Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында есептеу және бағдарламалық жүйелерді құру әдістерінің негізінде зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыра алатын инженерлік және ғылыми ойлау қабілетті, педагогикалық дағдылары бар техникалық ғылымдар магистрлерін дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M094 Ақпараттық технологиялар
-
Білім беру саласы 7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Бұлттық технологиялар
Компьютерлік инженерияда ғылыми эксперименттің теориясы мен техникасы
Үлкен деректерді басқару
Жоғары мектептің педагогикасы
Киберқауіпсіздік жүйелерінің архитектурасы
Басқару психологиясы
Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
Кванттық және посткванттық алгоритмдер
Суперкомпьютерлердегі жоғары өнімді есептеулер
Құрамдас программалық қамтама және жүйелер
Мехатрондық жүйелерді жобалау
Тармақталған есептеу технологиялары
Ғылым тарихы мен философиясы
Программалық қамтаманы тестілеу
Нейрондық желілерді терең оқыту
Шет тілі (кәсіби)
Нақты уақыт жүйелерге арналған программалық қамтаманы құру технологиялары
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық білімді көрсету, оның ішінде пәнаралық сипаттағы және кәсіби қызметте нәтижелерді пайдалану
- Заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру, оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру, білім алушы жастарды әлеуметтендіре білу және коммуникативтік қабілеттерге ие болу
- Бұлттық қызметтер үшін интеграциялық шешімдерді жасау (модификациялау) және сүйемелдеу бойынша жұмыстарды орындау; жобаның рентабельділігін, өзектілігін, жаңалығын көрсете және дәлелдей білу, жобалық тапсырманы талдау негізінде эксперименттер жүргізу; үлкен деректерді өңдеуді автоматтандыру программалық құралын әзірлеу және басқару, үлкен деректерді талдау мәселелерін шешу; жоғары жүктелген жүйелерді жобалау және әзірлеу, нақты уақыттағы жүйелер үшін программалық қамтаманы әзірлеу технологияларын қолдану; Көп ресурстарды қажет ететін есептерді шешу үшін суперкомпьютерді қолдану.
- Киберқауіпсіздік жүйесін іске асыруда және жобаны іске асыру процесін жетілдіруде архитектуралық шешімдерді талдау әдістерін, құралдарын меңгеру; тақырып бойыншпа мақсаттар мен міндеттерді, зерттеудің ғылыми аппаратын айқындай білу, зерттеу, эксперименттер жүргізу; ендірілген есептеу жүйелерін әзірлеу бойынша жұмыстарды біріктіру, компьютерлік аппараттық құралдарды жобалау және құрастыру; кванттық және посткванттық алгоритмдерді әзірлеу.
- Мехатрондық жүйелерді жобалай және құра білу; есептеу есептерінің таратылған шешімін әзірлеу және ұйымдастыру, жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін кәсіпорын объектілері арасында өзара байланыс жасау; нейрондық желілерді терең оқыту алгоритмдерін қолдана отырып, жасанды интеллект жүйелерін іске асыру; тест кодын жаза және программалық жасақтама үшін программаларды әзірлей білу, программалық жасақтаманы тексере білу.
- Жаңа электрондық құрылғыларды әзірлеу, жобалау кезінде ПЛИС архитектурасын және жүйелі тәсілді қолдана білу; нақты инженерлік немесе ғылыми мәселелерді шешу үшін шекаралық есептеулерді қолдану; инженерлік жобаларды басқара білу, IT-де техникалық құжаттама бойынша мамандардың жұмыс тобын басқара білу; сигналдарды цифрлық өңдеу жүйелерін жобалау мен бағалаудың математикалық және алгоритмдік әдістерін меңгеру.
- Техникалық көру, кескін бойынша 3D-қайта құру, көріністерді талдау және тану, бейнелерді өңдеу салаларында зерттеулер жүргізе және алгоритмдер әзірлей білу; жасанды интеллект жүйелерінің архитектурасын құру принциптерін қолдану, программалық қамтаманың өзара әрекеттесу және өзгерту әдістері мен тәсілдерін меңгеру; әзірлеу және іске асыру мақсатында блокчейн, криптовалюта және смарт келісімшарттар технологияларын қолдану.