Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01402 Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістері мен тәсілдерін, сабақты зерттеуді, экспериментті жоспарлау мен қоюды, процестерді талдауды, эксперименттік деректерді бағалау мен түсіндіруді, сондай-ақ арт-менеджмент және арт-білім беру саласындағы инновацияларды қолдануды пайдалана отырып, білім алушылардың жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру.
  • Психологиялық-педагогикалық ғылым мен инклюзивті білім беру талаптарына, сондай-ақ қауіпсіз пәндік-кеңістіктік және денсаулық сақтау ортасының талаптарына сәйкес оқушылардың көркемдік және техникалық шығармашылық процесін, жобалық қызметін басқару.
  • Кәсіби қызмет бейіні бойынша заманауи жоғары өнімді машиналар мен жабдықтарды қолдану, әртүрлі материалдарды өңдеу технологияларын дағдыларын көрсету
  • Оқушыларды белсенді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке, сондай-ақ қоғамдағы өзара іс-қимылға бейімдей отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру.
  • Кәсіби қызметте бұйымдарды жобалау және өндіру үшін электротехниканың, жаратылыстану және математика ғылымдарының негізгі процестерін, формулалары мен модельдерін талдау
  • Кәсіптік және жалпы білім беру ұйымдарының оқу үрдісінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану
  • Оқу үрдісінің сапасын арттыру үшін сыни ойлауды, критериалды бағалауды және білім берудегі заманауи трендтерді қолдана отырып, оқытудың белсенді әдістерін пайдалану
  • Көркемдік-білім беру қызметінде қолдану мақсатында композициялық және өзге де материалдардың қасиеттерін анықтау
  • Инклюзивті білім беруді ескере отырып, аралас және қашықтықтан оқыту жағдайында ұйымдастырушылық-басқарушылық және кәсіби қызмет үшін педагогикалық, сандық және IT-технологияларды қолдануға негізделген білім беру үрдісін талдау
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері саласындағы жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсету.
  • Сәндік-қолданбалы шығармашылықта компьютерлік дизайн мен инженерлік графиканың технологиялары мен әдістерін қолдану
  • Материалдарды көркемдік өңдеу мен түрлендірудің технологиялық процестерін және оларды пайдаланудың заманауи талаптарын білу негізінде сәндік және қолданбалы өнер, еңбек өнімдерін жасау.
Top