Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08101 Агрономия в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистранттарда өзінің шығармашылық потенциалын ашу және өзін-өзі дамытуға ұмтылу, Агрономия мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, стандартты емес жағдайларда ұйымдастыру-басқару шешімдерін қабылдау қабілеті және оларға жауапкершілік алуға дайын болу, ұжымдағы жұмысқа дайын болу сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M131 Өсімдік шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 7M081 Агрономия

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.
  • Агрономиялық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін меңгеру, зерттеу бағытын анықтау және ұйымдастыру, зерттеулердің ғылыми нәтижелері мен патенттік деректерін өңдеу және талдау.
  • Өсімдік зиянкестерін, өсімдік ауруларын диагностикалау, аурулардың, зиянкестердің зияндылығының экономикалық шектерін білу негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың технологиялық схемаларын жасау.
  • Жоспарланған дақылға органикалық және минералды тыңайтқыштардың, микробиологиялық препараттардың әдістерін, технологиясын және дозасын анықтау және есептеу.
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін болжауда, бағдарламалауда, өндіруде және қайта өңдеуде, цифрлық технологияларды және жасанды интеллекті ұсыну және өсімдік шаруашылығында инновациялық технологияларды қолдану.
  • Егіншілікке, суару жүйесіне инновациялық технологиялар элементтерін енгізу, дала жұмыстарының сапасын бағалау.
  • Өсімдік шаруашылығы мәселелерін зерделеу, мал азығын дайындаудың заманауи технологиялары мен әдістерін және ауыл шаруашылығы үшін перспективалы дақылдарды ұсыну, өсімдік шаруашылығының әртүрлі салаларында басқарушылық шешімдер қабылдау.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясында жаңа технологияларды қолдану, әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларда өсімдіктердің бейімделу әлеуетін бағалау.
  • Топырақ құнарлылығының молаюын зерттеу және бағалау, топырақ құнарлылығы моделінің негізгі көрсеткіштерін, топырақты бағалау мен жіктеудің ғылыми негіздерін пайдалану, тәлімі жерлерді пайдаланудың ұтымды тәсілдерін әзірлеу.
Top