Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) в ҚМТУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өнімнің және өлшеу құралдарының қауіпсіздігін бағалау, сынау, бақылау және қамтамасыз ету.
  • Техникалық реттеу саласындағы білімді өнімге, онымен байланысты процестерге және қызметтер көрсетуге қойылатын талаптардың орындалуын белгілеу кезінде туындайтын заңнаманың негізгі қағидаттары негізінде қолдану
  • Жалпы инженерлік білім негізінде өндіріс объектілері мен үрдістеріне талдау, жобалау жүргізу.
  • Жүйелік тәсіл мен ғылыми зерттеу әдістері негізінде проблемалық жағдайларға сыни талдау жасау, жасанды интеллекттің заманауи технологияларын қолдана отырып іс-қимыл стратегиясын жасау.
  • Техникалық объектілерге, өнімге, процестерге және қызметтерге нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және өзектендіруді жүргізу
  • Тәуекелдерді талдау және статистикалық әдістер негізінде өндірістің сапасы мен тиімділігін арттыруды басқару
  • Стандарттау және өнім сапасының сәйкестігін растау, кәсіпорындардың сапа жүйелерін аккредиттеу және сертификаттау саласындағы қызметті жүзеге асыру.
  • Өлшеулердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету негізінде машина жасау бұйымдарының берілген сапасын қамтамасыз ету үшін өндіріс, оның ішінде сервистік қызметтер көрсету процестерін ұйымдастыруға, орындауға және бақылауға қатысу.
  • Қоршаған ортаның жай-күйіне антропогендік әсерді барынша азайтуға, ресурс үнемдеуге және энергия тиімділігіне, техносферадағы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасауға бағытталған орнықты даму мен экологиялық заңнама қағидаттарын ескере отырып, кәсіби мәселелерді шешу үшін қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы білімді қолданады
  • ҚР Конституциясының негізгі ережелерін, қолданыстағы заңнаманың ережелерін, материалдық және процессуалды құқықтың өзара іс-қимыл тетігін қолдану.
  • Маркетинг, бизнес-жоспарлау және жобаларды басқару саласындағы білім мен дағдыларды пайдалана отырып, кәсіп шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлігін жүзеге асыру
  • Өндіріс объектілері мен процестерін есептеуде, талдауда және жобалауда математикалық, физикалық және химиялық заңдарды қолдану
  • IT-технологияларды кәсіби қызметте қолдану
Top