Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05303 Техникалық физика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби бағыттағы ғылыми-зерттеу қызметінде ғылымның тарихы мен философиясының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелеріне қатысты білімдерін қолданады.
  • Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың оңтайлы және тиімді түрлерін таңдайды.
  • Кәсіби қызметте басқарудың психологиялық ғылымының негізгі ережелері мен әдістерін қолданады.
  • Түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдар қызметінің нақты жағдайларына бейімдейді. Инновацияларды коммерцияландыру және инновациялардың коммерциялық әлеуетін бағалау саласындағы базалық білімді танымдық және кәсіби қызметте қолданады.
  • Кәсіби және ғылыми ортада тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін деңгейде шет тілдерін еркін меңгерген, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін техникалық физика терминдерінде нақты ұсыныстар түрінде береді.
  • Қазіргі заманғы бағдарламалау құралдарын пайдалана отырып, түрлі физикалық процестерді модельдейді.
  • Жасанды нейрондық желілерді құрастырады және үйретеді, оларды қолданбалы және ғылыми мәселелерді шешу үшін тиімді пайдаланады.
  • Микропроцессорларды, өндірістік микроконтроллерлерді және деректерді беру интерфейстерін бағдарламалайды.
  • 3D нысандарын жасайды және өңдейді, заманауи 3D басып шығару әдістерін қолданады.
  • Жаратылыстану, техникалық және технологиялық зерттеулер саласындағы инноватика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және ғылыми таным әдістерін қолданады.
  • Жартылай өткізгіштер физикасы мен техникасы, микроэлектроника, оптоэлектроника және лазерлік техника салаларындағы міндеттерді шешу үшін физикалық талдау әдістерін қолданады, автоматтандырылатын процестің талаптарына сәйкес келетін сенсорлық түрлендіргіштері бар датчиктерді іріктеп алады.
  • Заманауи электрондық және телекоммуникациялық жабдықтарды пайдаланады. Ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін оптоэлектрондық және лазерлік құрылғыларды қолданады. Заманауи өндірістік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді баптайды және олардың жұмысын қамтамасыз етеді.
  • Активті және пассивті элементтердің сипаттамалары мен параметрлеріне эксперименттік зерттеулер жүргізеді, электрондық схемаларды оқиды, құрастырады және жинайды, нақты практикалық міндеттерді шешу үшін жартылай өткізгіштік және оптикалық құрылғыларды қолданады.
  • Заманауи жартылай өткізгіш, оптикалық құрылғыларды, телекоммуникациялық және автоматтандырылған жүйелерді жобалайды және дайындайды.
  • Телекоммуникациялық жабдық пен желілерді баптау, мониторинг жасау және диагностикалау үшін цифрлық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ арнайы цифрлық платформалар мен сервистерді қолданады. Бағдарламалық модельдеушілер мен модельдеу орталарын пайдалана отырып, байланысқа арналған цифрлық схемаларды әзірлейді және оңтайландырады. Цифрлық сервистер көмегімен телекоммуникациялық жабдықты қашықтан басқаруды және техникалық қолдауды ұйымдастырады. Телекоммуникация саласындағы цифрлық шешімдердің тиімділігін олардың сенімділігі, ауқымдылығы және экономикалық тиімділігі тұрғысынан бағалайды.
Top