. Орындаушылық шеберлігін қалыптастыру. Станок жанындағы жаттығуларды жасатып үйрету. Ұжыммен жұмыс жасау әдістері және тәсілдерін меңгертіп, қимылдардың орындалу әдістемесін үйрету. Практикалық тұрғыдан сауатты орындауға машықтандыру. Өзара тәжірибе және білім алмасу дағдысын қалыптастыру. Физикалық мүмкіндіктерін шыңдап, би қойылымдарын үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биді оқытудың теориясы мен әдістемесі 3

    Курс мақсаты- білім алушыларды «оқытушылық қызметке» даярлау болып табылады. Хореографиялық шығармашылық, теорияны, хореографиялық элементтерді және классикалық, халықтық, заманауи билерді оқыту әдістемесін, классикалық, халықтық, заманауи би сабақтарын өткізе білуге дағдылану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәнді оқытудың мақсаты: ұтымды экономикалық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру; болашақ жұмыс үшін маман ретінде қаржылық сауаттылық білімдерін игеру және экономикалық салада тиімді өзін-өзі жүзеге асыру. Курс алынған білімді күнделікті өмірде одан әрі тиімді қолдану мақсатында жеке қаржылық жоспарлау, депозиттер, қаржы және кредит, сақтандыру, инвестициялар, зейнетақы, салықтар және басқа да қаржы санаттары сияқты негізгі бөлімдерді қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балетмейстер өнері 2

    Курс мақсаты - студенттердің балетмейстер өнері жайлы алған білімдерін жаңғырту, семестрдегі оқу курсына шолу жасау. Алған тәжірибеде білімдерін бекіту. Практикалық қызметке даярлау. Шығармашылық ойлауы мен қиялын дамыту. Би қою мен оны орындау шеберлігінің артуына, және бір-бірінің шығармашылық жұмыстарын орындау арқылы тәжірибе алмасу, ізденіс жұмыстарымен айналысу, өзін-өзі жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері

    Пәннің мақсаты-құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәдениет және білім беру мекемелерінде педагог-хореографтың жұмысын ұйымдастыру әдістемесі /Minor/

    Пәннің мақсаты-Мекемеде хореография пәндерін оқытудағы педагогикалық қызмет және би ұжымының жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыруда іскерлік пен дағдыларды қалыптастырады. Көркемөнпрпаз және кәсіби хореографиялық би ұжымының маманына қажетті оқытушылық және орындаушылық тәжірибелерінің негізінде талдау, сапраптама жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ биінің шеберлік класы

    Курс мақсаты - Қазіргі заман технологияларды, дәстүрлі мәдениет негізінде ұлттық хореография және Отандық хореография өнерінің, педагогикалық, сахналық тәжірибелерге сүйене отырып, синкреттік өнер түрлерінің байланысын түсініп, балетмейстерлік жұмыстардың мәнерімен әдістемесіне сараптама жасау арқылы, балетмейстерлердің жеке қолданбаларын айқындау.Кәсіби және физикалық дағды өткізу кезінде қазақ халқының дәстүрлері, тұрмысы, ұлттық мәдениетімен ұштасып жатқан билерін орындау барысында шеберлікті қолдана білу.Қазақ биі материалдарын қолдана отырып белгілі балетмейстерлердің шеберлік-сыныбын өткізу. Қазақ биінің техникасын орындап, қимылдың атауын, дұрыс жазылуын, көрсету әдістемелерін игеру. Музыкалық және хореографиялық мәдениетке тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықтық-сахна биін оқытудың теориясы мен әдістемесі 1

    Курс мақсаты - халықтық сахналық би қимылдарының сипатын, мәнерін және орындау стилін игеруге бағытталған. Білім алушы халық билерін орындау тарихын, мәнерін және сипатын зерттейді. Қолдың, аяқтың, дененің және бастың негізгі позициялары мен кейіпптерін игереді. Станок жанында қозғалыстардың орындалуы мен құрылу принциптері туралы бастапқы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Би композициясы және қойылымы 1

    Курс мақсаты - хореографиялық білім беру жүйесінде шығармашылық әлуетін, қаблеттерін, қиялын, көркемдік бейнелеу және ойлауды қалыптастыру. Педагогикалық және репетициялық жұмысты жүзеге асыру қабілеті техникалық және стильдік қателерді көру мен түзету, әдістемелік күрделі тәсілдер мен қимылдардың үйлесімін түсінеді. Көркемөнерпаз және кәсіби хореографиялық ұжымның маманына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықтық-сахна биін терминологиясы 1

    Курс мақсаты - халық биінің терминологиясын игеріп, оқыту жүйесін меңгерту. Оқып-үйренген материалды қолдана отырып сабақ өткізу, халықтық билер бойынша толық мағлұматпен қаруландыру. Негізгі қозғалыстарды түсіндіру және орындау барысында терминологияны қолдана алу. Оқу процесінде оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау, одан әрі кәсіби қызмет үшін қажетті практикалық дағдыларды игеру барысында қимылдың нақты атауын білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Классикалық бидің терминологиясы

    Кәсіби биді оқытудағы маңызды пән болып табылады. Пәнді игерудегі мақсаты – классикалық экзерсис терминдерінің шығуы, мағынасы және тәжірибеде қолданылуы туралы білу. Экзерсис терминдерінің шығу тарихын сипаттау, терминдердің жіктелуін және олардың мағынасын білу, әдебиеттерді және интернет көздерін зерделеу. Әлемдік балет әртістерінің қолданатын терминдер жүйесін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Хореография саласында жасанды интеллектіні қолдану технологиялары

    Хореография саласында жасанды интеллектіні қолдану технологиялары» пәнінің мақсаты – білім алушыларды жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі тұжырымдамаларымен, әдістерімен және қолдану салаларымен таныстыру, ЖИ жүйелерін құру және оларды әртүрлі салаларда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Хореографиялық өнер мен ғылымның тоғысында әрекет ету. Пән аясында білім алушылар нейрондық желіні қолдана отырып жаңа идеяларды ырғақты, симметрияны және кеңістіктіктегі динамиканы талдай отырып, би суреттемелерін ойлап табу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Хореография пәндерін музыкамен көркемдеу

    Курс мақсаты - хореографиялық ұжыммен жұмыс барысында классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, қазақ билеріне музыканы дұрыс таңдап, келешек педагог- хореографтың жұмыс процесінде қолданылатын музыканың стилін, жанрын,сипатын білуге көмек ретінде жүргізіледі. Пән оқу барысында опера жанрындағы би музыкасымен, қазақтың және әлем мәдениетіндегі балеттік музыканың негіздерімен таныстырады. Балеттік жанрдағы белгілі қазақ және шетел композиторларының өнеріне тоқталады, хореографиялық қойылымдардың музыкалық шешімін табуда шығармашылықпен қарауға тәрбиелейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балалар ұжымымен жұмыс жасау әдістемесі

    Курс мақсаты - меңгерілген оқу нәтижелерін негізге ала отырып хореографиялық пәндерін оқытудың озат тәжірибесімен педагогикалық және әдістемелік жұмыс жасайды. Жұмыс беруші мекемелердің мамандыққа сәйкес келетін арнайы бағдарламалары негізінде өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өтеді. Би ұжымымен жұмыс істеу педагогикасы мен әдістемесін, хореографиялық ұжыммен жұмыс жасауда теориялық және практикалық білімнің негізін қалайды, би ұжымын ұйымдастыру мен құрудың негізгі әдістерін, заңдары мен хореографиялық тұжырымдамаларын оқытуды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі 1

    Курс мақсаты - қазақ халық биінің шығу тарихын, дамуын зерттеу, оқу-әдістемелік, танымдық әдебиеттерге әдеби шолу. Білім алушы қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктерін, билердің негізгі қимылдары мен элементтерін зерттейді, практикалық көрсетілімді орындау барысында мәнерді және стильді көрсете алалады, орындаушылық дағдыларды және қазақ биінің мінезі мен мәнерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Классикалық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі 1

    Курс мақсаты - Классикалық би негіздерін, классикалық биді орындаудың техникалық әдістерін игеру мен кәсіби академиялық формасын қалыптастыру, классикалық қозғалыстар мен композицияларды орындау әдістемесі, классикалық би сабағының құрылысын жүйелеуді, оқу және би комбинацияларын құрастыру дағдыларын қалыптастыру, қозғалыстарды кеңістіктікте бейнелеу және үйлестіру, музыкалық материалмен және концертмейстермен жұмыс комбинациясы, болашақтың кәсіби педагогикалық қасиеттерін игеру, теориялық білімдерін (терминология) практика барысында қолдану қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықтық-сахна биін мұрасы

    Курс мақсаты - халық биінің мұрасы болып қалған билермен танысу және практика жүзінде менгеру. Әлем халықтарының би мәдениетінің даму ерекшелігін білу, белгілі би қоюшылардың шығармаларын зерттеп, сахналау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәдени-демалыс іс-шараларын өткізу әдістемесі /Minor/

    Пәннің мақсаты - Балалар мен оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша мәдени мекемелердің принциптері мен міндеттерінмен танысады, көркемөнерпаздар шығармашылығын ұйымдастыру түрлерімен, мерекелік мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру түрлері бойынша жұмыстар жүргізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Халықтық-сахна биін оқытудың теориясы мен әдістемесі 2

    Курс мақсаты -халық билерін музыкалық және мәнерлі орындау дағдыларын дамытуға бағытталған. Халық биінің композицияларын іске асыру, би этюдтары мен композициялар құрастыру жүйесін меңгеру. Білім алушы би қимылдарында, композицияларда музыкалық екпін мен интонацияны білдіруді үйренеді Би мінезін сипаттау арқылы жеткізуді, икемділікті, позалардың табиғилығы мен ұлттық ерекшеліктер сезімімін, жұптық билердегі "қарым-қатынас" мәдениетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Классикалық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі 2

    Курс мақсаты -пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы болашақ кәсіби педагог және орындаушы ретінде қозғалыстарды сауатты және техникалық тұрғыдан дұрыс орындау, бидің музыкалық-ырғағын түсіну, техника мен мәнерлілікті жетілдіру, классикалық бидің эмоционалды және пластикалық шешімін таба алады. Классикалық бидің кәсіби терминологиясы комбинацияларды құрастыру кезіндегі қойылатын талаптарды, биомеханика заңдары мен би элементтерінің эстетикалық каноны байланыстарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стилизацияланған қазақ биі 1

    Курс мақсаты - қазақ халқының би мәдениетінің даму ерекшелігін біліп, қазақ биін сахнаға жаңаша дайындау. Бірнеше бағыттардан тұратын заманауи билерді қазақ биінде тәжірибе жүзінде қолданып, биді дұрыс қоя білу. Әр түрлі музыкалық материалдарды меңгеру, қазақ ұлттық әуендерінің ерекшеліктерін, қимылдарын түсіну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі 2

    Курс мақсаты -халықтың би тілін, билердің стилистикалық ерекшеліктерін сақтау, оқыту шеберлігін игеру. Теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеру: қазақ ұлттық хореографиясының негізін қалаушылардың шығармашылық жолы, әйелдер мен ерлер биінің бөлімдерін зерттеу әдістемесі. Өткен курстың нәтижесінде студент әйелдер мен ерлер қазақ биі сипатында станок жанында және зал ортасында экзерсис жасау, құрастыру әдістері мен принциптерін білетін және меңгеретін болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Би композициясы және қойылымы 2

    Курс мақсаты - ұлттық салт-дәстүрді зерттей отырып би элементтерінен би композицияларын қоюды үйрету. Жоғары сапалы хореографиялық мәтін құрастыру, хореографиялық композиция құра білу және хореографиялық пәндерді оқыту әдістемесін практикада қолдану. Хореография мұрасынан, ансамбль репертуарларынан, сондай-ақ авторлық хореографиялар топтамасынан биді орындау техникасын меңгеру және қоя білу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи-тұрмыстық биін оқытудың теориясы мен әдістемесі

    Курс мақсаты - XVI-XIX ғасырлардағы негізгі элементтерді, орындау стилі мен мәнерін, күнделікті билерді меңгеру. Орындау техникасы мен мәнерлілігін күрделендіріп мазурка орындау стилі мен сипаты бойынша жұмыстарды тереңдету және француз кадрилі, менуэт және гавот қимылдарын орындау мәнері мен сипатын, оқушылардың ансамбльде орындау сезімін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заман биі 1

    Курс мақсаты - қазіргі заманғы бидің негізі пайда болу тарихымен таныстыру, заманауи хореографияның түрлі бағыттарымен (стильдер мен жанрлар) таныстыру. Барлық бағыттар бойынша кәсіби терминологияны үйрету, хореографияның музыкалық ырғағын түсіну, заманауи бидің негіздерін үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шоу бағдарлама ұйымдастыру1

    Курс мақсаты - білім алушыларды шоуды ұйымдастыру шараларымен таныстыру. Түрлі концерттерді әзірлеу ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру. Шоу бағдарламаны дұрыс ұйымдастыру табысты жұмыс жасауының негізгі шарттарының бірі болып табылады. Жеңіл қарапайым билерден бастап біртіндеп техникасы мен сюжетінің тақырыбы бойынша күрделі билерге көшу қажет. Бұл ұжымның тұрақты шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді. Шоу бағдарламаларды музыкамен көркемдеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әлемдік хореография мұрасы

    Курс мақсаты - классикалық би мұрасы өткен мен қазіргінің атақты шеберлерінің мысалдарында зерделегенде, болашақ маман хореографиялық спектакльдің мазмұнының барлық күрделі құрылыстарын танып-біледі және меңгереді. Хореографияның текстінің туындының бейнелік-эмоционалдық мазмұның, пластикалық мәнерін, орындау стилін сақтауменен қатар оны меңгеру, қиялын дамыту, музыкалық материалдардың жиынтығын жинау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықтық-сахна биін терминологиясы 2

    Курс мақсаты - халықтық-сахналық би сабағын және жеке оқу комбинацияларын теориялық-әдістемелік талдау, оқу материалын, комбинацияларды, халықтық-сахналық бидің жекелеген қимылдарын әдістемелік орналастыру, халықтық-сахналық би бөлімдерін әдістемелік-құрылымдық және мазмұндық талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Балетмейстер өнері (мастер класы)

    Курс мақсаты - хореографиялық шығармалардың драматургиялық құрылымын, хореографиялық композициялардың формаларын, биді қою әдіс тәсілдерін, балетмейстердің, орындаушылардың атқаратын функцияларын меңгереді. Драматургия заңына үйрету, композициялық жоспар құру, музыкалық материалды сауатты жасау, композицияны шығару дағдыларына ие болу, қойылымдық жұмысты дұрыс ұйымдастыра алу, би тілі арқылы шығармашылық ойлауға тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі заман биі 2

    Курс мақсаты - қазіргі хореографияның теориясы мен әдістемесін үйрену, орындаушылық техникасын жетілдіру. Табиғи қозғалыстың негізгі принциптері мен концепцияларын үйрете отырып, белсенді ойлау процесіне қатысу, педагогикалық тәжірибесі туралы рефлексия жасау үшін анализ жасауға және өзін-өзі бағалауға үйретеді. Қазіргі хореографияның негіздерін, өз пән саласын жан-жақты білу және түсіну дағдыларына ие. Дененің құрылысын және оның қозғалыстағы рөлін біледі, алынған білім мен дағдыларды кәсіби және педагогикалық қызметінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықтық-сахналық би

    Курс мақсаты - халық билерін музыкалық және мәнерлі орындау дағдыларын дамытуға бағытталған. Халық биінің композицияларын іске асыру, би этюдтары мен композициялар құрастыру жүйесін меңгеру. Білім аушы би қимылдарында, композицияларда музыкалық екпін мен интонацияны білдіруді үйренеді Би мінезін сипаттау арқылы жеткізуді, икемділікті, позалардың табиғилығы мен ұлттық ерекшеліктер сезімімін, жұптық билердегі "қарым-қатынас" мәдениетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Классикалық бидің мұрасы

    Курс мақсаты - балетмейстердің туынды қойылымының көркемдік эстетикалық қағидаларын зерттеу. Спектакілдерді, фильмдерді, видео жазбаларды қарап шығу және талдау. Атақты балетмейстерлердің шығармашылық үлгілерін сақтап қалу және келер ұрпаққа табыстау. Хореографиялық қойылымдардың көркемдік шешімін табуда шығармашылыққа тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі 3

    Курс мақсаты - қазақ биі сабақтарындашеберлік дағдысын қалыптасытруда алдынғы қатардағы атақты отандық мамандардың (орындаушылар, балетмейстерлеп, оқытушылар) педагогикалық принципі мен оқыту әдістемесін қолдану. Қазақ ұлттық хореографиясындағы атақты қайраткерлердің қойылымдарын, жалпы интелектуалды және жалпы кәсіби даму негізіндегі қазақ билерін білу, жоғарғы орындаушылық техникасы мен академизмді талап ететін отандық би өнерінің «алтын қордағы» билерінің лексикасын меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шоу бағдарлама ұйымдастыру2

    Курс мақсаты - сахналық бейне және биді сахналық көркемдеу. Шоу бағдарламаны дұрыс ұйымдастыру, табысты жұмыс жасау . Жеңіл қарапайым билерден бастап біртіндеп техникасы мен сюжетінің тақырыбы бойынша күрделі билерге көшу қажет.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі

    Пәннің мақсаты : Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснама мен әдістемесінің негізін үйрету, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру, үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзыреттіліктерін дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби би ансамбілінің жұмысы

    Курс мақсаты - хореографиялық ұжыммен жұмыс істеу әдістері білікті педагог-хореографтың әр түрлі шығармашылық ұжымдармен жұмыс істеу тәжірибесінің негізінде алынған. Кәсіби би ансамбльдерінде би қойылымының композициясымен және жаңа хореографиялық шығарманы немесе концерттік бағдарламаны қою жұмыстармен танысу.Шығармашылық ұжымдарды ұйымдастыру, басқара білу, хореографиялық пәндердің негізінде алған білімдерін қолданып, хореография сабақтарын өткізу және құрастыру әдістемесін оқыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ансамбльдегі репетиторлық жұмыс

    Курстың мақсаты - хореографиялық ұжымдардың репетиторы ретінде кәсіби қызмет үшін қажетті білімнің, іскерліктің, дағдылардың жеткілікті көлемін қалыптастыру. Хореографияның қарапайым түрлерінен ірі хореографиялық қойылымдарға біртіндеп көшу және оларды өндірістік тәжірибеде қолдану.студенттердің шығармашылық үдерісте, шығармашылық ұжымда өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Классикалық би

    Курс мақсаты - классикалық би – хореографияның негізі. Классикалық би пәнінде қол мен аяқтың негізгі қалыптарын, дененің дұрыс орналасуын, кәсіби терминологиямен және балет өнерінің даму тарихымен танысады, қимыл мен классикалық әуеннің үйлесімділігін, музыкалық қасиеттерді дамытады. Сахналық биге қажет айналымдық, би қадамы, айналуларды менгеріп, дененің иілгіштігін, жоғарыға секіру, қолдың еркін, нәзік қозғалуы, нақты координация қалыптастыруды, шыдамдылық пен күш жинақтауды үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Стилизацияланған қазақ биі 2

    Курс мақсаты - ұлттық өнердің бір түрі - қазақ биінің қимылдарын, оқыту әдістемесін негізге ала отырып қазіргі заман биіне лайықтап, заманауи үлгіде қазақ биін қою, орындау әдістемесіне үйретеді. Пән ұлттық өнеріміздің асыл қазынасы - қазақ биін заманауи үлгіде өңдеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Хореографиялық мұра

    Курс мақсаты - өткен мен қазіргінің атақты балетмейстерлердің шығармашылық үлгілерін сақтап қалу және келер ұрпаққа табыстау. Білім алушыларға хореографияның текстінен, туындының бейнелік-эмоционалдық мазмұны,пластикалық мәнері, орындау стилі бойынша білімім меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Гуманитарлық, әлеуметтік-саяси, тілдік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, экологиялық білім және кәсіпкерлік саласындағы білімдерін кәсіби міндеттерді шешуде қолданады.
  • Белгілі бір дәуірдің тарихи даму ерекшеліктерін, ұлттық киім стилін, мәнерін, музыкалық және хореографиялық пәндердің тарихы мен теориясын біледі, жалпы әлемдік хореографиялық өнердің маңыздылығын түсінеді.
  • Халықтың мәдени сұраныстарына жауап беретін хореографиялық ұжымды басқару дағдысын меңгерелі, жұмысын ұйымдастырып, педагогикалық қызметті жүргізе алады. Жас және жанрлық ерекшеліктерді ескере отырып, репертуарды қалыптастыру принциптерін біледі.
  • Биді оқытудың негіздерін сақтай отырып, классикалық, қазақ биі, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық пәндерінің әдістерін пайдаланады. ЖИ жүйелерін құру және оларды әртүрлі салаларда қолдану дағдыларын қалыптастырады. Хореографиялық өнер мен ғылымның тоғысында әрекет ете алады. Пән аясында білім алушылар нейрондық желіні қолдана отырып жаңа идеяларды, ырғақты, симметрияны және кеңістіктіктегі динамиканы талдап, би суреттемелерін ойлап таба алады.
  • Кәсіби сахнада көркем образды қалыптастыру үшін орындалатын хореографиялық шығармаларда классикалық, халықтық-сахналық, заманауи техниканың негізгі арсеналын қолдана біледі, орындаушылық шеберлікті, әртістік пен даралықты дамытады. Ансамбльде репетиторлық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Сахналық этика мен қарым-қатынас мәдениетін меңгереді.
  • Классикалық би негізінде элементтерді, қимылдарды би композицияларын орындайды, хореография мұрасын және терминологиясын біледі. Стильдік ерекшеліктерді және орындаушылық шеберлікті меңгереді.
  • Хореография өнерінде зерттеу жұмыстарын жүргізе алады және элементтерін біледі. Әдістемелік, орындаушылық, педагогикалық іс-әрекетте зерттеу жұмысын қалыптастырады және тәжірибеде қолданады.
  • Хореографиялық шығарманың негізінде жатқан сахналық бейненің, әдеби шығарманың мазмұнын талдай біледі, Хореографиялық мұраның ең үздік үлгілерін және хореографиялық пәндердің әдістемесін практикада қолданады. Түрлі бағыттағы хореографиялық ұжымдармен репетиторлық жұмыс жүргізеді.
Top