6B02128 Дәстүрлі музыка өнері в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өнер және мәдениет саласында дәстүрлі орындаушылықты дамытатын, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға тәрбиелеуге ықпал ететін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B021 Орындаушылық өнер
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер
Пәндер
-
Кәсіби мамандықты меңгеру
Пәннің мақсаты - дәстүрлі музыкалық өнер саласындағы мамандық туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Орындаушылық өнердегі кәсіби шеберлікке баулу, идеялық көркемдік бағытын дамыту. Қазақстан аймағындағы дәстүрлі мектептердің орындау стилдік бағыттарын меңгеру. Оқу педагогикалық және концерттік орындаушылық репертуар, арнайы аспапта орындаудың ұстанымдары мен әдістерін меңгеру. Дәстүрлі орындаушының жеке шығармашылық ойлау қабілеттілігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты - ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, педагогикалық-теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. Ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснама мен әдістемесінің негізін үйрету, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру, педагогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзыреттіліктерін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Негізгі музыкалық аспап 1: Қобыз
Пәннің мақсаты - Болашақ маманның орындаушылық шеберлігін қалыптастыру, қобыз аспабының құрылысымен танысу, алғашқы үлгілік орындау тәртібін игеру. Білім алушыларға аспапта орындалатын музыкалық шығармалардың ерекшеліктерін түсіндіріп жеткізу. Ысқышты дұрыс жүргізу мен дыбыс алу тазалығын меңгеру. Жеңіл шығармаларды нотаға қарап оқып ойнау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Пәнді оқытудың мақсаты: Пән студенттерді теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздермен, негізгі санаттармен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырады; инклюзивті білім берудің объектісі, пәні, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, қалыптасу және даму кезеңдері туралы білімді қалыптастырады, инклюзивті білім берудің әлеуметтік-мәдени рөлін айқындайды. Курс қазіргі заманғы білім беру (түзету) мекемелерінің қызметін және ерекше білім беру мен педагогикалық жүйелерді ұйымдастыру нысандарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақстан дирижерлық өнері
Пәннің мақсаты - Қазақ дирижерлік өнерінің тарихи тұлғаларын және олардың шығармашылығын зерттей отырып, дирижерлік өнердің негіздерін және оркестрлік партитураларды оқуды меңгеру. Дирижерлік өнердің негізгі принциптері мен әдістерін практикалық қолдану арқылы, дирижерлық негіздерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Негізгі музыкалық аспап 1: Домбыра
Пәнінің мақсаты - домбырада ойнаудың негізгі тәсілдерін үйрену және меңгеру, оның мәдени және тарихи маңыздылығын түсіну, музыкалық дағдыларды, жеке және ансамбльдік орындауларды дамыту. Сондай-ақ, домбыраға арналған дәстүрлі репертуарды, соның ішінде күйлер мен әндерді зерттеп, жеке шығармашылық пен мәдени бірегейлікті дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты – білім алушыларды еңбек қызметі мен күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау. Бұл еңбек қауіпсіздігі негіздерін, жұмыс орнында жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуді қамтиды. Білім алушылар өндірістік және тіршілік әрекеті жағдайларында өмірді, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Музыка теориясы және сольфеджио
Пәннің мақсаты - білім алушыларға музыкалық құрылымдарды, артикуляциялар мен үйлесімділікті тереңірек түсіну, бір және екі дауысты жаттығуларды орындау, музыкалық диктант жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ музыкалық шығармаларды талдауға мүмкіндік беретін музыка теориясының негіздерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пәннің мақсаты-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Негізгі музыкалық аспап 1: Сырнай
Пәннің мақсаты - баян аспабын меңгерудегі орындаушылық қимыл әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеріп, орындаушының орындаушылық аппаратын қалыптастыру, музыкалық аспапты дұрыс ұстауын, оң және сол қолдарының қимыл үйлесімділігін жетілдіру. Сонымен қатар, білім алушылардың музыкалық орындаушылық шеберлігін және көркемдік эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, музыкалық аспапта шағын шығармаларды ойнап үйрету арқылы олардың шығармашылық ой санасын, көркемдік қабілеттерін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дәстүрлі әншілік өнер
Пәннің мақсаты - қазақ халқының мәдени мұрасын сақтауды ескере отырып, ән өнеріндегі стильдік және жанрлық бағыттарды жан-жақты зерделеу және практикалық игеру болып табылады. Жұмыстың негізгі аспектілері: Қазақстанның дәстүрлі музыкалық мәдениетіне тән әртүрлі музыкалық стильдер мен жанрларды зерттеу және тәжірибе жасау; әншілік орындауды толықтыруға мүмкіндік беретін музыкалық аспаптарда халық әндерін сүйемелдеудің негізгі принциптері мен әдістерін игеру; халық әндерінің мәтіндерін талдау мен түсіндіруді қоса алғанда, ән мәтінімен және ән айтудағы дыбыстық ерекшеліктермен жұмыс. Қазақстанның дәстүрлі ән мектептерінің орындаушылық бағыттарымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты оның орындаушылық және көркемдік аспектілерін терең игеру арқылы халық музыкалық мәдениетінің байлығын сақтау, зерделеу болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Негізгі музыкалық аспап 2: Домбыра
Пәннің мақсаты - білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және кәсіби орындаушылық шеберлігін дамыту. Домбыра аспабында ойнаудың әртүрлі әдіс-тәсілдерді үйрету, сонымен қатар күй және классикалық музыка жанрларында ойнауға қажетті орындаушылық дағдыларды игеру. Негізгі мақсат – білім алушылардың музыкалық салада жоғары кәсіби деңгейге жетуге мүмкіндік беретін домбырада ойнаудың техникалық аспектілерін терең түсіну.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гармония және сольфеджио
Пәнінің мақсаты - музыкалық құрылымды терең түсіну үшін қажетті теориялық және практикалық музыкалық дағдыларды қалыптастыру; есту қабілеті мен музыкалық интерпретация қабілетін дамыту; үйлесімділіктің, аккордтардың және олардың реттілігінің негізгі принциптерін түсіну; ноталар бойынша ән айтуға және парақтан ноталарды оқуға үйрету; музыкалық контексте интервалдарды, аккордтарды және олардың функцияларын зерделеу; соната, вариация және т.б. сияқты әртүрлі музыкалық формалар мен құрылымдарды зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы музыкалық пән 1
Пәннің мақсаты - білім алушылардың бойындағы орындаушылық дағдылар мен біліктерді қалыптастыра отырып түрлі бағытта, жанрлар формалар стильдерде жазылған шығармаларды меңгеру, орындаушылық репертурарды қалыптастыру. Жалпы және арнаулы домбыра класында аспапты жете терең игеріп, ұлттық музыкамыздан бастап орыс және дүние жүзі классиктерінің туындыларын шебер ойнау шеберлігіндегі аймақтық ерекшеліктерді меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 2: Қобыз
Пәннің мақсаты - қобыз аспабын ойнауда техникалық тәсілдері мен музыкалық мүмкіндіктерін игеру, қобыз орындаушылық өнерінің дәстүрлі және заманауи аспектілерін зерделеу, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен музыкалық мұрасындағы осы аспаптың рөлі мен маңыздылығын терең түсінуді қалыптастыру. Кәсіби деңгейді өсіру барысында орындаушылық қимыл әрекеттер негіздерін игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 2: Сырнай
Пәннің мақсаты - болашақ маманды музыкалық орындаушылық шеберлікке және оның көркемдік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық ой-санасын дамыту. Музыкалық шығармаларды интерпретациялау және орындау қабілеттерін жетілдіру, эмоциялық және эстетикалық сезімдерді дамыту, әртүрлі жанрлар мен стильдегі музыкалық шығармаларды зерттеу және орындау, музыкалық репертуарды кеңейту, баян аспабында ойнаудың техникалық дағдыларын жетілдіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандық 1 және ақпараттық технологиялар: Батыс әншілік, жыршылық мектебі
Пәннің мақсаты - Батыс әншілік жыршылық орындаушылық өнері жайында түсініп, тәжірибеде көрсете білу. Батыс әншілік жыршылық өнеріне талдау жасауға мүмкіндік беру. Сонымен қатар игерілген музыкалық көркемдік білімдерді іске асыра білуге баулу. Шығармашылық ізденісті қалыптастыруға үйрету. Дәстүрлі әншілік жыршылық өнердің орындаушылық мектептерін әншінің қабілет қарымына сай меңгерту. Дәстүрлі әншілік жыршылық мектебінің орындаушылық өнеріне баға бере отырып шығармашылықпен жеткізе білу. Орындайтын шығармасына сәйкес жан-жақты зерттеулерді жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандық 1 және ақпараттық технологиялар : Сыр өңірі мектептері
Пәннің мақсаты - Сыр өңірі жыраулық мектептерінің (Жиенбай, Нұртуған, Нартай) қалыптасу кезеңдері, атқаратын қызметі мен орындаушылығы жөнінде мағлұматтар беру. Жыраулық өнердегі жанрларды түсіндіру. Музыкалық аспаппен сүйемелдеуді жетілдіру және оны дауыспен үйлестірудің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Жыраулық өнер жөнінде пікірін білдіре алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту. Оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жыр-термелердің үнтаспа қорын жинақтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнаулы музыкалық аспап 1
Пәннің мақсаты - музыкалық шығармалардың тақырыбын, формасын, әуендік құрылымы мен гармониясын талдап, музыкалық құрамның біртұтастығын сезініп ойнау. Музыкалық шығармалардың ноталық жазбасын сауатты оқып орындау, олардың интонациясымен жұмыс дағдысын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 3: Домбыра
Пәннің мақсаты - білім алушылардың күйшілік мектептерінде танымал күйшілердің өзіндік орындаушылық стилін ажырата білу және қолдану дағдыларын дамыту. Қосбасар, Байжұма, Ақсақ құлан, Желдірме, Ақжелең, т.б сияқты күйлердің табиғатын терең түсіну, сондай-ақ осы күйлермен өздерінің репертуарларын толықтыру. Әр түрлі орындаушылардың, арнайы ұлттық мектептер мен стильдерін ажыратып, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап (сырнай) (х.а)
Пәннің мақстаты - сырнай аспабының шығу тарихын, музыкалық теориялық білім негіздерін меңгеру; дыбыс шығару құпиясын түсініп, музыкалық сауатты тереңдету; Ноталарды бірден оқу дағдыларын қалыптастыру, орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру; Орындаудың әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отырып, музыканы мәнерлеп орындаудың әр-түрлі тәсілдерін үйрену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап: (домбыра) (х.а)
Пәннің мақсаты - болашақ дәстүрлі орындаушыларды домбыра аспабын игерудің бастапқы үлгілік негіздерімен таныстыру. Аспаптың құрылымымен таныстырып, жаттығулар, гаммалар (дыбыс қатары), қысқа пьесаларды ойнау әдіс-тәсілдерін үйрету. Музыкалық әдебиеттердегі ноталық жазбаларды оқып, орындаудың бастапқы машықтарын дамыту. Білім алушыларға дыбыс шығару әдістерін, қол қойылымдарын, және әуенді таза әрі дұрыс орындау тәсілдерін үйрету. Музыкалық теорияның негізгі ұғымдарын түсініп, оларды практикада қолдану арқылы музыкалық қабілеттерін жетілдіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 3: Қобыз
Пәннің мақсаты - қобыз аспабын ойнау техникасының негізгі дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар музыкалық шығармаларды өз бетінше талдау және мәнерлеп орындау дағдыларына ие болу. Қобыз аспабына арнап жазылған күйлердің орындалуына ерекше көңіл бөлу. Сондай-ақ фортепиано аспабының сүйемелдеуімен ойнау дағдыларын зерделеу қарастырылған, музыкалық білім беруді және білім алушылардың халықтық музыкалық аспаптар саласындағы кәсіби дайындығын дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мамандық 2: Сыр өңірі мектептері
Пәннің мақсаты - ән-терме, толғауларды орындаудың бастапқы негіздерін игерудегі көркемдік - шеберлік тәсілдері мен амалдарын меңгерген әнші-жыршыны тәрбиелеу. Сыр өңірі жыраулық өнеріндегі дәстүрлі орындаушылықты сахна мәдениетіне бейімдеу. Жиенбай, Нұртуған, Нартай мектептері орындаушылығындағы мақам - саздық, көркемдік ерекшеліктері мен Тасберген, Сәрсенбай жыраулардың мақам-саздарды орындау. Жыраулардың мақам саздарды орындаудағы ерекшелігін талдау және қолдану. Дәстүрлі жыршы -жыраулардың жырларына пікір білдіре білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мамандық 2: Батыс әншілік, жыршылық мектебі
Пәннің мақсаты - Маңғыстау өңірінің әншілік, жыршылық дәстүрі жөнінде түсініп орындаушылық ерекшелігін тәжірибеде көрсету. Батыс өңіріндегі (Маңғыстау мектебі) әншілік жыршылық, орындаушылық өнеріне талдау жасап орындаушылық шеберліктерін сахнада пайдалана білуге баулу.Әнші жыршының өзіндік шығармашылық қабілетін,ой-өрісін дамыту.Батыс өңіріндегі (Маңғыстау мектебі) әншілік жыршылық, орындаушылық өнеріне баға бере отырып орындаушылық өнерін шығармашылықпен жеткізе білу Маңғыстау әнші-жыршыларының, орындаушылық өнері мен мәдениетіне музыкалық білім салаларына деген көз қарасын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сахнада ән-жыр орындау шеберлігі
Пәннің мақсаты - білім алушылардың сахнада әндер мен жырларды орындау шеберлігін дамытумен қатар алқалы жиынды игеру, сахна мәдениетін меңгертуге дәстүрлі орындаушының өнерін дамытуға мүмкіндік беретін нақтылы концерттік репертуар қорын меңгерту, жинақтау, орындау техникасын жетілдіру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап (Қылқобыз) (х.а)
Пәннің мақсаты - дыбыстарды таза шығаруға баса назар аудара отырып, студенттердің есту және орындау дағдыларын дамыту. Парақтан ноталарды бірден оқудың дағдыларын қалыптастыру және музыкалық қабылдау мен есте сақтауды дамытуға ықпал ететін жеңіл және шағын есту пьесаларын орындау. Саусақтардың орналасуын, олардың ептілігі мен жылдамдығын қоса алғанда, сол қол техникасын жетілдіруге баса назар аударылады, бұл музыкалық шығармаларды орындауда шеберлікке жету үшін маңызды. Оқу барысында білім алушылар музыкалық құрылым мен экспрессивтілікті жан-жақты түсінуді дамыта отырып, әртүрлі жанрлар мен стильдердегі музыкалық шығармаларды орындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы музыкалық пән 2
Пәннің мақсаты - музыкалық шығармалармен жұмыс жасау, мазмұнды лайықтау қағидаларын негіздеу, динамикалық және басқа да құрылымдарын ұстану жолдары мен үлгілік нұсқасын мейлінше сақтау және музыкалық шығармалармен (төкпе және шертпе күйлер, шетел классиктері шығармалары) жұмыс істеудегі заңдылықтар мен әдістерін меңгеру. Музыкалық шығарма ойнау барысында дыбыстардың тазалығына көңіл бөлу. Оркестр мен ансамбльдерде музыкалық шығармаларды орындау және әншіні сүйемелдей білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнаулы музыкалық аспап 2
Пәннің мақсаты - музыкалық аспапта кәсіби орындаушылық шеберлік негіздері мен дағдыларын, орындау әдіс-тәсілдерін тәжірибеде игеру. Музыкалық шығармаларды техникалық тұрғыдан мәнерлі орындауды, штрихтарды ойнау тәсілдерін меңгеріп, дәстүрлі музыка өнерін кәсіби орындаушылық деңгейде қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Актерлік шеберлік
Пәннің мақсаты - актерлік шеберлікті қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйеніп тәрбиелеп оқыту. Адами болмысты көркемдік сезіммен, бейнелі ойлаумен байланыстыра қабылдау қабілетін дамыту. Мамандыққа сай актер шеберлігінің техникасы әліппелерін үйрену. Көркем бейнелерді (табиғи әрекет, сахна тілі, сахна қозғалысы, ән салу, би, т.б) актерлік тәсілдермен жасауда актерлік шеберліктің теориялық негіздерін қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орындаушылық өнер тарихы
Пәннің мақсаты - қазақ фольклорының жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Ғасырлар бойы қазақ елімен бірге жасасқан өнер, фольклор, жыраулық дәстүр, этнография ғылымдарының ерекшеліктерін айқындау. Фольклор жанрын айқындау, дәстүрлі өнерді насихаттау. Фольклорлық зерттеушілікке бағыт бағдар беру. Шәкірт бойындағы дарынды дамыту барысында қарапайымдылықтан күрделілікке бірте –бірте ауысу принціптерін басшылыққа ала отырып дәстүрдің бүтін ұстануын, бұзылмауын қадағалау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Пәннің мақсаты-құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты: ұтымды экономикалық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру; болашақ жұмыс үшін маман ретінде қаржылық сауаттылық білімдерін игеру және экономикалық салада тиімді өзін-өзі жүзеге асыру. Курс алынған білімді күнделікті өмірде одан әрі тиімді қолдану мақсатында жеке қаржылық жоспарлау, депозиттер, қаржы және кредит, сақтандыру, инвестициялар, зейнетақы, салықтар және басқа да қаржы санаттары сияқты негізгі бөлімдерді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 3: Сырнай
Пәннің мақсаты – білім алушылардың баян аспабында орындау техникасын жетілдіру, музыкалық шығармаларды талдау арқылы әр түрлі стильдегі, бағыттағы және әр түрлі күрделіліктегі музыкалық шығармаларды көркем орындау әдіс-тәсілдерін меңгеру, жеке аспаптық бағдарламаны кәсіби, техникалық және стилистикалық дәл орындау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мақам саз үлгілерін игеру
Пәннің мақсаты – ән-жырлардың құрылымдық аймақтық орындаушылық ерекшеліктерін сақтау. Арқа, Батыс, Сыр, Жетісу өңірлерінде өріс алған әншілік жыршылық мектептердің өзіндік мақам-саз шеберліктерін игеру.Ұлттық музыка аспап сүйемеліндегі құрылымдық орындаушылық көркемдік өзгешеліктеріне орай қалыптасқан аймақтық төрт мектептің даралық мәнерлерін сақтай отырып мақам саздарын меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап (сырнай)
Пәннің мақсаты - орындаушылық қимыл әрекеттерінің негіздерін меңгеру арқылы сырнай аспабында ойнаудың негізгі техникалық дағдыларын игеру. Орындаушылық техникасын жетілдіру арқылы музыкалық шығармаларды еркін және көркем орындау қабілетін дамыту. Сырнай аспабы үшін жазылған және өңделген шығармалармен танысып, әртүрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды орындау арқылы орындаушылық тәжірибені байыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ансамбль (х.а)
Пәннің мақсаты - ансамбльдік орындауда түрлі стильдер, жанрлар мен дәстүрлер шығармаларын игеру арқылы шығармашылық ұжымын қалыптастыру. Музыкалық аспаптардың үндестік ерекшеліктерін оқыту. Жеке және ұжымдық орындаушылықтың әдіс-тәсілдерін игеру. Ансамбльдік әуендер үйлесімін сезіну, тыңдап орындау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фольклорлық ансамбль (х.а)
Пәннің мақсаты - "Фольклорлық ансамбль" пәнінің мақсаты-отандық композиторлардың халық шығармалары мен шығармаларын орындауға мамандандырылған ансамбльдердің кәсіби деңгейін дамыту. Фольклорлық музыкалық шығармалардың сипаттамаларын, олардың орындалу ерекшеліктерін және дәстүрлі эстетиканы терең зерттеуге баса назар аударылады. Студенттер халық музыкасының әртүрлі жанрлары мен стильдерін зерттейді және ұлттық музыкалық шығармаларды және олардың мәдени мұраға маңыздылығын ескере отырып, концерттік репертуарды талдайды және таңдайды. Негізгі мақсат-музыканттарды сахнадағы кәсіби қызметке дайындау, музыкалық орындаудың жоғары деңгейін және халық музыкасының мәдени ілгерілеуін қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы музыкалық пән 3
Пәннің мақсаты - білім алушыларды Сыр бойы мен басқа да аймақтарда қалыптасқан дәстүрлі күйшілік мектептер туралы білімдерін жетілдіру, дәстүрлі күйшілік мектептерде қалыптасқан орындаушылық мәдениетке баулу, аймақтық күйшілік өнердің озық үлгілерінен хабардар ету. Сонымен қатар, пәннің мақсаты – күйді орындау ерекшеліктеріне қарай ажырату және осы білімді болашақ маманның кәсіби деңгейін жоғарылату үшін пайдалана білу. Әр аймаққа тән күйшілік өнердің озық үлгілерін тыңдап, талдап, ұлттық музыкалық мұраның байлығын терең түсіне білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыкалық аспап (домбыра, қобыз, сырнай)
Пәннің мақсаты - білім алушылар ойын техникасын меңгеріп, музыкалық шығармаларды талдай отырып, орындаушылық шеберлік тәсілдерін жетілдіреді. Экспрессивтіліктің музыкалық құралдарын қолдана отырып, әр түрлі стильдегі, дәуірдегі және әр түрлі күрделіліктегі қол жетімді музыкалық шығармалардың көркемдік орындалуын меңгереді. Жеке аспаптық бағдарламаны кәсіби, техникалық және стилистикалық орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жыр қоры /minor/
Пәннің мақсаты - орындаушылық өнер бағытындағы кәсіби мүмкіндіктерін аша отырып, орындаушылық өнердің негізгі бағыттарына тереңдетілген репертуар қорын жинақтау. Халық ақындары мен композиторларының туындыларын белгілі орындаушылар шеберлігі хақындағы еңбектерімен таныстырып ән-жыр жинақтарын пайдалана білуге үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ фольклорының тарихы
Пәннің мақсаты - болашақ дәстүрлі орындаушыларын қазақ фольклорының тарихын жан-жақты тәрбиелеп оқытуға негізделген. Қазақ халқының фольклорлық шығармаларын оқыту арқылы білім алушылардың көркем шығармашылығын дамыту және шыңдау. Оқыту нәтижесінде алған білімдері арқылы өмірге деген ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап (қылқобыз)
Пәннің мақсаты - білім алушылардың орындаушылық репертуарларын толықтырып, шығармашылық ізденісін шыңдау және орындаушылық техникасын қалыптастыру. Минорлы гаммаларды (натуралдық, гармониялық, мелодиялық) әртүрлі штрихтарта ысқышпен ойнауды үйрету. Сонымен қатар, қазақ және шетел композиторларының шығармаларын орындау, дәстүрлі кәсіби орындаушылықты үйрену. Түрлі жанрдағы пьесалар мен штрихтардың әртүрлі түрлерін ойнау арқылы өздерінің орындаушылық дағдыларын жетілдіреді. Музыкалық шығармаларды терең түсініп, оларды орындау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап (фортепиано)
Пәннің мақсаты - фортепиано аспабында (дыбыстардың орналасу жүйесі, қол саусақтарының қойылу, жаттығулар, кіші көлемді шығармаларды ойнау үлгілері, т.т.) үлгілік орындаушылық дағдылары мен әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Аспаптық сүйемелдеу дағдыларын меңгеру. Әртүрлі жанрлар мен стильдерде жазылған түрлі музыкалық шығармаларын мәнерлі орындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аспаптану
Пәннің мақсаты - білім алушыларды музыкалық аспаптардың түрлері мен атқаратын қызметі, дыбыс көлемі (диапозоны), дыбыс аумағы (регистрі), дыбыс бояулары (тембрі), олардың табиғи қасиеттері мен ерекшеліктері және өзара үндестігі жөнінде түсінік беру. Музыкалық аспаптардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіне отырып, оркестр партитураларына өзіндік талдау жасауды меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандық 3: Сыр өңірі мектептері
Пәннің мақсаты - Сыр өңіріндегі үш жыраулық мектеп өкілдерінің айтыс -мысалдары жөнінде түсініп, Сыр бойындағы жыраулық мектептердің орындаушылық ерекшелігін тәжірибеде көрсете білу. Әншілік жыршылық орындаушылық өнеріне баға бере отырып Сыр өңіріндегі әнші -жыршыларының, орындаушылық өнерін шығармашылықпен жеткізе білу. Сыр өңіріндегі әнші -жыршыларының, орындаушылық өнері мен шығармашылық орындаушылық қызметтерді үйлестіре алатын және қазіргі кезеңдегі орындаушылық мектептердің стильдік ерекшеліктерін ажырата білетін жоғарғы деңгейдегі орындаушылық шеберлігі бар, білікті мамандар даярлау. Арнайы концерттік репертуарларды даярлауға баулу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандық 3: Арқаның әншілік мектебі
Пәннің мақсаты - Арқаның әншілік дәстүрі халық және композитор әндері туралы түсініп, Арқа әншілік дәстүріндегі орындаушылық ерекшеліктерін негіздеу,сипаттау. Арқа әншілік орындаушылық мектебіне пікір айта отырып, Арқа әншілік мектебінің орындаушылығына (Біржан сал, Ахан) баға бере білу, орындаушылық өнерін сахнада көрсету. Арқа әншілік орындаушылық мектебіне жоғары дәрежелі, білікті және бәсекеге қабілетті, өзін-өзі жетілдіруге, әлеуметтік тұрғыдан икемделуге бейімделген жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейі жоғары дәстүрлі музыка өнері саласындағы кәсіби әнші, жыршы мамандарды дайындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жыраулық дәстүр тарихы
Пәннің мақсаты - халықтардың дәстүрлі музыкасын олардың тарихы мен мәдениетін оқу, жыраулық дәстүр тарихының мақсаты және міндетімен таныстыру, түрік-монғол тектес халықтарының біртұтас мәдени-этникалық ортасының қалыптасуы, көшпенді халықтардың музыкалық мәдениетінің әлем өнері жүйесіндегі алар орны, орындаушылық дәстүрмен музыкалық-тілдік ерекшеліктерін танып білу, дәстүрлі мұраның бүгінгі сипаты.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап (Домбыра)
Пәннің мақсаты - Домбыра аспабын үйрену білім алушының орындаушылық қабілеті мен шеберлігін шыңдауға тәрбиелеп оқытуға негізделеді. Домбыра аспабында орындаудың үлгілік нұсқалары мен әдіс-тәсілдерін үйрену. Музыкалық аспапта (домбыра) халық әндері мен күйлерін, жеңіл музыкалық шығармаларын орындау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнаулы музыкалық аспап 3
Пәннің мақсаты - күй өнеріндегі стиль және жанрлар туралы білімдерін жетілдіру, күйшілік мектептердегі орындаушылардың стильдік шеберлігін ажырата білу, аспаптық орындаушы ретінде сахна мәдениетін қалыптастыру және музыкалық шығармаларды түрлі жанрларды нақышына келтіріп орындау, кәсіби орындаушының орындаушылық қабілеті мен шеберлігін тәрбиелеп оқыту, музыкалық аспапта ән, күй және классикалық шығармаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оркестр класы
Пәннің мақсаты - музыкалық шығарманы оркестрмен бірге орындауда оркестр үндестігін сезіну. Оркестр құрамындағы әрбір музыкалық аспапқа арналып жазылған партияларды нотадан бірден оқу, партитурамен жұмыс. Сүйемелдеу ерекшелігін игеру, түрлі орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, түрлі музыкалық шығармаларды орындауда техникалық және мәнерлілік жақтарын салыстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллектіні дәстүрлі өнерде меңгеру
Білім алушылар жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі ұғымдарын, әдістерін және даму бағыттарын зерттеп, ЖИ жүйелерін құру алгоритмдері мен олардың практикалық қолданылуын меңгереді. Дәстүрлі музыка өнерінде ЖИ технологияларын қолдану шығармаларды және халық әндерін талдауға, олардың ырғақтық, гармониялық құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді. ЖИ құралдарын пайдалану арқылы білім алушылар әртүрлі стильдер мен жанрлардың ерекшеліктерін анықтап, оларды шығармашылық және зерттеу жұмыстарында тиімді қолдануға үйренеді. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін игеру білім алушыларға заманауи технологияларды нәтижелі пайдаланып, дәстүрлі музыка өнерінде жаңа идеялар мен инновациялық шешімдер әзірлеуге жол ашады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы педагогикалық дайындық
Пәннің мақсаты - білім алушыларға педагогикалық үдеріске қажетті кәсіби көзқарасты қалыптастыру және педагогикалық нұсқаулар мен тұжырымдарды ұтымды пайдалану. Білім алушыны шынайы ұстаздық келбетіне лайықты қызмет біліктеріне тәрбиелеп оқыту. Педагогикалық - психологиялық ұстанымдарға, әдіс-тәсілдерге сараптама жасап, бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дәстүрлі жыр, күй мектептері
Пәннің мақсаты - Қазақ дәстүрлі музыка өнерінің көлемді саласы аспап сүйемелдеуімен жыр айту және күйшілік дәстүр болып табылады. Жыршылық –күйшілік жанрлардың құрылымдық аймақтық орындаушылық ерекшеліктерін меңгерту. Арқа, Батыс, Сыр, Жетісу өңірлеріндегі өріс алған жыршылық, күйшілік мектептердің өзіндік шеберліктерін игеру. Дәстүрлі жыршылық-күйшілік мектептердің негізін қалаушы көрнекті өкілдерінің шығармаларын тереңінен үйренуіне баулу. Дәстүрлі орындаушының негізгі репертуарын жасақтау, байыту болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби орындаушылық /minor/
Пәннің мақсаты - музыкалық шығармаларды түрлі жанрларды нақышына келтіре орындап, тыңдаушыға жеткізе алу. Түрлі орындаушының шығармашылық шеберлігін салыстыру. Сахнадағы аспаптық орындаудағы кәсіби шеберлікке баға беру. Сахнада түрлі жанрлардағы музыкалық шығармаларды еркін орындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 4: Сырнай
Пәннің мақсаты - сырнай аспабын жеке орындаушы ретінде толық меңгеріп, концерттік орындаушылық мәдениетке баулу. Жеке әншіні сүйемелдеу дағдысы мен басқа да орындаушылық техникаларды игеру арқылы музыкалық шығармаларды шебер орындау дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар, музыкалық шығармаларды интерпретациялау, орындау әдістерін жетілдіру және әртүрлі жанрлар мен стильдердегі репертуарды кеңейту. Теориялық білімді тереңдету және практикалық дағдыларды дамыта отырып, музыкалық шығармалардың көркемдік және техникалық талаптарын толыққанды орындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыкалық технологияға шолу /Coursera/
Пәннің мақсаты - музыкалық технологиялар саласындағы негізгі бағыттар мен соңғы жетістіктерді игеру. Музыкалық шығармаларды жасау, жазу, өңдеу және тарату процестеріне технологияның әсерін қарастыру. Технологиялық инновациялар контекстіндегі музыкалық мәдениет пен тұтынушылық мінез-құлықтың өзгеруін зерттеу. Сандық аудио және бейне және музыкалық мазмұнды өңдеу құралдарымен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын игеру, шығармашылық процесте технологияларды қолдану. Білім алушыларды музыкалық технологиялар саласындағы кәсіби қызметке дайындау, соның ішінде тез өзгеретін технологиялық ортаға бейімделу және оны өз жұмысында пайдалану мүмкіндігі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жыр қорын қалыптастыру
Пәннің мақсаты - орындаушының жыр қорын қалыптастыру, оның шеберлігін шыңдау, есте сақтау қабілетін дамыту. Жеңіл шығармадан күрделі шығармаға негізгі репертуар жасақтау. Жыр қорын қалыптастыруда жыр жаттаудың негізгі тиімді жолдарына бағыт бағдар беру. (оқып жаттау,тыңдау арқылы жаттау,аспап сүйемелімен орындау арқылы жаттау) Терме, нақыл сөз, толғау, арнау, айтыс мысал, хикая, дастан, қисса болып табылатын жыр жолдарын білім алушының жадында сақтау арқылы жыр қорын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оркестр партитурасын жасау
Пәннің мақсаты - оркестр партитурасын жасау пәні білім алушыларды оркестрлік композицияның негіздерімен таныстыруға, оркестрлік аранжировканың ерекшеліктерін меңгеруге және кәсіби деңгейде партитура жасауға үйретуге бағытталған. Бұл пән оркестрдің әртүрлі аспаптарының дыбыс ерекшеліктерін, олардың техникалық мүмкіндіктерін және оркестрдегі үйлесімділігін түсінуді қамтамасыз етеді. Оқу процесі барысында білім алушылар оркестр аспаптарының диапазоны мен тембрлік ерекшеліктерін зерттейді, оркестрлік партитураны оқып-талдау әдістерін меңгереді, оркестр үшін музыкалық шығармаларды аранжировка жасаудың принциптерін үйренеді, түрлі стильдер мен жанрларда оркестрлік партитура жасау тәжірибесін алады, музыкалық шығарманың динамикалық және артикуляциялық ерекшеліктерін ескеріп, оркестрлік дыбыстауды қалыптастыру әдістерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орындаушылық өнер
Пәннің мақсаты - қазақ халық музыкасының ішіндегі жыршылық өнердің тарихи мұрасын зерттеу, орындаушылардың ұлттық өнерге қосқан үлестерімен, кейінгі ұрпаққа жеткізудегі еңбектері жайында кең мағлұмат беру. Орындаушылық дәстүрдің ерекшеліктері мен айырмашылықтарына мән бере отырып, білім алушылар өзіндік шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамытып, халық әндері мен жырларын белгілі орындаушылардың үн-бейне жазылымдарын тыңдау арқылы әнші-жыршылардың орындаушылық шеберліктерін меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 4: Қобыз
Пәннің мақсаты - қобыз ойнау техникасын жетілдіру және студенттердің сахналық шеберлігін дамыту. Әр түрлі стильдегі музыкалық шығармаларды орындау әдістерін үйрету. Сахнада өнер көрсетуде сенімділікті арттыру үшін концерттік тәжірибе жинақтау. Қобыз аспабын меңгерудің жоғары деңгейіне жетіп, сахнада кәсіби түрде өнер көрсету дағдысын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап 4: Домбыра
Пәннің мақсаты - домбыра аспабында ойнаудың теориялық негіздері мен әдістерін меңгеру, сахнада аспаптық орындаушы ретінде шеберлікті жетілдіру. Оқу процесі әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды еркін орындауға қол жеткізуге бағытталған. Студенттер сонымен қатар әр түрлі музыкалық стильде жазылған шығармаларды көрсетуді және олардың мағынасы мен эмоционалды тереңдігін көрермендерге таратуды үйренеді. Сонымен қатар, пән шеңберінде студенттер әр түрлі аспапшылардың орындаушылық шеберліктерін талдау және салыстыру қабілеттерін дамытады, бұл музыкалық шығармаларды толық қабылдауға және бағалауға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыкалық инновациялық технологиялары
Пәннің мақсаты - музыка саласындағы заманауи үрдістер мен инновацияларды зерделеу арқылы білім алушылардың музыкалық тәжірибесін дамыту. Музыкалық шығармашылықта цифрлық технологияларды, аудио-визуалды әдістерді және басқа да инновациялық тәсілдерді қолдануды қоса алғанда, жаңа аспектілерді зерттеу және игеру. Орындау техникасын, музыкалық интерпретацияны және композициялық дағдыларды жақсарту үшін инновациялық технологияларды қолдану. Шығармашылық мақсаттарға жету үшін заманауи технологияларды қолдана отырып, жеке және ұжымдық музыкалық жобаларды ұйымдастыру. Интерактивті оқыту әдістерін енгізу арқылы студенттердің музыкалық мәдениетін дамытуды қолдау. Музыка индустриясында кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту мақсатында студенттердің музыкалық ортада жаңа технологиялармен өзара әрекеттесуіне жағдай жасау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи жырлау үлгісін қалыптастыру
Пәнінің мақсаты - білім алушыларға қазіргі замандағы жыраулық көзқарас және шығармашылықты танымдық-құрылымдық аспектерін үйрету, олардың тарихи және көпті білімдерін беру. Жыраулық шығармаларды тарихи-хронологиялық аспектілерін зерттей отырып, әртүрлі заманның дамуы мен әлеуметтік-саяси процестерін байқап, жыраулық өнердің дамуын және олардың өзге байланыстарын талқылау. Жыраулық өнердің жанрлары мен стилдерін, олардың шығармашылық тәсілдерін, музыкалық тәсілдерін және инструменталдық әдістерін талдап, танымдық-құрылымдық байланыстарын анықтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Эпикалық жыр
Пәннің мақсаты - музыкалық эпикалық дәстүр және оның аймақтық ерекшеліктері шығыс халықтарында эпос айтушылардың алғашқы типтері, шамандық наным, бақсылық дәстүрмен байланысты болған. Эпостық шығармалардың жанрлық, стильдік, мазмұнды ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың құрылымы мен ерекшеліктерін музыкалық теориялық тұрғыдан зерттеу. Қазіргі кезеңде қазақ эпостық жанрлық, көркемдік тарихи және эпостық ерекшеліктерді, шығарманың музыкалық құрылымы, ладтық жүйесіндегі ерекшеліктерін зерделеу. Жыр-дастандарды еркін меңгеріп орындау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Музыкалық менеджмент
Пәннің мақсаты - музыкалық менеджмент пәнінің мəні негізгі міндеттерімен, ұжымды басқарудың ерекшеліктері жөніндегі біліммен таныстыру Музыкалық басқару ісінің кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. Қазіргі бәсекелестік заманында музыкалық менеджерлік қызметін ұйымдастыруға ынталандыру мен үйлестіру жұмысын жетілдіру жолдарын игеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ және әлем музыка тарихы
Пәннің мақсаты - өткен және қазіргі кезеңдер классиктерінің шығармашылығының тарихи және хронологиялық эволюциясын зерттеу. Қазақ және әлемдік музыкадағы түрлі жанрлардың қалыптасуы мен дамуы, олардың дамуының тарихи заңдылықтары мен әлеуметтік себептері туралы білім алу. Ғылыми-әдіснамалық білімді пайдалана отырып, қазақ және әлемдік музыкалық мәдениеттің бірегей ерекшеліктері мен тарихи контекстін түсіну үшін музыкалық трактаттар мен тарихи жазбалардың маңыздылығын бағалау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттердің негізгі теорияларды, әдіснамалар мен принциптерді түсінуге және қолдануға баса назар аудара отырып, таңдалған салада нақты білім мен дағдыларды игеруге ықпал ететін әдіс-тәсілдер жүйесін әзірлеуге бағытталған. Ол теориялық білімді тәжірибеде қолдануды, білім берудің қолжетімділігін жақсартуды және ақпараттық технологиялар, онлайн ресурстар және білім беру бағдарламалары арқылы оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтиды. Арнайы пәндерді оқытудың тиімді әдістері студенттердің теориялық материалды терең игеруіне, таңдалған салада табысты кәсіби қызмет үшін қажетті практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнаулы музыкалық аспап 4
Пәннің мақсаты - музыкалық аспапты жеке кәсіби орындаушы деңгейінде меңгертіп, концерттік орындаушылық мәдениетке бейімдеу, техникалық іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Шығарманы көркем, мәнерлі ойнауға машықтандыру. Қазақстан және шетел композиторларының түрлі музыкалық шығармаларына көркемдік талғамын қалыптастыру. Әрбір шығарманың жанрлық ерекшелігін талдай білуге баулу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орындаушылық шеберлік (жыр)
Пәннің мақсаты - дәстүрлі орындаушылықтың теориялық негіздерін оқыту, кәсіби орындаушының тұлғалық келбетін қалыптастыру. Дәстүрлі орындаушылықтың әдіс-тәсілдерін игеру. Білім алушылардың болашақ кәсіби іс-әрекеттеріне саналы шығармашылықпен қарауға мүмкіндік туғызу. Ғасырлар қойнауынан жалғасқан дәстүрлі өнер туындыларының заманауи сахнадағы орындаушылық үлгісін қалыптастыру және келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Продюсерлік қызметті ұйымдастыру
Пәннің мақсаты - Заманауи бәсекелестік жағдайына икемді, мәдениет пен өнер саласындағы музыкалық продюсерлік қызметті жан-жақты меңгерген кәсіби маманды даярлау. Түрлі деңгейдегі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды білу. Музыка саласындағы мәдени қатынастарды (студиялық жазба, репертуарды таңдау және өңдеу, техникалық дыбысталу, редакторлық түзету жұмыстары, т.т.) дамыту. Жастарға отандық мәдениетінің үлгілері арқылы тәрбиелеп оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы аспаптандыру
Пәннің мақсаты - ансамбль, оркестр ұжымындағы музыкалық аспаптарды көркем орындаушылыққа лайықтауды негізге алады. Музыкалық аспаптардың аппликатурасын, дыбыстық орындалу ерекшеліктерін білу. Музыкалық аспаптарды ноталық және әуендік аспаптандыру әдіс-тәсілдерін игеру. Жалпы аспаптандырудың үлгілік ноталық жазбаларымен жұмыс жасау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ансамбль
Пәннің мақсаты - ансамбльдік орындаудың кәсіби деңгейін игеру. Отандық және шетелдік композиторлардың музыкалық шығармаларының үндестігін ескеру, орындалу ерекшеліктеріне терең бойлау. Концерттік репертуарды таңдауға ерекше көңіл бөлу. Концерттік бағдарламамен сахналық орындаудың кәсіби үлгілік деңгейін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандық 4: Сыр өңірі мектептері
Пәннің мақсаты - Сыр бойындағы жыраулық мектеп жыр -дастандарының ерекшеліктері жөнінде түcінігін қалыптастыру. Сыр бойындағы жыраулық мектеп жыр -дастандарының ерекшеліктерін түсініп , тәжірибеде қолдана білу. Сыр бойындағы жыраулық мектептерінің жыр дастандарын айту негіздерін игеру. Мақам саздарын буынға бөліп аспапқа лайықтау тәсілдерін меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сахна мәдениеті
Пәннің мақсаты - сахна өнеріне кәсіби көзқарасты қалыптастыру,білім алушылардың сахнада сапалы және кәсіби өнер көрсету үшін қажетті дағдылары мен дағдыларын дамыту. Эстетикалық және мәдени аспектілерді зерттеу, тарихи және қазіргі тенденцияларды қоса алғанда, сахна өнеріндегі эстетика мен сөйлеу мәдениеттің маңыздылығын түсіну. Аудиториямен өзара әрекеттесу әдістерін үйрену, көрермендермен тиімді қарым-қатынас жасау үшін дауысты, мимиканы, қимылдарды және басқа да сахналық әдістерді қолдану. Сахналық презентация мен орындаушылық дағдыларды дамыту, сондай-ақ кәсіби қызметке дайындық. "Сахна мәдениеті" пәнінің мақсаты студенттердің кәсіби этикаға деген құрметін, қоғам алдындағы жауапкершілігін және сахна өнерінің қоғамның мәдени өміріндегі рөлін терең түсінуін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дәстүрлі ән-күйлерді ансамбльге өндеу
Пәннің мақсаты - халық әндері мен күйлерін ансамбльге өңдеп үйренудің дағдыларын қалыптастыру. Ансамбль құрамындағы музыкалық аспаптарының дыбысталу ерекшеліктерін (аппликатура, диапазоны, тесситура т.т.) білу. Дәстүрлі ән-күйлерді ансамбльге өндеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін үйрену. Әдебиет беттеріндегі музыкалық партитураларды зерделеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мамандық 4: Жетісу ән-жыр мектебі
Пәннің мақсаты - Жетісу әншілік мектептердің орындаушылық ерекшеліктерін меңгеру. Жетісу әншілік мектептердің көрнекті өкілі Сүйінбай өмірі мен шығармашылығын, репертуарын, дәстүр сабақтастығын, олардың стильдік ерекшелігін ажырата білу. Жетісу әншілік дәстүрде маңызды қызмет, дәстүрлі әндерді орындаудын өзіндік спецификалық ерекшеліктерін үйрету. Әншілік дәстүрдегі аймактық орындаушылық ерекшеліктерін, жеке орындаушының стильдік сипат ерекшеліктерін әуен мен аспап сүйемелінің арақатынасының маңызын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы музыкалық пән 4
Пәннің мақсаты - өнертанушылардың белгілі орындаушылар қақындағы еңбектерін қолдану арқылы, орындаушының өзіндік шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберліктерін және олардың шығармашылық өсуіне мүмкіндік беретін нақтылы концерттік репертуарды меңгерту. Орындаушылардың өнер туындыларын талдау арқылы, олардың шығармашылық тәсілдерін және техникалық ерекшеліктерін зерттей отырып, өзіндік стильін қалыптастыруға және жеке шығармашылық қабілетін арттыруға ықпал ету. Сонымен қатар, сахналық мәдениетті қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фольклорлық ансамбль
Пәннің мақсаты - "Фольклорлық ансамбль" пәнінің мақсаты-отандық композиторлардың халық шығармалары мен шығармаларын орындауға мамандандырылған ансамбльдердің кәсіби деңгейін дамыту. Фольклорлық музыкалық шығармалардың сипаттамаларын, олардың орындалу ерекшеліктерін және дәстүрлі эстетиканы терең зерттеуге баса назар аударылады. Студенттер халық музыкасының әртүрлі жанрлары мен стильдерін зерттейді және ұлттық музыкалық шығармаларды және олардың мәдени мұраға маңыздылығын ескере отырып, концерттік репертуарды талдайды және таңдайды. Негізгі мақсат-музыканттарды сахнадағы кәсіби қызметке дайындау, музыкалық орындаудың жоғары деңгейін және халық музыкасының мәдени ілгерілеуін қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орындаушының жеке концерттік репертуары
Пәннің мақсаты - орындаушының жеке концерттік репертуары дәстүрлі орындаушылық мектептердің таңдаулы шығармалары негізінде жасақталады. Білім алушылардың дауыс және орындаушылық мүмкіндіктерін ескере отырып, дәстүрлі орындаушылар арқылы жеткен әндердің әртүрлі нұсқаларын меңгерту. Жыраулық-орындаушылық мектептердің өкілдерінің шығармаларын меңгеру арқылы репертуар аясын кеңейту. Сонымен бірге өзіндік ізденіс қабілетіне байланысты ел аузында немесе ән жинақтарында сақталған шығармаларды қайта жаңғырта орындау арқылы жеке репертуар қорын жасақтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Гуманитарлық, әлеуметтік-саяси, тілдік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, экологиялық білім және кәсіпкерлік саласындағы білімдерін кәсіби міндеттерді шешуде қолданады.
- Музыкалық қабілетін дамытады, кәсіби орындаушылықтың негіздерін меңгереді.
- Музыкалық репертуармен жұмыс жасауда шығарманың мазмұндық құрылымын біледі және көркем орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Музыкалық аспапта дыбысты мәнерлеп ойнауды көрсетеді.
- Қазақ музыка тарихындағы дәстүрлі жыр, күй мектептерінің орындаушылық ерекшеліктерін біледі, әлемдік музыка өнеріндегі аспаптық музыкалық шығармаларды теориялық тұрғыда талдай алады. Қазақ халық шығармашылығының тарихы мен дамуын, халықтық-кәсіби композиторларының, дәстүрлі әнші және аспапта орындаушылардың шығармашылығын біледі.
- Кәсіби орындаушылық өнердің әдістерін жан-жақты игереді. Халықтық, классикалық музыкалық шығармаларды оркестр және ансамбльде орындап, сахнада өнер көрсетеді.
- Арнайы пәндерді оқыту әдістемесін меңгеріп, мақам-саз үлгілерін талдауда заманауи технологиялардың тәсілдерін қолданады.
- Білім беру жүйесінде арнайы педагогикалық дайындықты ғылыми- шығармашылық бағытта ұйымдастыра алады.
- Орындаушылық мектеп өкілдерінің шығармаларынан жеке репертуар жасай алады, сахнада орындаушылық мәдениетін біледі. Актерлік техника мен сахналық қозғалыс элементтерін меңгереді. Жыраулық және аспаптық орындаушылық өнерінің дағдыларын көрсетеді.