Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07243 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым философиясының ережелері мен санаттарына негізделген заманауи ғылымның дүниетанымдық және әдіснамалық фактілерін, құбылыстары мен мәселелерін талдайды.
  • Кәсіби салада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын қолданады.
  • Заманауи білім беру технологияларында, оқыту әдістерінде және жоғары оқу орындарының пәндерін әдістемелік қамтамасыз етуде құзыреттілігін көрсетеді.
  • Білім беру саласындағы кәсіби және жеке даму қабілеттерін көрсетеді.
  • Іскерлік қарым-қатынас психологиясы, топтық жұмыс және азық-түлік кәсіпорнының адами ресурстарын басқару саласындағы құзыреттілікті көрсетеді.
  • Корпоративтік имиджді қалыптастыруға және жақсартуға және тамақ кәсіпорындарының өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы жұмыстарға қатысады.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды, компьютерлік техниканы және жасанды интеллектті пайдалана отырып, азық-түлік өнімдері мен кәсіпорындардың технологиялық процестерін модельдеу және оңтайландыру мәселелері бойынша құзыретті шешімдер қабылдайды.
  • Жабдықтардың жұмысы мен пайдаланылуын ұйымдастыруды; тамақ өнімдерін өндірудің заманауи технологияларын енгізуді бақылауды жүзеге асырады.
  • Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жоспарлаудың, жүргізудің, талдаудың, қорытындылаудың және интерпретациялаудың заманауи әдістерін меңгеруді, соның ішінде ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті меңгеруді көрсетеді.
  • Қызметтердің сапасын арттыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында материалдық ресурстарды пайдалануды бақылауды қоса алғанда, азық-түлік өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындардың өндірісін және қызметін бақылауды ұйымдастырады.
  • Тамақ шикізаты мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып бақылауды және басқаруды жүзеге асырады.
  • Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды жобалау және қайта құру үшін заманауи тәсілдерді қолданады.
Top