Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05348 Физика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Механика

    Курс жалпы физиканың бөлімі болып табылады. Мұнда қоршаған ортада болып жатқан процестерді терең түсіну үшін қажетті механиканың негізгі қағидалары мен заңдары қарастырылады. Механиканың негізгі бөлімдері кинематика, динамика, статика бойынша игерген білімдерінің нәтижесінде студенттер физиканың басқа ғылымдармен байланысын, сонымен бірге іргелі әсерлесу заңдылықтары туралы түсініктерін пйадалана отырып, күрделі есептерді шешу және физикадан эксперименттер жүргізу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Математикалық анализ

    Курс білім алушыларға математикалық анализдің негізгі ұғымдары бойынша негізгі теориялық мәліметтерді береді, яғни функция түсінігі, оның анықталу облысы, мәндерінің облысы, функцияның шегі, үзіліссіздігі, оның туындысы және анықталмаған және анықталған интеграл ұғымдарын қарастырады. Осы ұғымдарға теориялық мәлімет бере отырып, физикадағы қолданыстары қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер типтік есептерді математикалық анализ әдістерін қолдана отырып шешу дағдысына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Молекулалық физика

    Құбылыстың физикалық механизмінің мәнін ашып, нақты процестерде орын алатын термодинамикалық параметрлер өзгерісін қарастырады. Атомдар мен молекулалар, шекаралық құбылыстар мен фазалық ауысулар, қатты дене физикасының ұғымдары модельдік негізде интерпретацияланады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер молекулалар қозғалысы мен молекулалардың өзара әрекеттесуі, заттың ішкі құрылымы туралы тәжірибелерден алынған мәліметтерге сүйене отырып, жүйе күйі мен онда өтетін процестер жайында түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Электр және магнетизм

    Курс жалпы физиканың бөлімі болып табылады. Мұнда электростатика, тұрақты электр тоғы, магнитостатика, электр және магнит өрістеріндегі зарядталған бөлшек қозғалысы, айнымалы ток тізбектері және т.б. қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер электр және магнетизм курсындағы теоремалар, анықтамалар және заңдылықтарды, сонымен қатар физикалық модельдер мен әдістерді теориялық және қолданбалы есептерді шешеуде қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ықтималдықтар теориясы

    Пән білім алушыларға ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктерін түсіндіреді. Білім алушыларды оқиғалар алгебрасы мен дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамаларын, кездейсоқ процестер теориясының элементтерімен таныстырады. Білім алушылар ықтималдық кеңістік, үлкен сандардың және шекті теориялардың заңдарын меңгереді. Ықтималдықтар теориясының негізгі формулаларын қолданып, есептер шығаруға үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия

    Курс матрицалар мен анықтауыштар теориясын, Комплекс сандар өрісінің негізгі ұғымдары туралы түсініктерді, сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің негізгі әдістерін (Гаусс әдісі, Крамер ережесі және кері матрица әдісі) қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер студенттер координаттық жүйелер және жазықтықтағы түзу теңдеулерін жаза білу және жазықтықтағы екінші ретті қисықтардың канондық теңдеулеріне байланысты есептерді шығару дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Векторлық және тензорлық талдау негіздері

    Пән векторлық және тензорлық талдаудың әртүрлі есептерін шешудің дұрыс ғылыми тәсілін қалыптастырады. Физикалық жүйелерді теориялық және компьютерлік моделдеудің міндеттерін тиімді шешуге, тензорлық идеология негізінде физикалық-техникалық процестердің сандық есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Студенттердің физикалық және математикалық ойлау стилін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар ғылыми есептерді сауатты қою және оларды шешу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оптика

    Пән студенттерде геометриялық, толқындық және кванттық оптикадағы негізгі заңдылықтар мен принциптер жайлы жалпы ой қалыптастырады; студенттерді негізгі оптикалық құбылыстар, оптикадағы негізгі физикалық шамалар және эксперименталды зерттеу әдістерімен таныстырады; эксперимент барысында құрылғылар, олардың жұмыс істеу принциптерін және физикалық өлшеулерді орындау дағдыларын меңгереді; оптика курсынан алған білімдерін тәжірибеде және кәсіби қызметінде қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физикадан ғылыми - зерттеу жұмыстарын жобалау

    Физика саласындағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды жүйелеу, шоғырландыру және кеңейту, оларды нақты ғылыми-зерттеу, техникалық, экономикалық және өндірістік міндеттерді шешуде қолдану болып табылады. Студенттердің өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау және жасау дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді игеру және келелі мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. Пәнді меңгеру барысында студенттің қазіргі өндіріс, ғылым, технология жағдайындағы өзіндік жұмысқа дайындығы, оның кәсіби құзіреттілік деңгейі қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Атом құрылысы мен қасиеттері

    Курс жалпы физиканың бөлімі болып табылады. Кванттық жаңа көзқарастың пайда болу негіздерін, атомның күрделі жүйе екендігін, оның алғашқы Томсон, Резерфорд модельдерін және радиоактивтік құбылыстарды қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар классикалық көзқарастардың әлсіздігін кванттық теория негізінде түсіну арқылы, атом жүйесінде болатын құбылыстарды және процесстерді заманауи тұрғыдан дұрыс ұғыну дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиканың компьютерлік әдістері

    Күрделі операциялық ортада мәтіндерді өңдейтін қолданбалы пакеттер, ақпараттарды графикалық елестету жұмыстарын жүргізу болып табылады. Студенттер физика есептерін шығаруда, компьютердің көмегіне сүйене отырып онымен жұмыс жасау, физиканың әртүрлі бөлімдерінен күрделі есептер шығарған кезде тәжірибе алу арқылы түрлі құралдарды пайдалану, физика есептерін шығарғанда, физикалық процестерді модельдегенде, ақпараттарды өңдеген кезде компьютерлік әдістерді қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Электродинамика

    Электрмагниттік құбылыстарды сипаттау мен зерттеудің негізгі теориялық әдістерін оқып үйрену және меңгеру және классикалық электродинамика есептерін өз бетінше қою және шешу дағдыларын меңгеру. Студент электродинамика саласындағы ғылым мен техниканың қазіргі даму тенденциялары туралы түсінігі болуы тиіс. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер жалпы және теориялық физика курсының заңдылықтарын меңгере отырып, күрделі есептерді шешуде, заттардың физикалық қасиеттеріне заманауи технологиялар негізінде эксперименттік зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электротехника негіздері

    Тұрақты және айнымалы ток электр тізбектреі, бір фазалы және үш фазалы синусоидалы ток электр тізбектері, магниттік тізбектер, сонымен қатар электр энергиясын өндіру, тасымалдау, тұтынушыларға тарату және өндірісте, ауыл шаруашылығында пайдалану қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер алған теориялық білімдері негізінде электротехниканың заңдылықтарын тәжірибеде тексеру, электр тізбектерін жинақтау, электр өлшеуіш аспаптары мен құралдарын қолдану дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теориялық механика

    Курс теориялық физиканың бөлімі болып табылады және үш бөлімен тұрады (кинематика, динамика, статика). Материалдық денелердің қозғалыс заңдылықтары мен қозғалыс себептері, денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдылықтары қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер материалдық нүктенің, қатты дененің және механикалық жүйенің тепе-теңдігі мен қозғалысын зерттеу әдістерін меңгере отырып, теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижелерін өңдеу және оларды талдау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикадан олимпиадалық есептерді шығару әдістері

    Жалпы физика курсы бойынша олимпиадалық есептерді шешудің әдіс тәсілдерін, есептерді шешуде математикалық аппараттарды және физикалық формулалар мен заңдарды тиімді қолдануды қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар физикадағы күрделі есептерді шешуде физикалық және математикалық амалдарды қолдану, әр түрлі тапсырмаларды шешуде уақытты тиімді пайдалау және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін стандартты емес есептерді қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Дифференциалдық теңдеулер теориясының іргелі ұғымдарымен таныстыру, дифференциалдық теңдеулердің түрлері айнымалысын ажыратылатын теңдеулер, біртекті, сызықтық, Бернулли теңдеуі, Риккати теңдеулері және сызықтық біртекті және сызықтық біртексіз дифференциалдық теңдеулердің негізгі әдістерді үйрету және оларды қолдану білуге дайындау, сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйелерін және оларды шешу әдістерін меңгерту. Орнықтылық теориясы туралы түсінік қалыптастырып, олардың шешу жолдарын үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кванттық механика

    Кванттық механика Планк тұрақтысымен салыстырылатын микро деңгейде болатын физикалық құбылыстарды зерттеуге бағытталған. Әсерлер максималды микроскопиялық деңгейде көрінеді. Кванттық механика атомдардың, ядролардың, фотондардың және басқа элементар бөлшектердің әрекеті мен қасиеттерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда кванттық механиканың әдістерін еркін қолдана алатын, жалпы теориялық жағдайды түсіндіретін, терең мағыналы физикалық мысалдар арқылы талдай алатын икемділік пен практикалық дағдылар қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ядролық физика

    Курс жалпы физиканың бөлімі болып табылады. Атом ядросының құрылымы мен қасиеттері, Микроәлемнің негізгі заңдары мен құбылыстарын, ядролық физиканың зерттеу әдістерін, ядролық реакциялардың типтерін және олардың заңдылықтарын, сонымен қатар сәулеленудің зат арқылы өту заңдарын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер ядролық физиканың заңдары мен әдістерін меңгере отырып,эксперименттік зерттеулер барысында күрделі есептерді шешу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физиканы медицинада қолдану негіздері

    Денсаулық сақтау саласында, медициналық апараттарда кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылылықтар және оларды зерттеу әдістері, жасушаға физикалық факторлардың әсер ету ерекшеліктері, жасуша мембраналарының биофизикасы, биопотенциалдың пайда болуы, таралуы, электроқозғыш ұлпалардың биофизикасы қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер медициналық қондырғыларды пайдалану, өнімділігі мен қолданылуын қолайлы күйге келтіру бойынша ғылыми мәселелерді шешуге дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Арнайы және жалпы салыстырмалылық теориясы

    Салыстырмалылық теориясының пайда болу тарихын, классикалық физика мен қазіргі заманғы физикадағы кеңістік пен уақыт түсініктерін, олардың арасындағы тығыз байланысты эксперименттер арқылы қарастырады, математикалық аппараттар арқылы релятивистік физикадан релятивистік емес физикаға өту жолдарын және гравитациялық өрістің жалпы қасиеттерін түсіндіреді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар инерциалды және инерциалды емес санақ жүйелеріндегі физикалық құбылыстарды меңгере отырып, алған білімдерін физика мен астрономияда қолданыла алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қатты денелер және жартылай өткізгіштер физикасы

    Қатты денелердің байланыс түрлерін, негізгі ұғымдарын, ішкі құрамын және олардың қатты денелердің физикалық қасиеттеріне әсерін, жартылай өткізгіштер қасиеттері және олармен байланысты нақты мәселелерді шешу әдістерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер қатты күйдегі жартылай өткізгіштердің қасиеттерін анықтау және жартылай өткізгіштермен байланысты нақты мәселелерді шешу әдістерін сонымен қатар жартылай өткізгіш құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Заманауи физика

    Курс микроәлем физикасының заңдылықтарын қарастырады. Классикалық және қазіргі заманғы физиканың іргелі заңдары туралы түсініктер мен білімдерді және физикалық өлшеу мен зерттеу әдістерін кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады. Микроәлем физикасының заңдылықтарын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер жалпы және теориялық физиканың заңдылықтарын меңгере отырып, күрделі мәселелерді шешуге, заттардың физикалық қасиеттеріне заманауи технологиялар негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кванттық физика

    Кванттық физика курсы алғашқы кванттық идея пайда болуы және оның негізгі принциптері: толқындық функция және оның ықтималдық сипаты, Де-Бройль болжамы, анықталмаушылық принципі және қозғалыс теңдеуін талдай отырып, кванттық механика және кванттық өрістер теориясының негізгі идеяларын қолданады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар кванттық идеяны, атомдық, ядролық, сұйық және қатты денелер физикасына қолдану әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Астрофизика

    Астрофизикалық заңдылықтарды оқып, біле отырып, аспан денелерінде болып жатқан құбылыстарды, процестерді түсіндіру, аспан денелерінің физикалық табиғаты жөніндегі білімдерін кеңейту. Бізді қоршаған әлемнің құрылымы мен құрамы Күн жүйесінен әлемнің бақыланған шекарасына дейін туралы түсініктерді қалыптастыру. Студенттер жұлдыздардың температура, масса және радиусы тәрісді негізгі параметрлерін анықтау әдістері туралы негізгі мәліметтерді алады. Жұлдыздардың эволюциясын және әлемнің химиялық эволюциясын зерттеу дағдысын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нанотехнология алабына кіріспе

    Нанотехнологияның анықтамалары мен терминдерін, наноматериалдардың пайда болу тарихын, физикалық қасиеттерін, оларды алу мен зерттеудің физикалық әдістерін, сондай-ақ нанотехнологияда қолданылатын қондырғылардың жұмыс принципін және зерттеу нәтижелерін талдау әдістерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер наноматериалдарды синтездеудің әртүрлі әдістерін және олардың құрылымын, құрамы мен параметрлерін анықтау әдістерін біледі, эксперимент жүргізу және эксперимент нәтижелерін талдау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Асқын өткізгіштер физикасы

    Асқын өткізгіштер физикасының негізгі түсініктерін зерттеуді, олардағы фотоэлектрлік және оптикалық құбылыстарды, олардың табиғатын, техникасын және электрофизикалық зерттеу әдістерін қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер асқын өткізгіштер және оларда болатын физикалық процестер мен заңдылықтарды біле отырып және алған білімдерін пайдалана отырып аталған курс бойынша есептерді шешеу, табиғат пен техниканың құбылыстары мен процестерінің физикалық мәнін талдау дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ядролық реакциялар

    Атом ядросының құрылымы, оның модельдері, нуклон-нуклондық өзара әсерлесу күштерін, ядролық түрленулер, элементар бөлшектер классификациясы, адрондар, лептондар, мезондар және адрондардың тың құрылымы қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер заманауи микроәлем физикасының негізгі ұғымдары мен қазіргі күнгі жетістіктері, белгілі төрт іргелі өзара әрекеттесудің негізгі қасиеттері, физикалық модельдер мен гипотезалардың қолданылу шектері туралы түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Радиоэлектроника

    Курс радиоэлектрондық аспаптар жұмысының физикалық принциптерін, сигналдар және олардың сипаттамаларын, сызықтық тізбектер және сигналды түрлендіру жүйелерін, сонымен қатар импульстік және сандық техника элементтерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер радиотехникалық құрылғыларда өтетін құбылыстарды, сигналдарды өңдеу, қабылдау әдістерін, қолданылатын жиілік диапазонын, радиобайланыс жүйелері мен құрылғыларын құру ерекшеліктерін, телекоммуникациялық жүйелердің құрылымдық сұлбаларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Наноматериалдар мен нанобөлшектерді зерттеудің эксперименттік әдістері

    Наноматериалдар мен нанотехнологиялар туралы түсініктердің даму тарихы мен мәселелері, қазіргі күйі және олардың даму келешегі қарастырылады. Сонымен қатар наноматериалдар мен нанобөлшектердің параметрлерін, фазалық құрамын, құрылымын және физикалық қасиеттерін зерттеудің негізгі физикалық әдістері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер алған білімдерін қолдана отырып, наноматериалдарды зерттеу әдістерін және зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңғыртылатын энергия ресурстары

    Жаңартылатын энергия көздерін (жел, күн, геотермалдық, су ағындары және т.б.), оларды пайдалану принциптерін, қолдану аясын сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланумен байланысты техникалық мәселелер мен міндеттерді шешу жолдарын және олардың пайда болуына алып келетін процестер мен құбылыстар физикасын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар жаңартылатын энергия саласындағы озық технологияларды игере отырып, алған білімдерін практикада қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Статистикалық физика және термодинамика

    Курсы макроскопиялык жүйелердің негізгі термодинамикалык және статистикалық заңдылықтары туралы терең және мығым білім берумен қатар білімдерді қолданбалы мәселелерге пайдалануды үйретуге, қойылған мәселелерді шешу кезінде термодинамикалық және статистикалық теорияларға сан түрлі әдістерге айрықша көңіл бөлуге бағытталған. Студенттер статистикалық физика және термодинамиканың заңдылықтары мен қасиеттерін игере отырып алған білімдерін практикада қолдана алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баламалы энергия көздері

    Дәстүрлі емес энергия көздерін тиімді пайдалануға бағытталған техникалық шешімдерді, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу және аз қалдықты технологиялар мәселесін қарастырады, сонымен қатар баламалы энергияда қолданылатын қондырғылардың жұмысын және оларды тиімді пайдаланудың жолдарын үйрететі. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар баламалы энергия технологияларын, энергияның баламалы көздерін есептеу және таңдау әдістерін игере отырып, эксперименттік зерттеулер жүргізе алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электр тізбектер теориясы

    Электр тізбектер теориясы курсы электр, магнетизм, электростатика, тұрақты және айнымалы ток электр өрісі, электромагниттік тербелістер мен толқындарға негізделген, сонымен қатар векторлық алгебра, дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді қолданады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар тұрақты және айнымалы ток электр тізбектеріндегі физикалық процесстерді, олардың негізгі элементтерін және электр тізбектерін есептеудің негізгі әдістерін игере отырып, алған білімдерін практикада қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық физика әдістері

    Гидродинамика, электродинамика, тұтас орта механикасы және т.б. салаларындағы құбылыстарды қамтитын әртүрлі физикалық процестерді зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл ғылымды сипаттайтын зерттеу әдістері табиғаты математикалық. Дегенмен математикалық физикадағы есептерді құрастыру физикалық есептерді зерттеумен тығыз байланысты және өзіне тән ерекшеліктері бар. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер математикалық әдістерді қолдана отырып физикалық құбылыстардың математикалық моделін құру дағдысын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қатты денелерді зерттеудің физикалық әдістері

    Қатты денелерді зерттеудің рентгендік дифракция, рефлектометрия, электрондық микроскопия және т.б. әдістерін, сонымен қатар қатты денелерді зерттеуге арналған әдістерді жүзеге асыратын физикалық қондырғылардың жұмыс принциптерін қарастыра отырып, зерттеу нәтижелерін талдау жолдарын үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қатты денелерді зерттеу әдістерін игере отырып, алған білімдерін қатты денелердің құрылымы мен құрамын зерттеуде қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Механиканың математикалық әдістері

    Векторлық функцияларды, шеттік және бастапқы шарттарды математикалық физиканың есептерін шешуде қолдануды қарастыра отырып, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру негізінде студенттерге теориялық білімдерін техника-өндірістік салада қолдануға үйрететі. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер математикалық аппарат пен математикалық әдістерді қолдана отырып, жалпы және теориялық физика курсының заңдылықтарын меңгере отырып, күрделі есептерді шығаруға дағдылынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтай отырып, қаржылық сауаттылықты тиімді пайдаланып, жеке әрі кәсіби қаржылық шешімдерді жауапкершілікпен қабылдайды.
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарында физиканың іргелі заңдары мен теориялары туралы білімдерін қолданадып, жалпы академиялық адалдықтың қағидаттары шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнын, түрлерін және заңдылықтарын анықтайды
  • жалпы және теориялық физика курсының заңдылықтарын меңгере отырып, күрделі есептерді шешуде ғылыми сараптаудың түрлі әдістерін ұсынады
  • математикалық аппарат пен математикалық әдістерді қолдана отырып, жалпы және теориялық физиканың негізгі түсініктерін, заңдары мен модельдерін және оларды практикалық қолдану заңдылықтарын көрсетеді
  • физикалық құбылыстарға, процестерге, заттардың физикалық қасиеттеріне заманауи технологияларды қолданып, эксперименттік зерттеулер жүргізеді
  • математикалық пәндер бойынша терең білімдерін физикалық құбылыстрды негізгі заңдылықтармен байланыстырып, есептеулер орындайды
  • физикалық объектілерді бақылау, жіктеу, салыстыру, суреттеу және сараптау арқылы, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді
Top