Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07525 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) в Қазақ технология және бизнес университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экономика, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері саласындағы құзыреттерді, сондай-ақ кәсіптік қызметте кәсіпкерлік дағдылар мен қаржылық сауаттылықты дамытады
  • Математикалық талдау әдістерін және табиғи ғылымдар саласының негізгі заңдарын қолдана отырып, мамандыққа қатысты пәндерді терең меңгереді, алынған білімдерді ғылыми зерттеулер мен кәсіби қызметке тиімді біріктіреді
  • Стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкес келуін дәлелдеу мақсатында өнім сапасын бақылау және өлшеулер нәтижелерін талдайды
  • Өлшеу құралдарының жағдайын бақылау үшін негізгі жасанды интеллект алгоритмдерін қолданады, өлшеулердің дәлдігін және өндірістік-экономикалық процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған метрологиялық жұмыстарды ұйымдастырады
  • Қазіргі заманауи әдістемелерді қолдана отырып, таңбаланған өнімнің сәйкестендіру сипаттамаларын талдайды, жалғандық белгілерін анықтап, өнімнің шынайылығын бақылауды сенімді және ашық қамтамасыз етеді
  • Жасанды интеллект үлгілерінің статистикалық әдістерін және қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайту, өмір қауіпсіздігін және ұтымды тұрақты дамуды қамтамасыз ете отырып, тәуекелдерді талдаудың квалиметриялық деректерін пайдалана отырып, процестерді қадағалауды жүзеге асырады
  • Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік процестердің сапа жүйесінің талаптарына және ХАССП қағидаттарына сәйкестігін бағалайды
  • Өнімнің қауіпсіздігін және халықаралық стандарттау мен сертификаттау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін аккредиттеу субъектілерінің қызметінде және сапа менеджментінде біріктірілген процестерді пайдаланады
  • Кедендік және мемлекеттік бақылау талаптарына сәйкес сынау нәтижелерін және өнімнің сипаттамаларын сараптауды негіздейтін кәсіпорындарда сапа аудитін жүргізеді
  • Сертификатталған өнімнің сапасын арттыру мақсатында инспекциялық бақылау, стандарттау бойынша құжаттарды әзірлеуде практикаға бағытталған қызметті қолданады
Top