Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01524 География (IP) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірлерді ескере отырып, білім қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру, өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық ұстанымдары мен оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау, өзінің педагогикалық дамуы үшін жаңа мақсаттар қою;
  • табиғаттан адамның органикалық бірлігі табиғатының бірлігі мен тұтастығы идеясын түсіндіру үшін географиялық ортада болатын құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау;
  • Географиялық ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдарын түсініп, жасанды интеллект негізінде сандық географиялық деректермен қауіпсіз және тиімді жұмыс істеудің негізгі қағидаларын меңгере отырып ГАЖ және IT технологияларының географияда қолданылу салаларын білуде географиялық деректерді жинау, өңдеу және визуализациялау дағдыларын игереді.
  • география ғылымын түсініп, игеру үшін әдіснамалық және теориялық маңызға ие іргелі ғылыми ұғымдарды танып, түсіну және қоршаған ортаның ғаламдық және жергілікті мәселелерін шешу үшін басқа ғылым салаларынан алған білімін кіріктіре отырып, өзінің көзқарасын дәлелдеу;
  • әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен алдыңғы қатарлы географиялық тұжырыидарға негізделген теориялық білімді сыни тұрғыда іріктеу және географияны оқыту мен өзінің кәсіби өсуін жетілдіру үшін алған білімін пайдалану;
  • географиялық карталардың ерекшеліктері мен қасиеттерін түсінеді және картографиялық бейнелеу тәсілдерін ажыратады және табиғат объектілерінің кеңістіктік-уақыттық моделін түсіну үшін ЖИ негізінде геоақпараттық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әртүрлі кеңістіктік деректерді іс жүзінде қолданады
  • оқу үдерісінде зерттеу жүргізуде физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық әдістерді пайдалану және далалық, геоақпараттық, статистикалық әдістерді практикалық тапсырмаларды орындау үшін қолдану;
  • мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттерді меңгеру, оқуды оданәрі өзбетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қолдану, қаржылық сауаттылығын арттыру және педагогикалық, сондай-ақ қоғамдық қызметте өзара кәсіби қарым-қатынастарын құру, кәсіби қызметте денсаулықты сақтауды, нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты пайдалану.
  • инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық проблемаларын түсінуі, оқыту үдерісіндегі білім алушылардың әртүрлі қабілеттерін ескеру, өмірлік және оқыту тұрғысынан олардың психологиялық жағдайына этикалық қолдау көрсету;
  • географиялық, экологиялық процестер мен құбылыстардың салдарын болжау үшін географиядан алған білімді жинақтап, қорытындылау, географиялық насынадарға, процестер мен құбылыстарға зерттеу, тәжірибе және болжам жасау үшін түрлі географиялық процестердің үлгісін жасау.
  • географияны оқытуда қолдану үшін ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазылымды білу, академиялық адалдық ұстанымдары мен мәдениетітің маңызын түсіну;
  • географиялық білім беру саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, географияны оқытудың белгіленген мақсаттарына сәйкес оқу іс-әрекетінің жағдайларын құру;
Top