Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05304 Физика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамның біртұтас жүйе және тұлға ретіндегі, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі, жобалар мен инновациялық өнімді әзірлеу кезінде экономикалық білім негіздерін, әртүрлі қаржы құралдарын пайдалану дағдылары туралы білімдерін қолданады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсері туралы түсінігі бар.
  • Қоғамдағы әлеуметтік-саяси және мәдени құбылыстардың мәні, сипаты мен әртүрлілігі туралы білімдерін көрсетеді, психодиагностиканың теориялық және әдістемелік әдістерін біледі, тұлға туралы ақпаратты қабылдай және түсіндіре алады.
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық, мәдениетаралық, кәсіби коммуникацияны жүзеге асырады. Әртүрлі шетелдік көздерден алынған кәсіби ақпаратты талдайды және пайдаланады.
  • Қазіргі есептеуіш технологияларды, есептеулерді, интеллектуалды және аналитикалық бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерін, деректер қорын және физикалық эксперимент деректерін өңдеу және визуализациялау құралдарын пайдаланады.
  • Қазіргі бағдарламалау тілдерін және физикадағы компьютерлік модельдеу әдістерін жетік меңгерген, машиналық оқыту және жасанды интеллект алгоритмдерін қолданады, стандарты және стандарты емес физикалық есептерді шешу алгоритмдерін жасайды және қолданады.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды практикалық қызметте, физикалық эксперименттердің деректерін өңдеуде, ана тілін және шет тілдерін кәсіби және ғылыми өзара байланыста және қарым-қатынаста қолданады.
  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүргізеді, STEM технологияларды, физиканы оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады.
  • Негізгі химиялық және физикалық заңдармен теориялар туралы білім жүйесін игерген және оларды практикалық мәселелерді шешуде қолданады, табиғаттағы және техникадағы құбылыстармен процестердің физикалық мәнін түсінеді, физикалық процестерге ғылыми бақылау жүргізеді, теориялық және эксперименттік нәтижелерді талдайды.
  • Физиканың даму тарихын, бүкіл әлемнің және Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдарының есімдері мен жаңалықтарын біледі, физикадағы тарихи жаңалықтардың қазіргі ғылым мен техниканың дамуы үшін маңыздылығын түсінеді.
  • Математикалық аппаратты, жоғары математика теориясының әдістерін физиканың, қазіргі жаратылыстанудың іргелі және қолданбалы мәселелерін шешуде қолданады.
  • Қазіргі заманғы материалдардың негізгі қасиеттерін сипаттайды, материалдар мен наноматериалдардың жіктелуін біледі, материалдардың құрылымдық ерекшеліктерін және олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеру себептерін түсінеді, қазіргі заманғы жабдықтардың көмегімен материалдар мен наноматериалдардың қасиеттерін зерттейді, зерттелетін материалдарды талдаудың оңтайлы әдістерін таңдайды.
  • Цифрлық электрондық және микропроцессорлық сұлбаларды құрастыра алады, электр тізбегінің параметрлерін есептейді, сенсорлық түрлендіргіштері бар датчиктерді таңдайды, кванттық және цифрлық электроника мәселелерін шешеді.
Top