Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01703 Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Болашақ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы бойынша оқу-білім процесін жетілдіруге, кәсіби және педагогикалық дағдыларды дамытуға, тілдік және әдеби үдерістерді талдау мен саралау саласындағы құзыреттіліктерді игеруге, заманауи концепциялар мен әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен дәйектей білетін креативті тұлғалы маманды қалыптастыру; тіл және әдебиеттің заманауи тұжырымдамалары мен жетістіктерін, сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық тәсілдерін терең меңгеру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әдебиеттануға кіріспе, әдеби шығарма, сөз өнері, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім береді; қазақ әдебиетінің негізгі құндылықтарына сипаттама жасайды. Білім алушылардың оқудағы жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізеді.
  • Тіл білімінің, түркология және әдебиет теориясы (шығарманың көркем және стильдік тәсілдері мен әдістерін, жанрлары мен типтерін, т.б.) мәселелерін меңгергенін көрсетеді. Оқыту тәжірибесін жақсарту үшін бағалау нәтижелерін қолданады.
  • Қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының басқа да мәдениеттері мен тілдерінің, шет тілдерінің байлығын оқыту мен тәрбиелеу процесіне біріктіреді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдықты сіңіреді; өзекті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайларға бағдарлана отырып, экология, экономика, құқық және қаржылық сауаттылық саласындағы міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект құралдары мен кәсіпкерлік білімді пайдалана отырып, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын, оның ішінде цифрлық ортада қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Шет елдердегі қазақ әдебиетінің өкілдерімен танысады, қалыптасу кезеңдерін зерделеу бойынша әдістер мен тәсілдерді қалыптастырады, қазақ ауызша әдебиетін, балалар әдебиетінің көркемдік ерекшелігін, әдеби құндылықтарға жататын әдеби мұраны меңгереді; сөйлемдерді байланыстыра алады, әңгімелер айта алады, шығармалар жаза алады, тілді және оның грамматикалық құрылымын меңгереді.
  • Латын графикасы негізінде қазақ жазуын меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Әліпби түзу практикасы мен теориясын және орфография, емле ережелері мен аударма теориясын меңгереді. Оқыту тәжірибесін жақсарту үшін бағалау нәтижелерін қолданады.
  • Инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырып, оқушылардың даму динамикасын оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарламалары негізінде инклюзивті білім беру процесінде талдай біледі; білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық процесін бақылап, мұғалімдердің жұмысын басқара біледі. Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады. Оқу нәтижесінде студент педагогика негіздерін, жалпы және жас ерекшелігі психологиясын терең меңгереді.
  • Мәтіндерді талдаудың теориялық ұстанымдарын меңгеріп, стилистиканың теориялық негізін тілдің грамматикалық заңдылықтарын біледі; аглютинативті қазақ тілі мен флективті орыс тілінің құрылымындағы айырмашылықтарға байланысты ерекшеліктерін әр сала бойынша салыстыра зерттеп, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және қолданады. Оқу әдістемесі мен оқыту технологияларының негіздерін меңгереді.
  • Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелерде теория мен практиканы ұштастыру және инновациялық әдіс-тәсілдер мен біліктіліктерді тиімді пайдалана біледі, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін терең меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын, соның ішінде сандық технологиялар мен мазмұнды қолданады. Білім алушыларға мектепте және ұжымда бейімделуге үйретеді.
  • Ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдерінен бастап, орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын, ежелгі дәуір әдебиетінің идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, әдеби мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан меңгереді. Білім алушылардың пән бойынша білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын дамытады.
  • Жалпы тіл білімінің мәселелерін білу, тіл мен мәдениеттің қатысын анықтау, мәдени-аралық коммуникациялық рөлін білуі. Қазақ тілінің фонетикалық нормасын, тілдік екпін ерекшелігін, морфемалық және синтаксистік құрылымын игереді. Оқыту тәжірибесін жақсарту үшін бағалау нәтижелерін қолданады.
Top