Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08674 Су ресурстары және суды пайдалану в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Жоғары математика

    Пәннің мақсаты: мамандыққа байланысты қолданбалы есептерді шешуге қажетті сандық есептеулер мен зерттеу әдістерімен, математикалық түсініктермен, математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру. Пәннің міндеттері: алгебра элементтерін және аналитикалық геометрия және математикалық талдау негіздерін оқып үйрену. Білім алушы математикалық модельдеу әдістері мен аппараттары және математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы туралы алған білімдерін мамандық бойынша қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гидрохимия

    Пәннің мақсаты - Судың құрылымы, органикалық емес заттардың негізгі кластары, химиялық реакциялардың заңдылықтары, ерітінділер мен тотықтану, қалпына келу үдерістері туралы білімдерді жасақтау арқылы химиялық ойлануды дамыту. Бұл білім судың сапалық құрамын анықтауда қажет.Таңдау әдістерін және химиялық аналитикалыққоршаған орта объектілерін,биологиялық, геохимиялық, геофизикалық, геотехникалық және гидрологиялық зерттеулерді талдау. Табиғи сулардың сапасын нормалауды меңгеру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Су шаруашылығы мен мелиорацияға кіріспе

    Жер үсті және жер асты суларын экономиканың түрлі салаларында пайдалану шаралары, суды қорғау және оның зиянды әсерімен күресу, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, коммуналдық шаруашылықты сумен қамтамасыз ету, жерді мелиорациялау, гидротехника мен су көлігі жәйлі мағлұмат беру. Әрбір шаруашылыққа қажет болатын су мөлшерін, су қоймасының топографиялық көрсеткіштері негізінде, оның су сыйымдылығын сумен қамтамасыз етілуін, өзен суының құбылмалылығын, сонымен қатар су қашыртқы арқылы ағызылып жіберілетін судың мөлшерін анықтауда қолданылатын гидрологиялық есептеулер, су шаруашылық жүйесінің техникалық жай-күйін арттыруға және жұмысын жақсартуға, табиғи кешендердің экологиялық тұрақтылығын сақтауға, оның ішінде өзендер (көлдер, теңіздер) бассейндері ағыстарын қайта бөлу немесе басқа жаққа бұру арқылы сақтауға бағытталған шаралар кешені жәйлі жалпы түсінік береді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Геодезия

    Геодезия, картография және топография бойынша жалпы мәліметтер, сондай-ақ жер бетінің жекелеген нүктелерінің геодезиялық координаталарын анықтау әдістері қарастырылады. Топографиялық түсірілімдерді орындау, гидротехникалық құрылыстардың осьтерін нивелирлеу және бөлу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физика

    «Физика» пәнін оқытудың мақсаты - негізгі физикалық құбылыстарды зерттеу. Классикалық және қазіргі физиканың негізгі ұғымдарын, заңдары мен теорияларын игеру. Ғылыми дүниетаным мен заманауи физикалық ойлауды қалыптастыру. Заманауи ғылыми жабдықтармен танысу, физикалық эксперимент жүргізу дағдыларын қалыптастыру, жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдеріне тән шамалардың сандық ретті бағалауды үйрену.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инженерлік геодезия

    Пәннің мақсаты: білім алушыларға ғимараттар мен құрылыстарды салу кезіндегі геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлері мен құрамын үйрету; ғимараттар мен құрылыстарда кездесетін деформацияларды байқауды, сонымен қатар инженерлік ізденістер орындауды, инженерлік-геодезиялық зерттеулер бойынша есептерді шеше білуді меңгерту. Негізгі геодезиялық аспаптарды пайдалана алады, ғимараттар мен құрылыстарды салумен байланысты геодезиялық жұмыстарды орындай алады. Геодезиялық жұмыстарды жүргізу әдістерін және геодезиялық түсірілімдердің нәтижелерін өңдеу әдістерін біледі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәннің мақсаты - ұтымды экономикалық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру; болашақ жұмыс үшін маман ретінде қаржылық сауаттылық білімдерін игеру және экономикалық салада тиімді өзін-өзі жүзеге асыру. Курс алынған білімді күнделікті өмірде одан әрі тиімді қолдану мақсатында жеке қаржылық жоспарлау, депозиттер, қаржы және кредит, сақтандыру, инвестициялар, зейнетақы, салықтар және басқа да қаржы санаттары сияқты негізгі бөлімдерді қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гидравлика және жер асты механикасы I

    Гидравлика анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеулерін және сұйықтықтың нақты тепе-теңдік теңдеулерін зерттейді. Сұйықтық ағымының режимдерін, сұйықтық ағындарындағы гидравликалық кедер-гіні, гидравликалық құбырлардың әдістемесін, тесіктерден, саптамалардан және құбырлардан сұйықтықтың ағуы мен гидравликалық соққыны, гидравликалық секіру құбылысын қарастырады. Гидростатика және гидродинамиканың заңдарын қолданып су шаруашылығына байланысты гидравликалық тапсырмаларды шеше алады. Болашақ мамандар да сұйықтарда орын алатын негізгі гидравликалық процестер мен құбылыстар және заңдылықтар негізінде білімді қалыптасты-ру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мелиорация және мелиоративтік топырақтану негіздері*

    «Мелиорация және мелиоративтік топырақтану негіздері» пәні болашақ бакалавларға ауыл-шаруашылығы өндірісінің негізгі нысаны топырақты әртүрлі тұрғыдан қарастыра отырып білім береді және топырақты мелиорациялаудың инженерлік әдістерін, гидромелиоративтік жүйені жобалау мен тиімді пайдалануды және мелиоративтік жұмыстарды жүргізуді экономикалық негіздеуді үйретеді.Білімгерлерге топырақтың қасиеттеріне мөлшерлік тұрғыдан баға беруді үйрету; топырақты жақсарту мен топырақтың құнарлылығын арттырудың әдіс-терімен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гидравлика I

    Пән гидравлика анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеулерін және сұйықтықтың нақты тепе-теңдік теңдеулерін зерттейді. Сұйықтық ағымының режимдерін, сұйықтық ағындарындағы гидравликалық кедергіні, гидравликалық құбырлардың әдістемесін, тесіктерден, саптамалардан және Суағарлардан сұйықтықтың ағуын, құбырлардағы гидравликалық соққыны, гидравликалық секіру құбылысын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геология және гидрогеология

    Курстың мақсаты-студенттердің геология, гидрогеология және инженерлік геология саласында теориялық білім алуы және практикалық шешімдерді игеру, Су шаруашылығы жүйелерін, гидротехникалық құрылыстар мен ауыл шаруашылық сумен жабдықтау және суландыру объектілерін жобалау, салу және пайдалану кезінде су шаруашылығы бакалаврына қажетті. Жер асты гидросферасының құрылысы, жерасты суларының негізгі түрлері, олардың қасиеттері мен өзара байланысы, қолданылу мақсаттарын түсіндіру, гидрогеологиялық карталармен қималар тұрғызуды, соның негізінде талдаулар мен қорытындылар жасауды үйрену.Су шаруашылығы есептеулерінде пайдаланылатын геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамаларды анықтай білу

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері

    Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ландшафттану негіздері

    Адамзаттың антропогендік әрекетін ескере отырып, ландшафт пен ландшафт-географиялық белдеулердің теориялық негіздерін білу. Қазіргі ландшафтардың тұрақтылығын талдай және анықтай білу. Ландшафтық және компоненттік карталармен жұмыс істей алады.Табиғи және антропогендік ландшафтардың қалыптасуының негізгі табиғи заңдылықтарын біледі. Жер ресурстарын басқару және жерді ұтымды пай-далануды ұйымдастыру бойынша көптеген проблемаларды конструктивті шешу үшін ландшафтық-экологиялық әдістерге ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гидрология және гидрометрия*

    Әртүрлі гидрометриялық өлшеу аспаптарының құрылымын, ағынның деңгейі мен тереңдігін, сұйықтық ағысының жылдамдығын, су мен тұнба шығыны мен ағынын анықтау тәсілдерін; гидрометриялық өлшеу аспаптарын дұрыс пайдалану мәселелерін білу

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Климатология және метеорология

    Атмосферада жүретін және белгілі бір табиғи жағдайларда ауа райы мен климатты қалыптастыратын процестердің физикалық мәнін білу; Жер атмосферасының құрылысы мен қасиеттері мен атмосфералық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары туралы теориялық білімге ие болу; метеорологиялық бақылауды жүргізудің негізгі әдістері мен құралдарымен жұмыс жасай білу; атмосферадағы процестер мен құбылыстардың өзгеруіне сапалық және сандық талдауды талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік

    студенттерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кәсіпкерлік қызметті тиімді жүргізу үшін қажетті дағдылар мен білімді қалыптастыруға бағытталған. Ол нарықтық экономика жағдайында ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу, енгізу және сәтті пайдалану үшін қажет экономика мен басқарудың негізгі аспектілерін қамтиды. Пәннің негізгі мақсаты студенттерді Ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпорындарды құру және жұмыс істеу процестеріне әсер ететін экономикалық принциптер мен тетіктерді түсінумен қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы шешімдердің экономикалық тиімділігін талдау және бағалау дағдыларын дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Климаттық тәуекелдер және оларды басқару

    Бұл пән білімгерлерге ауа-райының өзгеруі, ҚР егін шаруашылығына оңды және кері түрде әсер етіп жатқандығын түсіндіру. ҚР ауа-райының өзгеру салдарының бірі болып ауыз суы тапшылығы саналады. Сонымен «Су шаруашылығы» секторында ауа-райының өзгеруіне бейімделу бойынша әрекет ету басты бағдары болып ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланумен қоса су қорларын ластамау мәселесі табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

    Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экология және тұрақты даму

    Пәннің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Экология мен тұрақты даму арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды түсіндіру; табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық проблемаларға шешім табу жолдарын үйрету. Пәннің мазмұнында экологияның негізгі заңдылықтары, табиғат ресурстарының сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қалдықтар мәселесі және басқа экологиялық мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Гидравлика және жер асты механикасы II

    Пән гидравлика анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеулерін және сұйықтықтың нақты тепе-теңдік теңдеулерін зерттейді. Сұйықтық ағымының режимдерін, сұйықтық ағындарындағы гидравликалық кедергіні, гидравликалық құбырлардың әдістемесін, тесіктерден, саптамалардан және Суағарлардан сұйықтықтың ағуын, құбырлардағы гидравликалық соққыны, гидравликалық секіру құбылысын қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Инженерлік және компьютерлік графика

    «Инженерлік және компьютерлік графика» пәнінің мақсаты – білім алушыларға графикалық бағдарламаларды қолданып, графикалық бейнелерді құрастыру әдістерін және тәсілдерін меңгерту. Сондай-ақ, цифрлық кескіндер мен бейнелерді құруды, өңдеуді және қалпына келтіруді үйрету. Білім алушылар Corel Draw, Adobe Photoshop графикалық редакторларымен жұмыс жасау барысында танымдық белсенділігі жетілдіріледі және алған білімдеріне қатысты мамандықтарға қызығушылығы артады.Курсты оқу барысында білім алушылар компьютерлік графика саласы жайлы, графикалық редакторлардың жұмыс жасау қағидасы мен мүмкіндіктері турасында білімдерін тереңдетеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ГидравликаII

    Пән гидравлика анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеулерін және сұйықтықтың нақты тепе-теңдік теңдеулерін зерттейді. Сұйықтық ағымының режимдерін, сұйықтық ағындарындағы гидравликалық кедергіні, гидравликалық құбырлардың әдістемесін, тесіктерден, саптамалардан және Суағарлардан сұйықтықтың ағуын, құбырлардағы гидравликалық соққыны, гидравликалық секіру құбылысын қарастырады.Гидростатика және гидродинамиканың заңдарын қолдана отырып су шаруашылығына байланысты гидравликалық тапсырмаларды шеше алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Композиттік материалдар

    Пәнді оқытуда композициялық материалдарды іріктеу, жасау және пайдалану, оларды қабылданған нормативтік критерийлерге сәйкес бағалау үшін қажетті білімді қалыптастырады. Композициялық материалдардың өнеркәсібіндегі негізгі мәселелерді және оларды шешу жолдарын, шикізат түрлерін, құрылымдарын, керамика мен әйнек негізіндегі композициялық материалдардың физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау әдістерін игереді. Сонымен қатар, қолдану аясына сәйкес композициялық құрылыс материалдарын өндіру технологиясын оқытып үйретеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Су шаруашылығындағы инклюзивті білім беру

    «Су шаруашылығындағы инклюзивті білім беру» пәні су ресурстары және су жүйелерін басқару саласындағы инклюзивті білім берудің принциптері мен тәжірибесін зерттеуге бағытталған. Курс шеңберінде студенттер барлық санаттағы студенттердің, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім мен кәсіби дағдыларға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған инклюзивті білім беру бағдарламаларын құрудың теориялық және әдістемелік аспектілерімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • AutoCAD және автоматтандырылған жобалау жүйелері негіздері

    Пәннің мақсаты: инженерге қажетті көп өлшемді жобалаудың барлық құралдарын, үлгіні автоматты түрде кәсіби дайындауды, әртүрлі есептеулерді, шығармашылық сызбаларды, техникалық сипаттамалар мен сипаттамаларды, техникалық есептеулер нәтижелері бар мәліметтерді, сондай-ақ автоматты өлшеу құралдарын, позицияларды табу және т. б. қолдану мүмкіндігі болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құрылыс материалдары және бұйымдары

    Құрылыс материалдарының құрылысы мен негізгі қасиеттері. Тау жыныстарынан құрылыс материалдарын өндіруге арналған табиғи тас материалдар мен шикізат. Минералды шикізатты термиялық өңдеуден алынатын материалдар. Минералды балқымалар негізіндегі материалдар. Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар. Органикалық емес тұтқыр заттар негізіндегі құрылыс материалдары. Органикалық шикізат негізіндегі құрылыс материалдары

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибе әдістемесінің негіздері

    Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеу әдістерін, эксперименттерді жоспарлау принциптерін зерттеу. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар зертханалық және далалық эксперименттер жүргізу қабілетін көрсетеді; эксперименттердің нәтижелерін өңдеу мен талдауды орындайды; жерге орналастыру және кадастр саласында ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізе алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Суды әкету және төгінді суларды тазарту

    Пәннің мақсаты студенттерге төгінді суларды әкету жүйесі және оларды тазарту әдістері үйрету.Қазақстандағы елді мекендердің төгінді суларды әкету жүйесіңің жұмыс істеу режимі. Төгінді сулардың құрамы және оларды тазарту тәсілдерін таңдау.Су әкету жүйесінің түрлерін және төгінді суларты тазарту әдістерін біледі.Төгінді суларды әкету тәсілдерін және оларды құрамына байланысты тазартуды меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сумен жабдықтау

    Қалаларды, елді-мекендерді, үйлерді, ғимараттарды сумен жабдықтау, су әкету жүйелерімен қамтамасыз етуді үйрету. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі құрылыстың құнын төмендететін еңбек шығыны мен жобалық-сметалық құжаттарды шығару мерзімін азайтатын техникалық шешімдерді қабылдай біледі. Су пайдалану кезінде су, жер заңдарын және табиғи ресурстарды қорғау ережелерінің қағидаларын пайдалануға қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Су кадастры және мониторинг*

    Табиғи суларды пайдаланудағы мемлекеттік зандылықтарды оқып үйрену. Су кадастры. ҚР-ы су ресурстарын пайдаланудың мониторингісі. Табиғи су ресурстарын пайдаланудағы ҚР-ң зандылықтарын біледі.Табиғи су ресурстарын пайдаланудағы мониторингты зерттеу жіәне жасақтау жолдарын менгерген.Белгіленген талаптарды, қолданыстағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтай отырып, жұмыстардың орындалу барысын бақылау. Орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасының есебін жүргізу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Суды тазалау технологиясының негіздері

    Бұл пәнді оқу барысында студенттер табиғи және ағынды суларды тазарту қондырғыларын, сорғы станцияларын жобалауды, олардың экономикалық тиімділігі мен пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті бағалауды үйренеді. Сондай -ақ олар табиғи және ағынды суды жекелеген объектілер мен ғимараттарға қажетті деңгейге жеткізе білуі керек, сондай -ақ су объектілеріне төгілмес бұрын ағынды суларды тазартып, санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыра алуы керек

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Гидрология және ағынды реттеу

    Білім алушыларға өзен ағынының факторы және түзілу заңдылықтары; өзен және көл режимдері; суағарлар және суаттардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын өлшеу мен анықтаудың әдістері мен техникалық құралдары туралы қажетті білім беру.Өзен ағынының пайда болу заңдылықтары мен өзендердің, көлдердің, батпақтардың қоректенуі, су режимдері мен арна процестерінің су эрозиясы туралы толық мәлімет алады; өзендер мен гидромелиоративтік жүйелердегі негізгі гидрометриялық өлшеу жұмыстар мен қолданылатын құралдарды және есептеу әдістерін оқып біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жер асты суларын іздеу және барлау

    Жер асты сулары кен орындарының сыныптамасын және құрылыс ерекшеліктерін зерделеу, жер асты сулары қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның талаптарын ескере отырып, оларды іздеу, барлау және қорларды есептеу әдістемесі. Жер үсті және жер асты суларындағы техногендік байланысты экономикалық және экологиялық аспектілерді әзірлеу

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Гидрологиялық жүйелерді модельдеу

    Модельдеу саласында студенттердің базалық білім жүйесін қалыптастыру гидрологиялық процесстер.Жобалауда қабылданған шешімдерді негіздеу үшін табиғи және табиғи-техногендік объектілердің жай-күйін бағалау үшін зерттеулер жүргізу мүмкіндігі. Табиғатты пайдалану және суды пайдалану объектілері.Жаратылыстану ғылымдарының негізгі заңдылықтарын, әдістерін пайдалана білу, математикалық талдау және модельдеу, теориялық және эксперименттік кәсіби мәселелерді шешудегі зерттеулерді нығайту

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жағалық және арналық су алу тораптары

    «Жағалық және арналық су алу тораптары»: су тарту құрылыстары саласында білім алу болып табылады. Жер үсті және жер асты суларының су алу құрылыстарын жобалау және пайдалану дағдыларын меңгеру. Пәнді оқу нәтижесінде болашақ бакалавр алған білімін іс жүзінде жүзеге асыруға , оны соңғы технологияларды пайдалана отырып су тарту құрылыстарын жобалау және салу кезінде пайдалану және өздігінен білім алуға қабілетті болуын

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Су шаруашылығының ғылыми негіздемесі

    Су шаруашылығының ғылым мен зерттеу туралы, ғылыми-тәжірибелік зерттеулерді жүргізу әдістері жөнінде білімді игереді; зерттеу әдістемесін таңдай алады, эксперименталды зерттеулерді жоспарлай және жүргізе алады. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алады. Өлшеудің техникалық құралдарын, өлшеудің қазіргі заманғы әдістерін және эксперименттер деректерін өңдеуді меңгереді. Ғылыми-зерттеу эксперименттерінің нәтижелерін талдайды,олардың негізінде тиісті қорытындылар жасайды. Далалық тәжірибені орындай біледі және талдау жасайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемалары

    «Трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемалары» пәнінің мақсаты – болашақ мамандарға трансшекаралық табиғи су ресурстарын ұқыпты және тиімді пайдалану шараларын, су қорларын қорғау әдістерін үйрету. Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су көздерін пайдалану проблемалары жөнінде ғылыми тұрғыдан білім беру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру

    Пән бағдарламасында білімгерлерді сумен қамту, суландыру және лас суларды әкету жүйелерімен, олардағы жеке құрылымдар мен қондырғылардың түрлерімен, су тұтыну және лас суларды ағылу мөлшерлерімен, жүйелерді жобалану есептерімен, судың сапасын жақсарту шараларымен таныстырады. Жүйелерде қолданылатын құрылымдардың, құрылымдардың, жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін меңгеру үшін құбырлар мен құрылымдарды ұтымды таңдай алады. Жүйелерде қолданылатын құрылымдардың, құрылымдардың, жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін меңгеру, құбырлар мен құрылымдарды ұтымды таңдауды зерттейді. Қазақстан Республикасының су заңнамасының, су объектілері мен су қатынастары объектілерінің негізгі қағидаларын білу. Су қорын қорғау және суды пайдалану саласындағы меншікті мемлекеттік реттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Су құбырлары жүйесінің жабдықтары

    гидравлика заңының қағидалары бойынша жұмыс істейтін ғимараттар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелері мен құрылыстарын жобалау, салу, пайдалану туралы теориялық білімдер саласында студенттердің құзыреттіліктерін қалыптастыру. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру технологияларын әзірлеу қабілеті

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гидротехникалық құрылымдар I

    Гидротехникалық құрылыстардың негізгі пара-метрлері мен түрлерін; су ресурстарын пайдалану жағдайында гидротехникалық құрылыстардың жұмыс істеуін басқару әдістерін білу; гидро-техникалық құрылыстардың құрылысын жобалау. Көктемгі және тасқын суларды табиғи құбылыстардан, жалпы және жергілікті шығын-дардан қорғау тәсілдерін, күрес әдістерін, төменгі ағыстардағы гидротехникалық құрылыстарды жөндеу әдістерін, орта және кішіө зендерді қорғауды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының территориясының су ресурстары және сумен қамтамасыздығы

    «Қазақстан Республикасының территориясының су ресурстары және сумен қамтамасыздығы» пәні болашақ мамандарға ҚР бар су ресурстарының гидрологиялық ерекшеліктерін, олардың таралуын және халық шаруашылығы салаларының сумен жабдықтауын, сонымен қатар су ресурстары және суды пайдалану саласын тиімді пайдалану бойынша практикалық мәселелерді үйретеді. Су ресурстарын тиімді пайдалану және суды пайдалану бойынша өзіндік практикалық мәселелері. Көршілес елдердің шаруашылық салаларының дамуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағына келетін су ресурстарын пайдалануды жоспарлауды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Су шаруашылығындағы геоақпараттық жүйелер

    Геоақпараттық жүйелердегі негізгі ұғымдарды білу және түсіну, қазіргі ГАЖ функционалдығы, басқа автоматтандырылған жүйелер арасындағы ГАЖ орны, ГАЖ құралдары мақсатты пакеттер мен мүмкіндіктер. Пәннің мақсаты - геоақпараттық технология тұрғысынан су ресурстары, гидрогеология, инженерлік геология жəне геология мəселелеріне қатысты теориялық жəне практикалық мағына беру. Курсты меңгерген соң студент: - ГАЖ-ді қолдану облыстары; атрибутивті ақпарат; растрлық жəне векторлық модельдер; топологиялық модельдер; деректерді енгізу тəсілдері; картографиялық проекциялар туралы көрініс алуды үйренеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Су қорын қорғау және су пайдалануды мемлекеттік бақылау*

    «Су қорын қорғау және су пайдалануды мемлекеттік бақылау» пәнінің мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасы су заңдылығының негізгі принциптерін, су нысандары және су қатынастарының нысандарын үйрету. Міндеттері - су шаруашылық құрылымдары мен су нысандарын пайдалануға қойылатын табиғатты қорғау талаптарын; су фондын қорғау және суды пайдалану саласындағы мемлекеттік нормалауды меңгеру. Қазақстан Республикасының су заңнамасының, су объектілері мен су қатынастары объектілерінің негізгі қағидаттарын біледі. Су қорын қорғау және суды пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуге иелік етеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Насостар және насос станциялары

    Болашақ мамандарға ауыл шаруашылық саласында сумен қамтамасыз ету, төгінді (сарқынды) суларды әкету және құрғату жұмыстардағы насос станцияларын жабдықтайтын насостардың түрлері мен, құрылымдарын және олардың теориялық негіздерімен таныстырып, әр түрлі насос станцияларын жобалаудағы білімді қалыптастыру. Ирригациялық және дренаждық жүйелердегі сорғы станцияларының жобаларын әзірлеу және пайдалану бойынша құзыретті. Сорғы станцияларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды дұрыс бағыттай білу; дренаждық және сарқынды суларды бұрудағы өзгерістерді ескеру технологиялық параметрлер бойынша қосылған гидромелиоративтік жүйелер

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Су шаруашылығы құрылысын жобалаудағы BIM-технологияларының негіздері

    Тұжырымдамалық шешімнен бастап құрылыстың сметасы мен күнтізбелік жоспарын жасауға дейін ақпараттық модельдеу (BIM) технологиясын пайдалана отырып, гидротехникалық құрылыстарды жобалау бойынша кәсіби қызмет үшін тұлғалық қасиеттерді дамыту және құзыреттерді қалыптастыру Гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану, жөндеу және қайта жаңарту кезінде BIM-технологияларды пайдалану мүмкіндіктері. Autodesk Revit және Advance Revit пайдалана отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімдерін бақылау. Пайдаланушыларды ақпараттық модельдің негізгі файлына енгізу. Түзету әрекеттері. Өнеркәсіптік бақылау, сапаны бақылау, еңбекті қорғау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоба-сметалық құжаттар негіздері*

    Құрылыстағы есептік нормалауды жүргізу. Бағалау түрлері, олардың мақсаты мен құрамын білу. Ресурстық және ресурстық-базалық әдістермен сметаларды жасау ережелері мен тәртібі. Жергілікті және объектілік сметаларды жасау ережелері мен тәртібі. Құжат айналымының негіздері, қазіргі заманғы стандартты есеп беру талаптары, жобалық-сметалық құжаттаманың құрамы, ресімдеуге, есеп беруге, сақтауға қойылатын талаптар, жобалық-сметалық құжаттаманы беру ережелері, құрылыс-монтаждау өндірісіндегі, оның ішінде әрлеу жұмыстарындағы өндірістік-шаруашылық қызметті техникалық-экономикалық талдау әдістерін сақтау

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Гидромелиоративтік жүйелерді басқару мен пайдаланудағы жасанды интеллектті қолдану

    Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану және автоматтандырылған басқарудың негіздері. Су ресурстарын мониторингтеу және болжау үшін жасанды интеллектті қолдану әдістері. Гидромелиоративтік объектілердің жай-күйін бағалау үшін машиналық оқыту және деректерді талдау. Су ресурстарын бөлу мен су режимін болжауға арналған интеллектуалды жүйелер. Гидротехникалық құрылыстарды басқаруға арналған цифрлық платформалар және сенсорлар. Гидромелиоративтік жүйелерді жөндеу, пайдалану және мониторингтеу процестерін автоматтандыру. Экологиялық аспектілер және су ресурстарын тиімді пайдалануда ЖИ қолдану

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Cу ресурстарын кешенді пайдалану

    «Cу ресурстарын кешенді пайдалану» пәнінің мақсаты – болашақ инженерлерге кәсіби қызметіне үлкен ықпалын тигізетін қажетті білім беру. Су ресурстарын кешенді пайдалану мүмкіндіктерін, қалпына келтірілетін су ресурстарын, бүгінгі күннің сумен қамту проблемалары және судың кері әсерін әкету, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары негізінде орындалатын су шаруашылығының бағдарламаларын оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақаба суларды тазалау станцияларын жобалау және есептеу

    Ағынды суларды тазалаудың тиімді әдістерін таңдауды, судың қажеттілігін және маңыздылығын түсіндіру, ағын суларды тазалау туралы мағлұматтар беру. Ағынды сулардың құбырлардан, коллекторлардан және суағарлардан ағу ерекшеліктерін білу, есептеу формаларын дұрыс қолдана білу, еңістерді, құбырлардың толтырылу дәрежесін және судың жылдамдығын дұрыс есептей білу. Сумен жабдықтау және канализация объектілерін бағалау әдістерін қолдану. Есепті, техникалық, нормативтік және әкімшілік құжаттарды дайындау

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сала экономикасы

    Осы пәнді оқу кезінде студенттер басқару шешімдерін қабылдау әдістерін қоса алғанда, экономиканың жұмыс істеуінің теориялық негіздерін үйренеді. Олар нақты жағдайларды талдау кезінде кәсіпорындар қызметіндегі негізгі мәселелерді анықтай алады, сонымен қатар осы жағдайларды шешудің жолдарын ұсына алады және күтілетін қаржылық нәтижелерді бағалай алады. Олар заманауи нарықтық білім беру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді өз бетінше игерудің практикалық дағдыларын игере алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Су бұру жүйелері

    Қалаларды, елді-мекендерді, үйлерді, ғимараттарды сумен жабдықтау, су әкету жүйелерімен қамтамасыз етуді үйрету. Ағынды суларды тазартудың тиімді әдістерін таңдау, судың қажеттілігі мен маңызы, ағынды суларды тазарту туралы түсінік береді. Су шаруашылығы нысандары мен құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды өндірудің заманауи технологияларына иелік етеді. Еңбек шығындарын және жобалық-сметалық құжаттаманы шығару мерзімдерін азайтатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде құрылыс құнын төмендететін техникалық шешімдер қабылдауды біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоба шешімдерін сараптау

    Жобаның сараптамасы болашақ салынатын объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кезеңі болып табылады. Сараптама пайдалану қауіпсіздігін, құрылатын ғимараттар мен құрылыстардың конструктивті сенімділігі мен тұрақтылығын, жоғары сапалы архитектуралық -жобалық шешімдерді, жобалық құжаттамада құрылыс материалдарын, материалдық, қаржылық және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Жобалық шешімдерді сараптау жобаның техникалық деңгейін бағалауды, оны жүзеге асыру мерзімін, күтілетін кірісті, шығындарды, нарықты талдауды қамтиды. Инновацияларды енгізудің орындылығы туралы шешім әртүрлі арнайы әдістер қолданылатын жалпылау нәтижелері бойынша қабылданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Су шаруашылық жүйелерін автоматтандыру

    Пән техникалық объектілерді басқару саласында бакалаврларды даярлауға арналған. Ол микроконтроллерлері бар заманауи цифрлық басқару жүйелерінің архитектурасын, осындай жүйелерді талдаудың, синтездеудің және жобалаудың негізгі кезеңдерін зерттейді. Микроконтроллерлері бар басқару жүйелерін математикалық сипаттау, классикалық және заманауи басқару теориясының әдістерін қолдана отырып талдау және синтездеу мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су шаруашылығындағы экономика және менеджмент

    Пәннің мақсаты: «Су шаруашылығындағы экономика және менеджмент» тиімді экономика, ирригациялық және дренаждық шаруашылықты ұйымдастыру және нарықтық қатынастарды дамыту, су шаруашылығының оңтайлы нұсқаларын таңдау саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастыру. мелиоративтік жерлерді игеру мен пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, оқу барысында білім алушылар су шаруашылығы объектілерін экономикалық бағалаудың негізгі кезеңдері мен әдістері туралы білім алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты: өндірістік, экологиялық, энергетикалық қауіпсіздік пен гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігінің негізгі мәселелерін реттеуді зерттеу. Гидротехникалық құрылыстардың негізгі параметрлері мен түрлерін; су ресурстарын пайдалану жағдайында гидротехникалық құрылыстардың жұмыс істеуін басқару әдістерін білу; гидротехникалық құрылыстардың құрылысын жобалау. Көктемгі және тасқын суларды табиғи құбылыстардан, жалпы және жергілікті шығындардан қорғау тәсілдерін, күрес әдістерін, төменгі ағыстардағы Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу әдістерін, орта және кіші өзендерді қорғауды үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гидротехникалық құрылымдар II

    Пәннің мақсаты - мелиоративтік жүйелердегі гидротехникалық құрылымдардың түрлерін іріктеу, көп бөлшекті күрделі құрылымдарды құрастыру, жобалау және есептеу әдістерін таныстырып үйрету; гидротехникалық құрылымдарды зерттеу әдістерімен таныстыру, гидротехникалық құрылымдардың қоршаған ортаға келтіретін әсерлерін ескере отырып өзен бойындағы жеке құрылымдар мен торабтарды, суғару жүйелеріндегі құрылымдарды жобалаудың принциптерімен, әдістерімен таныстыру және үйрету

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын қайта құру*

    Әлеуметтік және кәсіби қызметі барысында экожүйені сақтау мен қорғау шараларын білу; су заңнамасының ережелері мен су пайдалану кезінде табиғи ресурстарды қорғау ережелері, құқықтық білімді өмірдің әр саласында қолдана білу

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су шаруашылығының жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу технологиясы

    Білімгерлерді жоспарлау-ізденіс, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру әдістері, өндірістік процесстер және жұмыстарды келешекке, жылдық, өтпелі және жүйелі жоспарлаудың жаңа әдістері, жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамсыз ету, құрылыс жұмыстарының сапасын басқару тақырыбындағы сұрақтармен таныстыру, оқыту және үйрету

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Суғару мелиорациясы

    Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін қолайсыз табиғи жағдайларды (гидрогеологиялық, топырақтық, агроклиматтық) түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру шаруашылық және техникалық шаралар жүйесі

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Экологиялық және өндірістік орта мен олардың қауіпсіздігі арасындағы өзара байланыстар туралы білімді, алдын алудың негізгі әдістерін, экологиялық және өндірістік салалардағы жағымсыз элементтердің әсерін төмендетуді; денсаулықты қорғау, өндірістегі тіршілік және еңбек қауіпсіздігі мәселелерінде хабардар болуды көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы білу. Бизнес басқару жүйесінде әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану дағдыларын меңгеру; кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалауда құзыретті болу. Ерекше қажеттіліктері бар студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету әдістерін білу, әлеуметтенуге көмектесу және табысты оқу мен даму үшін қолайлы жағдай жасау.
  • Су шаруашылығы мен мелиорациялық жұмыстардың негіздерін; су құрылымын, химиялық реакциялардың заңдылықтарын білу мен түсінуді көрсету. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі қағидаттарын, су объектілері мен су қатынастарының объектілерін білу. Судың сапалық құрамын анықтай білу. Жер сапасын жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін иелену.
  • Қолданбалы есептерді шешуге қажетті сандық есептеу әдістері мен математикалық аппараттың негіздерін; физикалық құбылыстар мен қазіргі физика заңдарын; физикалық жағдайларды модельдеу, кәсіби есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру туралы білімдерін көрсету. Негізгі топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындай білу. Бейорганикалық тұтқырлы заттар мен органикалық шикізатқа негізделген құрылыс материалдарының құрылымы мен негізгі қасиеттерін білу.
  • Гидравликалық секіру құбылысы, сұйықтық ағынының режимі, сұйықтық ағындарындағы гидравликалық кедергі, гидравликалық құбыр техникасы туралы білімдерін көрсету. Қаржы нарығының жұмыс істеу механизмінің экономикалық негіздерін, жерді ұтымды пайдалану, оларды эрозиядан қорғау мәселелерін шешуде ландшафттық тәсілді меңгеру. Топырақ режимдерін реттеу әдістерін, егіншіліктің негізгі заңдарын білу. AutoCAD жобалау-сызу жұмыстары мен құралдарының автоматтандырылған стандартты жүйелерін қолдана білу. Сыбайлас-жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қасиеттері және құқықтық мәдениеті артады. Инклюзивті білім берудің принциптері мен тәсілдерін, оның ішінде оның су ресурстарын басқару контекстіндегі маңызын талдау қабілеті, сондай-ақ білім алушылардың барлық санаттары үшін білімнің қолжетімділігінің қажеттілігін түсіну.
  • Сумен жабдықтау, сарқынды суларды суландыру және бұру жүйелерін, ондағы жекелеген құрылыстар мен қондырғылардың түрлерін, суды тұтыну және сарқынды суларды ағызу нормаларын білу мен түсінуді көрсету. Суару әдістерін шебер қолданыңыз, өсімдік тамырларын ылғал мен қоректік заттармен қамтамасыз етуді жақсартыңыз, жер үсті ауа қабатының температурасын біліңіз. Сорғы станцияларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды дұрыс бағыттай білу; гидромелиоративтік жүйелердің технологиялық параметрлерімен байланысты сарқынды суларды ағызу және бұру өзгерістерін ескеру. Су қорын қорғау және су пайдалану саласында мемлекеттік нормалауды меңгеру.
  • Гидротехникалық құрылыстарды жобалау жөніндегі нормативтік құжаттаманың құрамы мен мазмұнын білу; су жинау гидротораптары туралы мәліметтерді құрастыру; су жинау гидротораптарының сыныптамасы; сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде құрылыс құнын төмендететін, еңбек шығындарын және жобалау-сметалық құжаттаманы шығару мерзімдерін төмендететін техникалық шешімдер қабылдай білу; таңдау құрылымдардың түрлері мен шешімдері және гидротехникалық құрылыстарды жобалау принциптері.. Мемлекетаралық келісімдер негізінде трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану және мемлекет мүдделерін қорғау мәселелерінде құзыретті болуға. Құрамына қарай сарқынды суларды бұру және тазарту әдістерін; су шаруашылығы объектілері мен құрылыстарын салу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің қазіргі заманғы технологияларын меңгеру.
  • Су шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесін білу. Электрондық цифрлық карталарды құрудың практикалық дағдыларын меңгеру, ГАЖ технологияларының көмегімен автоматтандырылған режимде жобалауға қабілетті болу. Тұжырымдамалық шешімнен бастап құрылыстың сметасы мен күнтізбелік жоспарын жасауға дейін ақпараттық модельдеу технологиясын (BIM) пайдалана отырып, Гидротехникалық құрылыстарды жобалау бойынша кәсіби қызметте құзыретті болу. Гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану, жөндеу және реконструкциялау кезінде BIM-технологияларды пайдалана білу. Құқық салалары бойынша базисті білімді қолданады.
  • Ғылыми зерттеу әдістерін, эксперименттерді жоспарлау принциптерін; су жинау гидротораптарына қойылатын талаптарды; арналардағы құрылыстарды жобалаудың негізгі кезеңдері мен принциптерін және құрылыстарды есептеу әдістерін білу. Гидромелиорациялық жүйелерді пайдалану және суару жүйелерінде су пайдалану жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарында құзыретті болуға. Ғылыми-техникалық ақпаратты пайдалану, алынған нәтижелерді түсіндіру, Су шаруашылығы саласындағы есептерді қорғау және дәлелдеу.
Top