Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01410 Дене шынықтыру және спорт (IP) в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасының мақсаты әлемдік стандарттар деңгейінде дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт жаттықтырушыларын даярлау арқылы қоғамды сауықтыру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қозғалмалы және ұлттық ойындар
Сауықтыру-рекреативті дене шынықтыру
Оқыту әдістемесімен жеңіл атлетика
Мектепте жұмысқа қабілеттілігіне және демалысына арналған дене шынықтыру
Дене шынықтырудың балама түрлері
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
Шахмат оқыту әдістемесимен
Оқыту әдістемесімен шаңғы дайындығы
-
2 Оқу жылы
Оқыту әдістемесімен гимнастика 1
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу және коммуникация тұжырымдамалары
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
Педагогикалық зерттеулер
Оқыту әдістемесімен гимнастика 2
Оқыту әдістемесімен спорттық ойындар (баскетбол, волейбол)
Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі
-
3 Оқу жылы
Дене шынықтыру мен спорт психологиясы
Спорттың таңдалған түрі спортының теориясы және әдістемесі
Оқыту әдістемесімен спорттық ойындар (футбол, гандбол)
Адам мен дене шынықтыру жаттығуларының функционалды анатомиясы
Инклюзивті білім беру ортасы
Спортта өзін-өзі реттеу психологиясы
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Спорт және жарыс этикасы
Спорттық метрология
Адам қозғалысы мен дене шынықтыру жаттығуларының биомеханикасы
Зерттеу нәтижелерін визуализациялау және елестету
Спорттың таңдалған түріндегі техникалық-тактикалық дайындығы
Дене тәрбиесі және спорт түрлері негіздерімен адам физиологиясы
Дене шынықтыруда және спортта қолданбалы зерттеу
Дене шынықтыру жаттығуларының қолданбалы физиологиясы
Оқытуды жоспарлау және оқу үдерісіндегі дербес оқыту
Спорттың таңдалған түрінде физикалық дайындығы және баптау
Балалар-жасөспірімдер спортында спорттық дайындық процесімен басқару
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
-
4 Оқу жылы
Қолданбалы кинезиология
Зерттеулер, даму және инновация
Дене шынықтыруда және спортта физикалық дамудың және функционалды дайындығының мониторингі
Оқыту әдістемесімен жүзу
Сауықтыру және спорттық нутрициология
Оқыту әдістері мен технологиялары
Бейімделетін дене шынықтыру
Бағалау және дамыту
Бейімделетін спорттың теориясы және әдістемесі
Емдік дене шынықтыру және массаж
Дене шынықтырумен және спортпен айналысу процесінде бақылау және өзін-өзі бақылау
Спортта тестілеу және баптау
Спорт медицинасы мен оңалту негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіруге, Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын талдауға, табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми түсінуді, қоғамдық сана мен өнеркәсіптік өндірісті экологияландыруды, табиғатты ұтымды пайдалануды және мемлекеттің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәнмәтінінде қауіпсіз өмір салтын қамтамасыз ететін дүниетанымдық ұстанымдар мен философия білімі негізінде қоршаған болмысты бағалауға қабілетті.
- Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
- Зерттеу әдістемесін таңдауға, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, жаңа білім алу үшін әртүрлі ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдануға және өз қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі түрлерін қолдануға қабілетті: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату үшін бұлтты және мобильді қызметтер.
- Зерттеу әдіснамасын таңдауды жүзеге асыруға, жаңа білім алу үшін әртүрлі ғылыми әдіс пен тәсілді қолдануға және өз қызметінде әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияның түрін: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуға арналған бұлтты және мобильді қызметтерді қолдануға қабілетті.
- Білім алушылардың әртүрлілігін ескеріп, олардың психологиялық игілігін қамтамасыз ете отырып және оқытуды қолдау үшін әртүрлі цифрлық ресурсты пайдаланып, базалық психологиялық-педагогикалық, жаратылыстану-ғылыми және пәндік-әдістемелік білім негізінде оқыту процесін білім беру ортасының әртүрлі типінде педагогикалық маңызды түрде әзірлеуге, енгізуге, бағалауға және дамытуға қабілетті.
- Адамның физикалық, психикалық, психомоторлық дамуының өзара байланысын, физикалық дайындықтың шаршау мен эмоционалдық күйзеліске орнықтылығына әсерін білу негізінде тұлғаның спорттық іс-әрекеті мен физикалық белсенділігін психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыруға; сабақ барысында және жарысқа дайындық кезінде шұғылданушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеруге; арнайы жаттығу және жарыстық үрдістер кезінде қалжырау, психологиялық зорығу, күйзеліс, эмоционалдық күйіп кету белгілерін анықтауға; психикалық жағдайларды оңтайландыру үшін өзін-өзі реттеудің психотехникасын үйретуге қабілетті.
- Адам ағзасының жұмыс істеуінің анатомиялық, физиологиялық, биомеханикалық негіздерін, жарақаттар мен аурудан кейінгі алдын алу мен оңалтуды білу негізінде олардың тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін әртүрлі жыныстағы және жастағы адамдардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың игілігін дене шынықтыру және спорт құралдарымен қолдауға қабілетті.
- Спортпен шұғылданатындар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар контингентінің жыныстық-жас және жеке айырмашылықтарын ескере отырып, оқу, сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін және сабақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білім беру және спорттық-жаттығу ортасы мен жағдайларын құруға қабілетті.
- Шұғылданушылардың жыныстық-жас, жеке айырмашылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, спорт түрлері бойынша жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларды және басқа да қозғалыс рекреациясының түрін жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.
- Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың оқыту, дайындық және жаттығу нәтижелерін жыныстық-жас, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ спорттық біліктілік деңгейіне сәйкес бағалауға қабілетті.
- Пәнаралық деңгейді қоса алғанда, дене шынықтыру және спорт саласында қолданбалы зерттеулерді өздігінен бастауға және жүргізуге, зерттеу әдіснамасы мен ғылыми әдеп негізінде зерттеулердің дизайнын құрастыруға, спортшылардың дене шынықтыру, техникалық, тактикалық, теориялық және басқа да даярлық түрлерінің көрсеткіштерін өлшеу мен бақылаудың метрологиялық негізделген құралдары мен әдістерін қолдануға, зерттеу нәтижесін жұртшылыққа көрнекілендіруге және ұсынуға қабілетті
- Өзінің физикалық денсаулығы мен қозғалыс белсенділігіне, нутрициологияға қамқорлық жасаумен байланысты тәжірибеде мақұлданатын және іске асырылатын мінез-құлық нормаларын, дене шынықтыру мен спортқа оң мотивациялық-құндылық қатынасын қалыптастыруға; салауатты өмір салты және дене шынықтырумен өз бетінше айналысу арқылы өзінің толыққанды кәсіби және әлеуметтік қызметін қолдауға және қамтамасыз етуге қабілетті.