Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01502 Физика мұғалімдерін даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару,
  • Педагогика мен білім беру психологиясының теориялық негіздеріне сәйкес инклюзивті білім беру ортасын, сондай-ақ психологиялық жайлылық пен білім алуға тең қолжетімділікті ескере отырып, оқу жетістіктерін объективті және ашық бағалаудың тиісті технологияларын қолдану
  • Қатты денелердің құрылымы мен негізгі физикалық қасиеттерін білу, физика заңдары мен заңдылықтарын практикада, электр тоғын алуда қолдану. Қатты дене физикасының қазіргі теориялық идеяларын қолдана білу. Қатты денелерде, электрлік техникада болатын құбылыстар мен процестерді сипаттау, талдау, білу.
  • Оқу пәнінің мазмұнының логикасын, физиканы, астрономияны оқыту әдістемесін түсіну. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оқу мақсаттарын қоя білу, оқу материалдарын дайындау, оқытудың белсенді және инновациялық әдістерін қолдану. Пән бойынша жұмыс бағдарламасын әзірлеу, оқытуды практикамен байланыстыру
  • Негізгі математикалық ұғымдар мен амалдарды қолдана отырып, оларды физикалық есептерді шешуде қолдана алады. Теориялық физиканың, қазіргі заманғы жаратылыстанудың, ғаламның физикалық көрінісінің негізгі бөлімдері туралы білімді көрсету және оларды кәсіби қызметте қолдану. Теориялық физика саласында аналитикалық және технологиялық шешімдерді енгізу.
  • Мектептегі физика есептерін шығару әдістемесін, оқу экспериментінде пайдаланылатын техникалық құралдар мен өлшеу аспаптарының, оқу радиоэлектрондық аппаратурасы жұмысының физикалық негіздерін меңгереді. Оқу процесінде зертханалық жабдықтар мен өлшеу аппаратураларын қолданады. Физика бойынша мектеп эксперименттерінің технологиясы туралы білім көрсетеді.
  • Практикалық есептерді шешу үшін жалпы физиканың іргелі заңдарын қолдануға қабілетті. Оқытуда қолдануға қажетті көлемде табиғи құбылыстар мен процестерді сипаттауға, талдауға, модельдеуге физиканың заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдану.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
Top