6B02212 Түркітану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Түркітану саласында, мәдениеттану, тарих, филология бойынша, соның ішінде түрік тілінің тілдік жүйесін жетік меңгерген және алған білімін кәсіби қызметте қолдана алатын бакалаврды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B035 Түркітану
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Түркітануға кіріспе
Курс мазмұны түркі халықтарының дүниетанымы мен мәдениетін, тілі мен әдебиетін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын халық тарихымен, этникалық құрамымен сабақтастыра отырып, интегративті түркітанымдық аспектіде қарастыруға бағытталған. «Түркітануға кіріспе» курсы түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуын ежелгі қытай жылнамаларындағы,VІ-Х ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері, ІХ-Х ғғ. араб-парсы жазбаларындағы, ХІ-ХV ғасырлардағы орта ғасыр түркі жазба мұраларындағы деректерді қамти отырып, ХVІІ-ХХ ғғ. орыс, батыс зерттеушілерінің, сондай-ақ түркі халықтары өкілдерінің еңбектері негізінде қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орал-Алтай тілдерінің тілдік және мәдени байланыстары
Курс тілдік байланыстарға тілдік жүйенің әр түрлі деңгейлеріндегі ұқсас белгілер жиынтығымен сипатталатын тілдердің ареалдық қауымдастығын қарастырады. Курс түркі тілдерінің әлемнің басқа тілдерімен лингвистикалық байланысы және алтай тілдерінің өзара байланысының теориясы мәселелеріне бағытталған. Антропологиямен, генеалогиямен, диалектологиямен, тарихи фольклортанумен, этнологиямен тығыз байланыста дамып, Орал-Алтай тілдерінің тарихын, оның диалектілері мен тілдік байланыстарын зерттеуде кеңінен қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Пәннің мақсаты студенттерде қоғамның инклюзивті мәдениетінің негіздерін, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық аспектілерін білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттердің әлеуметтік және кәсіби салаларда инклюзия принциптерін қолдану қабілеті, көпмәдениетті қоғамда коммуникативтік стратегияларды таңдау қабілеті қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және бизнес
Пәннің мақсаты: Кәсіпкерлік пен бизнестегі теориялық негіздері мен практикалық аспектілерін зерттеу. Мазмұны: Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешуүшін құқықтық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелерін шешудің ғылыми – практикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Мақсаты: тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлермен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттармен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Студент жастардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді сыни бағалау және талдау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларға ие болады, қаржылық ақпаратты талдауды және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржы өнімдерінде бағдарлауды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Генеологиялық және морфологиялық классификация аспектісіндегі алтай тобындағы тілдер
Курс - туыстық қатынаста болатын бірақ генетикалық қайнар көзден туындаған (ата тіл, тілдердің шыққан тегі) және тілдік семьяларды құрайтын тілдер топтарына арналған зерттеу бағыты болып табылады. Курстың мақсаты салыстырмалы-тарихи тіл білімі әдістемесінің негіздерін анықтауға, студенттерге тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеудің нәтижелері мен мәселелерін көрсетуге бағытталған, генеалогиялық, морфологиялық классификацияны құру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Пәннің мақсаты: мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Tүрік тілінің лексикографиясы
Жалпыхалықтық тілдің байлығын, нормаларын сөз мәдениетін қарастырады. Лексикография терминіне лингвистика бойынша берілген тіл біліміндегі сөздіктерді түзудің теориялық анықтамалары қарастырылады. Сонымен қатар, лексикографияның теориялық және тәжірибелік түрлері, сөздік түзудің принциптері, сөздіктің ішкі құрылымы, сөздіктердің жіктемесі анықталады. Сөздік пен лексика бойынша сөздерді түгел жинап, ретке келтіру, олардың әрқайсысына тілдік тұрғыдан сипаттама беру – аталған пәннің негізгі нысаны болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілінің сөздік қоры және оны пайдалану
Тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда атқаратын маңызды рөлі қарастырылады. Қазіргі түрік тіліндегі жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер мен негізгі сөздік қордың жалпы саны анықталады. Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер зерделеніп, айқындалады. Тек көне түркілік атаулар ғана емес, сөздік құрамға кіретін түрік тіліндегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. егжей-тегжейлі оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көне түркі қағанаттарының тарихы
Көне дәуірдегі түркі тайпалары, олардың қоныстануы және этникалық тарихы туралы көне қытай деректерін зерттеу. Ежелгі түркі мемлекетінің құрылу тарихымен және Қытаймен және ежелгі Византиямен қарым-қатынасын зерделеу. Бірінші Түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты. Екінші Түрік қағанатының тарихы. Ежелгі Түрік қағанаттарының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін зерттеу. Ежелгі түркі қоғамының шаруашылық құрылымын аныктау. Ежелгі түркі мемлекеттерінің қоғамдық құрылысын талдау. Көне түркі халқының рухани мәдениетін зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының ортақ тарихы
Түркі халықтарының көне дәуірлерден бастап орта ғасырларға дейінгі ортақ этносаяси және мәдени тарихы туралы білімді қалыптастыру. Түркі мемлекеттілігінің ерекшеліктерін анықтай отырып әлем өркениетіне қосқан үлесіне шынайы баға бере білу. Орта ғасыр дәуірінде қалыптасқан Түркі мемлекеттерінің тарихын зерделеу. Орта ғасырлық түркі ғұламаларының өмірі мен еңбектерін зерттеу, жазбаша және аузша деректермен жұмыс жасау. Түркі халықтарының қазіргі таңдағы ахуалын анықтай отырып жахандану кезеңіндегі даму бағыттарын белгілеу. Түркі халықтарының тілдік және рухани ортақтастығын анықтау және зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі фольклоры
Түркі фольклорының жанрлық құрамын, ежелгі тас дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолдарын, көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерін студенттерге тұтастай игертуге, фольклортану туралы білімін жетілдіруге бағытталған. Түркі фольклорын салыстырмалы-салғастырмалы түрде зерттеудің теориялық аспектілерін қарастыру; негізгі алғышарттарын айқындау; сюжеттер мен мотивтердің, бейнелердің типологиясының жалпы және ерекше тәсілдерін анықтау. Туыстас халықтардың фольклорын салыстыру және салыстыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мүмкіндіктері мен әдістерін зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілінің морфологиялық құрылымы
Морфология – сөз бен оның формалары туралы тіл білімінің бір саласы болғандықтан, қазіргі түрік тіліндегі сөздің грамматикалық тұлғаларын тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен бірге зерттейді. Түрік тілінің морфологиялық құрылымын тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарын, түрік тілінің морфологиялық терминологиясын оқытуды қарастырады. Сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Түркі жазуының тарихы
Жазу дамуының кезеңдері аясында түркі халықтарының өмір сүрген аймағындағы петроглифтерді, таңбаларды, жазу үлгілерін қарастыру. Түркілер тарапынан қолданылған жазу жүйелерінің тарихын, шығу тегін, қолданылу кезеңдеріне талдау жасау. Көне түрік бітіг жазуын түркілердің төл жазуы ретінде қарастырып, оның әлем мәдениетіндегі орнын анықтау. Көне түркі жазуының ашылу және зерттеу тарихымен таныстыру, руникалық таңбаларды және олардың дыбысты-әріптік белгілерін: дауысты және үнсіз дыбыстар мен лигатуралық таңбалардың жүйесін меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілінің сөзжасам жүйесі
Түрік тілінің сөзжасам жүйесі – сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді. Сөзжасамға қатысты ғылыми еңбектерді қарастырады, білім алушыларды сөзжасамның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, нақтылы ғылыми деректер береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Руникалық жазба ескерткіштер
Руникалық белгілерді үйрету, оларды ежелгі түрік әліпбиінің дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі әріптік белгілері мен ежелгі түрік мәтіндері негізінде оқыту (Күлтегін, Білге қаған, Тоньюкук, Құли – чор ескерткіштері). Көне түркі жазуының қалыптасу тарихымен таныстыру. Білім алушыларға руникалық таңбаларды және олардың дыбыстық-әріптік белгілерін, дауысты және дауыссыз дыбыстар мен лигатуралық таңбалардың жүйесін меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР түркітану экспедициясы
Түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті бойынша далалық экспедициялар ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, тиімді әдістерімен білім алушыларды таныстыру. Қазақстан территориясында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу жасай отырып, білім алушыларды жәдігерлердің қай дәуірге тиесілі екенін зерттеу еңбектері негізінде талдауға үйрету. Республикалық мұражайларда сақталған көне жәдігерлермен танысу және түркі халықтарының тарихы және мәдениетінен мағлұмат беретін деректі фильмдерді көру арқылы түркі дәуірі ескерткіштері туралы ақпараттарды саралау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілінің жай және күрделі сөйлемі
Аталмыш пән сөздердің байланысын, сөз тіркесін, сөздердің тіркесу амал-тәсілдерін, түрлерін, сөйлемді құру тәсілдерін, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен жолдарын, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын т.б. мәселелерді қарастырады. Қазіргі түрік тіліндегі синтаксистік категориялар мен құралдардың ішкі мазмұнын, сөйлемдегі және сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысын анықтайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілінің синтаксисі
Сөйлемдегі сөздер мен сөз формаларының байланыстары, сөз таптарының сөйлемдегі қызметі қарастырылады. Синтаксистік талдаудың жолдары, сөйлесу түрлері, сөз тіркесі, қарапайым және күрделі сөйлемдерді аудару тәсілдері үйретіледі. Бір сөздік форманың екінші бір сөздік формамен тіркескенде пайда болатын мағыналары анықталады. Синтаксис пәнінің негізгі объектісі болып табылатын – сөйлем мен сөз тіркесінің байланыстары зерделенеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ортақ түркі әдебиеті
Түркі халықтарының ортақ тарихы, тілі, әдет-ғұрпы, дәстүрі бір-бірімен сабақтастырыла қарастырылады. Түркі тілдес халықтардың көркем әдебиетінің қалыптасу жолдары, өзара ықпалы анықталады. Түркілер арасындағы әр алуан жазу түрлерінің туыстық қатынасы, экстралингвистикалық факторлары мен себептері зерделенеді. Түркі әдеби жазба тілінің қалыптасуына негіз болған ғылыми зерттеулер мен еңбектер талданады. Ортақ түркі әдебиетінің негізгі бағыттары мен басты өкілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экспедиция жүргізу практикасы
Далалық түркологияның тарихы, бүгінгі таңдағы өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері жайлы мәлімет беру, экспедиция ұйымдастыру ерекшеліктерін, зерттеу әдістемесімен таныстыру. Түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті бойынша далалық экспедициялар ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, тиімді әдістерімен таныстыру. Қазақстан территориясында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу жасай отырып, жәдігерлердің қай дәуірге тиесілі екенін зерттеу еңбектері негізінде тану. Республикалық мұражайларда сақталған көне мұралармен танысу, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін деректі фильмдерді жинақтау, көру, саралау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ежелгі түркі өркениеті
Көне түркі өркениетіне әсер еткен әртүрлі мемлекеттер, мемлекеттік және әскерлери құрылымдар жайында мағұлмат беріледі. Көшпелі және жартылай отырықшы халықтың қолөнері, елді мекендер мен қалалардың даму жолдары, жазу-сызудың қалыптасу кезеңдері анықталады. Түркі өркениетінің қалыптасу және даму тарихы егжей -тегжейлі қарастырылады. Ежелгі түркі өркениетіне қатысты түркологиялық еңбектер оқытылады. Көне түркі өркениетінің мемлекеттік-құқықтық, әскери-техникалық жетістіктері, жазба мұралары, өнері зерделенеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшпенділер тарихы
Археологиялық, жазба және этнографиялық дереккөздерді зерттеу негізінде көшпелі қазақтар қоғамының қызметі мен тіршілік әрекетінің негізгі ерекшеліктерін, атап айтқанда табиғатты пайдалану жүйесін, шаруашылықты, әлеуметтік ұйым мен әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу. Көшпелілердің құрғақ экожүйелердің ерекше ресурстарына бейімделу процестерін, әлеуметтік-экономикалық дисперсия мен шоғырлануды, қауымдастықты, меншіктің әртүрлі нысандарын талдау. Көшпенділердің этногенезі мен этникалық тарихы тұжырымдамасын талдау. Қазақтардың көшпелі өркениетінің ерекшеліктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру. Көшпелі материалдық және рухани мәдениеттерді зерттеу. Көшпелі мәдениеттің жалпы әлемдік мәдениетке қосқан үлесін анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Этносаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас
Тіл және мәдениетаралық коммуникация» пәнін оқытудың объективті негізі, қазіргі таңдағы өзектілігі айқындалады. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі теорияларына түсінік бере отырып, жоғары және төмен контекстуалды мәдениет туралы мағұлмат беріледі. Ұлттық-мәдени болмыстың тілдегі көрінісі, сөйлеу әрекетінің мәдениетаралық ерекшеліктері, коммуникативті сәтсіздіктер, вербалды емес мәдениетаралық қарым-қатынас формалары т.б. қарастырылады. Өзге жұрттың тілі мен мәдениетін өз ұлтының ойлау жүйесі мен мәдениеті арқылы үйрету аталмыш пәннің басты нысаны болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркітанудағы жасанды интелект
«Түркітанудағы жасанды интеллект» пәні түркі тілдерін, мәдениеттері мен тарихын зерттеуде жасанды интеллект әдістерін қолдануды зерттейді. Ол түркітану деректерін талдау мен түсіндірудің инновациялық құралдары мен тәсілдерін жасау үшін информатика, лингвистика, тарих және мәдениеттану саласындағы білім мен әдістерді біріктіреді. Пән қазіргі заманғы технологиялар мен деректерді талдау әдістерін қолдана отырып, түркі халықтарының мәдени мұрасын зерттеу және сақтау үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын перспективті бағыт болып есептеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі түркі халықтарының әдебиеті
Қазіргі түркі халықтары әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі түркі халықтары әдебиетінің өзіндік тұғырын бажайлау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі түркі халықтары әдебиеті кезеңінде жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қыпшақ дәуірінің ескерткіштері
Курс қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштердің зерттеу тарихы мен тілін зерттеуге бағытталған (Кодекс куманикус, армян-қыпшақ ескерткіштері). Қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштердің жинақталу, жариялану, транскрипциялану ерекшеліктері туралы білім алушыларға толық мағлұмат бере отырып, қыпшақ тілінің даму хронологиясы туралы деректерді саралауға мүмкіндік береді. Білім алушылар жазба ескерткіштер тілін зерделей отырып, қыпшақ тілінің қазіргі түркі тілдеріндегі орнын анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аударма теориясы мен практикасы
Аударманың негізгі түрлерін анықтап, тілдік, семантикалық аспектілерде аударманың түрлеріне қойылатын талаптарды анықтап, аударма процесінің заңдылықтарын сипаттап, қолданылатын тілдердің ерекшеліктеріне, құрылымдарына және қызмет ету ережелеріне негізделіп, студенттерді бұл процесс кезіндегі аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты олардың аудармашылық құзіреттілігінің негізін қалайтын бірқатар аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілінің ауызша аударма практикасы
Түрік тілін меңгеру аясында аударманың ауызша түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аударма құзыретін қалыптастыруды қарастыру, аударма процесінің заңдылықтарын сипаттап, қолданылатын тілдердің ерекшеліктеріне, құрылымдарына және қызмет ету ережелеріне негізделіп, студенттерді бұл процесс кезіндегі аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты олардың аудармашылық құзіреттілігінің негізін қалайтын бірқатар аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының әдебиеті (XVII-ХIХ вв.)
Алтын Орда дәуірінен кейінгі әдебиеттегі көркемдік дәстүрлер мен сабақтастықты қарастырады. Түркі халықтары ұлттық әдебиеттерінің пайда болу, қалыптасу және даму ерекшеліктерін зерттейді. Әдебиетті дәуірлеу мәселелері, жалпытүркілік және шығыс әдеби канондарының ықпалы, ұқсас мотивтер мен образдар қарастырылады. Фольклор мен әдебиеттің, ауызша және жазбаша әдеби шығармашылықтың өзара байланысына түркі мәдени ортасына Батыс әдебиеті үлгілерінің ену үдерістері талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі тілдерінің лексикасы мен лексикографиясы және олардың қолданылуы
Түркі тілдерінің сөздік қоры, түркі лексикасының лексикалық категориялары мен семантикасы қарастырылады. Түркі тілдерінің сөздіктері анықталып, қолданыс ерекешеліктері нақтыланады (ежелгі түрік сөздігі, этимологиялық сөздік, түсіндірме сөздік және т. б.). Тіл білімі бойынша түркі тілдеріндегі сөздіктерді түзудің теориялық негіздері қарастырылады. Лексикографияның теориялық және тәжірибелік түрлері, сөздік түзудің принциптері, сөздіктің ішкі құрылымы, сөздіктердің жіктемесі анықталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Түркі халықтарының этникалық константтары
Түркі халықтарының этномәдени дамуын, олардың салт-дәстүрлерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын қалыптастыру. Пән түркітанушы мамандардың түркілер тарихы мен мәдениеті бойынша жинақтайтын теориялық-методологиялық білімін тереңдете түседі. Пәнді оқыту білім алушыларды түркі халықтарының салт дәстүрлері арқылы жалпытүркілік ортақ бастаулар мен жекелеген түркі халықтарының даралық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландырып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Түркі халықтарының қазіргі заман тарихы
Оқу пәнінің негізгі мақсаты-түркі халықтарының қазіргі тарихының негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру; түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін түсіндіру; қазіргі түркі халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сабақтастығын көрсету. Қазіргі түркі мемлекеттерінің құрылу тарихын зерттеу. Түркі әлемінің жаңа және жаңа тарихына талдау жасау. Түркі әлемінің сыртқы саясаты дамуының негізгі векторларын анықтау. Жаһандану үдерістері аясында қазіргі түркі мемлекеттерін зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Tүркі тілдерінің лексикалық семантикасы
Түркі тілдерінің лексикалық ерекшеліктеріне қатысты лексика-семантикалық заңдылықтары, туыс тілдер қатарынан алатын орны айқындалады. Басқа тілдерге қатысты түркі этностарының бастан кешірген қоғамдық формациялары ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеледі. Туыс тілдердің ерекшелігі анықталып, олардың жақындық дәрежесі мен айырым белгісі салыстырмалы әдіс арқылы зерделенеді. Түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар мен өзіндік ерекшеліктер айқындалады. Жалпы лексикологияға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеулер назарға алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Түркі халықтарының этнографиясы
Түркі халықтарының этникалық мәдениетін, олардың дүниетанымы мен этнографиясы туралы білімін ұштауға және этнография ғылымын үйретуге бағытталған. Пән түркітанушы мамандардың түркілер тарихы мен мәдениеті бойынша жинақтайтын теориялық-методологиялық білімін тереңдете түседі. Пәнді оқыту білім алушыларды түркі халықтарының салт дәстүрлері арқылы жалпытүркілік ортақ бастаулар мен жекелеген түркі халықтарының даралық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландырып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Түркі тілдерінің фонетикалық-фонологиялық жүйесі
Білім алушылар қазіргі түркі тілдерінің вокализмі мен консонантизм жүйесін Орал-Алтай тілдер тобындағы жекелеген түркі топтары шеңберіндегі салыстырмалы аспект бойынша зерттейді. Қазіргі түркі тілдерінің негізгі фонетикалық-фонологиялық заңдылықтарын: дауысты және дауыссыз дыбыстардың үйлесімі, сингармонизм құбылысы, ассимиляция және диссимиляция заңдылықтары, протатеза, метатеза құбылыстарын меңгереді. Түркі тілдерінің вокализм және консонантизм жүйесінің артикуляциялық және акустикалық базасын оқып үйрену курс мазмұнының негізі болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем аудармадағы түркі халықтарының менталдығы
Көркем аударманың қалыптасу кезеңі, тәсілдері, сөзбе-сөз аударма, еркін аударма, балама аударма түрлері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, әдеби байланыстар жайында зерттеулер, түркі халықтары әдебиетіндегі прозалық және поэзиялық шығармалардың аударылу мәселелері, аударманың тілді байыту тәсілдері, көркем аудармадағы түркі халықтарының менталдығы мәселесі, аударманың төл әдебиетке ықпалы, көркем шығарманы аударатын мамандарға қойылатын талаптар, аударма тағылымдары қарастырылады. Көркем аударма призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті, менталитетті білдіру мен сақтауды қарастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Түркітанудың қазіргі даму бағыттары
Түркі тілдес халықтардың өзара ынтымақтастығы мен рухани-мәдени ықпалдастығын дамытудың негізгі тетігі ретінде өзектелетінін түсіндіру, лингвистикалық түркітанудың кейбір ғылыми-теориялық және қолданбалы сипаттағы өзекті мәселелерімен таныстыру. Түркі тіл біліміндегі антропоцентристік және құрылымдық зерттеулердің заманауи парадигмаларымен таныстыру. Білім алушыларға лингвистиканың негізгі ғылыми парадигмаларының ғылыми концептуалды-терминологиялық аппаратын түсіндіру; тіл білімінің қағидаларын, постулаттарын және әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің негізгі идеяларын зерделеуді үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі түркітанудың лингвистикалық парадигмалары
Түркі тіл біліміндегі антропоцентристік және құрылымдық зерттеулердің заманауи парадигмаларымен таныстыру. Білім алушыларға лингвистиканың негізгі ғылыми парадигмаларының ғылыми концептуалды-терминологиялық аппаратын түсіндіру; тіл білімінің қағидаларын, постулаттарын және әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің негізгі идеяларын зерделеуді үйрету. Лингвистикалық бағыттар мен мектептердің негізінде қазіргі лингвистиканың экспансионизмі, антропоцентризмі, функционализмі және экспланаторлығына кешенді талдау жасау және сипаттау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының саяси және мәдени байланыстары
Оқу пәнінің негізгі мақсаты - студенттерді түркі халықтарының саяси және мәдени байланыстары бойынша хронологиялық жүйеліктегі фактологиялық материалдармен таныстыру. Түркі халықтарының қалыптасуы, тарихтағы орны, құрған мемлекеттері мен олардың әлем саяси тарихындағы орнын анықтау. Түркі мемлекеттерінің құрылу ерекшеліктері, ол мемлекеттердің даму кезеңдері мен саяси байланыстары, құлдырау себептеріне талдау жасау. Бұл мемлекеттердің құрамындағы этникалық бірліктердің саяси рөлі, өзара байланысын зерттеу. Түркі мәдениетінің қалыптасуын археолеогиялық және тарихи ескерткіштер негізінде қарастырып, әлем мәдениетіндегі орнын анықтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі әдебиетіндегі көркемдік аударма
Бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесінде пайда болған көркем аударма – аударматанудағы ең күрделі сала. Аталған пәнді оқыту барысында көркем аударманың жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, әдеби байланыстар жайында зерттеулер, түрік әдебиетінің прозалық және поэзиялық шығармаларының қазақ тіліне аударылу мәселелері қарастырылады. Аударманың теориясын, түрік әдебиеті аудармасының даму кезеңдері, аударманың тілді байыту тәсілдері, аударманың төл әдебиетке ықпалы, аударма тағылымдары туралы мәліметтер беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Түркі халықтарының діни нанымдары: исламға дейінгі кезең және ислам кезеңі
Түркі халықтарының діни наным-сенімдері туралы білімдері қалыптастырылады. Ислам дінін қабылдаудың негізгі факторлары, түркі халықтарының исламға дейінгі наным-сенімдері зерделенеді. Түркі халықтарының мәдениетіне ықпал етуші басты тарихи факторлары көрсетіледі. Исламға дейінгі және ислам кезеңіндегі исламдық мотивтер анықталады. Осы кезеңнің негізгі арналары мен басты өкілдері оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі тілдерінің морфологиялық құрылысы
Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының ерекшеліктері және түбір морфемалар мен қосымша морфемалардың құрылымын зерттеудің әдістері қарастырылады. Қазіргі түрік тілдеріндегі сөздің грамматикалық тұлғалары тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісі арқылы анықталады. Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымын тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарын, морфологиялық терминологиясын оқытуды қарастырады. Сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Түрік тілі академиялық мақсаттар үшін
Студенттерді ғылыми жұмысқа дайындау, ғылыми мәтіндерді оқу дағдыларын, академиялық жазу дағдыларын, тыңдалым мен дәрістерді қысқаша жазып алу дағдыларын, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын: көпшілік алдында сөйлеу, келіссөздер, кездесулер, іскерлік хат алмасу, электронды коммуникациялар және т.б. жетілдіру; презентациялар мен семинарлардың өткізілуіне дайындау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, түрік тілінен жалпыға ортақ, ғылыми және кәсіби деңгейдегі білімдерін халықаралық стандартқа сәйкес қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түркі әлемінің геосаясаты
Дүниежүзілік-тарихи үдерістер контекстінде түркі әлемінің геосаясатын қарастырады. Әлемдік мәдениет пен өркениеттегі түркі құрамдастарын зерттейді. Түркі дипломатиясының даму кезеңдерін көрсетеді. Түркі мемлекеттерінің географиялық, тарихи жағдайын және саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады. Ғаламдық геосаяси қатынастардағы орнын көрсетеді. Түркі геосаяси бағытының маңыздылығы, қазіргі кездегі көрінісі зерделенеді. Осы пәнге қатысты негізгі дереккөздерімен жұмыс жүргізіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу. Қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдану, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйрету.
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі. Ғылыми зерттеулерді үйымдастыру, зерттеу тақырыбын таңдау және негіздеу, ғылыми материалдарын дайындау және ресімдеу мәселелеріне көңіл бөлу.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау. Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, инклюзивті қоғамның кедергілері мен ресурстарын диагностикалау, әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген күнделікті және кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас стратегиясын таңдай біледі.
- Руникалық графиканы меңгеруі және оның таңбалы және әріптік белгілерін меңгеруін көрсету, руниканың шығу тегі бойынша әртүрлі көзқарастарды жүйелеу; деректер бойынша тарихи-мәдени материалды жинай білу.
- Салыстырмалы-тарихи әдістің бағыттарын, түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің негіздерін көрсету. Сөйлеу коммуникациясын жүзеге асыру үшін коммуникативтік аспектіде түрік тілін меңгеру; түрік тілінің синхронды аудармасын, жазбаша сөйлеудің екі жақты аудармасын жүзеге асыру
- Түрлі жағдайларда дискурсты жүзеге асыру үшін түркі тілдерінің тілдік жүйесін меңгеру.
- Түркі өркениетінің негізгі классификациялық белгілерін меңгеру; түркі халықтарының әдеби мәтіндері мен халық ауыз әдебиеті үлгілерін талдау; «Бозоқ», «Отырар қалашығы», «Мерке-Жайсаң» сынды республикалық деңгейде жүргізілетін археологиялық экспедиция жұмыстарына қатысу. Түркі тілдерін, тарихын, мәдениетін зерттеуде жасанды интеллект әдістерін қолдану.
- Қыпшақ дәуірі ескерткіштерінің мәтіндерімен өз бетінше жұмыс жасау, қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштерді жинақтау, оқу, талдау.
- Түркі әлемі: рухани-саяси сала және әдеби мәтіндер саласындағы білім мен іскерлікті көрсету.