Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01502 Биология в Шымкент университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі қоғамдағы тарихи-философиялық және рухани процестер туралы білімді; ғылыми-зерттеу жұмысы барысында туындайтын міндеттерді шешу тәсілдерін қолдану
  • Көптілділік жағдайында әдеби, іскерлік жазбаша және ауызша сөйлеуді, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру; пайымдау мен айтылым логикасын талдау
  • Оқытудың теорияларын, белсенді әдістері мен инновациялық технологияларын меңгеру. Жоғары мектепте оқыту әдістері арқылы білім алушылардың мотивациясын дамыту. Жоғары білім беру саласында педагогикалық жоспарлауды жүзеге асыру
  • Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының теориялық негіздерін меңгеру. Жоғары білім берудің заманауи тенденцияларын анықтау. Жоғары мектепте педагогикалық және психологиялық қарым-қатынасты, педагоикалық шеберлікті жүзеге асыру
  • Білім алушылармен жұмыс істей алады; биология саласында білім, ілімдер мен дағдыларды қалыптастыру үшін оқытудың әртүрлі әдістерін қолданады; оқу-тәрбие процесін жоспарлайды
  • Тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде биология, жаратылыстану және оқыту әдістемесі саласында кешенді зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру
  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізудің заманауи әдістемелерін меңгеру; биология үшін маңызды жаңа ғылыми фактілерді алуға мүмкіндік беретін биология саласында заманауи эксперименттік зерттеулер жүргізу дағдыларын қолдана білу; зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізу әдістері; зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері
  • Оқу процесінде және биологияны электрондық оқытуда ақпараттық-іздестіру міндеттерін шешу үшін ақпаратты іздеудің заманауи технологияларын практикада қолдану; компьютерлік техника мен жасанды интеллектті пайдалануға негізделген биологияны оқытудың заманауи әдістерін меңгеру
  • Білім беру ұйымдарында биология және жаратылыстану пәндерін оқыту кезінде биологияның заманауи зерттеулерінің нәтижелерін және ғылым жетістіктерін жалпылау және қолдану
  • Биологиялық процестерді молекулалық-биологиялық деңгейде зерттеудің, сондай-ақ қоршаған ортаның биоәртүрлілігін сақтау үшін биоресурстарды ұтымды пайдаланудың заманауи әдістерін қолдану
Top