Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01506 География в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Болашақ кәсіби, қоғамдық қызметте базалық және бейіндік пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды оқыту процесінде қалыптасқан білімді қолдана алады. Өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін дамытады және жетілдіреді.
  • Өзінің кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде, әлеуметтік маңызды педагогикалық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде құқықтық және этикалық нормалар білімін пайдалана алады.
  • Ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың кәсіби деңгейін қамтамасыз етеді, басқарушылық және психологиялық мәдениетті қалыптастырады және дамытады.
  • Географиялық картографиялаудың инновациялық технологияларын меңгереді, Қазақстанда заманауи білім беруде картографияның теориясы мен негізгі тұжырымдамалары мәселелерін талдайды, картография мен геоинформатиканың мектеп географиясындағы рөлі мен маңызын бағалайды. Кеңістіктік ойлау, географиялық мәліметтермен жұмыс істеу және оларды талдау дағдыларын сипаттайды.
  • Географиялық мәліметтерді, статистикалық көрстекіштерді, ақпараттық комуникациялық технологияларды, есептеулерді жүргізеді, салыстырмалы сипаттама беруде тілдік сөздіктер (қазақша-орысша-ағылшынша) қолдана алады.
  • Географияда сандық ресурстарды пайдалану, табиғи өсім, қоныстану және урбанизация географиясы, халықтың өмір сүру сапасы туралы түсініктерді дамытумен байланысты кәсіби құзыреттерді қалыптастырудағы статистикалық, сандық ақпараттарды пайдалана біледі.
  • Географиялық инновациялар ұғымдарын, инновациялық критерийлік белгілерді анықтайды, геоинновацияның осы түріне тән белгілі бір критерийлер мен параметрлерді айқындайды, қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық қызметті басқару негізінде қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновацияларды жіктеу әдістемесін меңгереді.
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады, жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың, студенттердің интеллектуалдық қабілетін арттырады. Интерактивті карталар, виртуалды турлар және модельдеу арқылы географиялық процестер мен құбылыстарды салыстырады. Білім алушылардың оқу тапсырмалары мен жобалық қызметін орындау үшін, жасанды интеллектке негізделген платформаларды пайдаланады.
  • Адамдардың планеталық қоғамдастығын, табиғат пен қоғам бірлігін біртұтас түсіну үшін біздің заманымыздың ғаламдық проблемалары туралы білімдер жүйесін иеленеді. Қоғамдық қатынастардағы географиялық үрдістердің маңыздылығын түсінеді.
  • Жалпы мәдени және интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және дамытуда, кәсіби қызметінде ғылыми бағытын таңдауда техногенез, жасанды ландшафттар, техногендік рельеф, үрдіс, аймақтардың географиялық ерекшелігі туралы мәліметтерді түсінеді.
  • Экономикалық-географиялық сипаттаманы қалыптастырады, аймақтық айырмашылықтардың себептерін талдайды, диаграммаларды құрастырады, әлеуметтік және экономикалық-географиялық зерттеулердің заманауи әдістерін қолданады. Білім беруде білім мазмұнын өзгерту ғана емес, негізгі мақсаты ретінде кәсіби қызметтің әртүрлі салаларындағы стандартты және типтік емес міндеттерді өз бетінше шешу қабілетін дамыту.
  • Географиялық өлкетану және өз облысының физикалық-географиялық жағынан зерттеу туралы біледі. Қаланың заңды және нақты шекараларын ажыратады, әртүрлі елдердің мәдени-географиялық модельдерін түсінеді, индустриализацияланған және дамушы елдердегі урбанизация ерекшеліктері туралы түсінігі бар.
  • Географиялық ашулар тарихын, географиялық ерекшеліктердің қалыптасу тарихын, мәдениетті география салаларының қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, қоғамдағы орнына талдау жасай алады . Қоғамдағы коммерциализациялау үрдісінің ғылыми техникалық дамуға, қызметке әсерін бағалауды меңгереді.
  • Білім берудің жаңартылған мазмұнында география сабақтарында оқушылардың білім алуы мен іскерлігін қалыптастырудың инновациялық технологиялар арқылы мүмкіндіктері мен жолдарын үйренеді, географиялық деректерді картографиялық өңдеу, цифрлық білім беру платформаларын қолдану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.
Top