Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11120 Мәдени-тынығу жұмысы в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін түсіне отырып, қазақ және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.
  • Идеялық, азаматтық, рухани, әлеуметтік жауапкершілік пен әдептілік, ғылыми-эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсету.
  • Мәдени мұраны сақтау, қалпына келтіру және пайдалану және рухани жаңғырту туралы ұлттық сананы қалыптастыру үшін коммуникативті қабілеттерге ие болу.
  • Кәсіби қызметті жетілдіру үшін қолданылатын халықтың танымдық, рекреациялық, анимациялық, ойын-сауық бос уақытын ұйымдастыруда ақпаратты жинау, сақтау және өңдеуде жасанды интеллект негіздерін және ақпараттық цифрлық технологияларды пайдалану.
  • Бұқаралық ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу және қазіргі қоғамда инклюзивті тәсілмен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
  • Әртүрлі жас санаттарындағы балалардың психологиялық-педагогикалық және шығармашылық дамуын ескере отырып, мектептерде және мектептен тыс мекемелерде үйірме жұмысын ұйымдастыруда оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын қолдану.
  • Әлеуметтік-мәдени дамудың нарықтық және бизнес-процестерін талдау, мақсаттарға жету үшін заманауи басқару әдістерін қолдану.
  • Мәдени-тынығу саласындағы сахналық және репетициялық жұмыстардың әдістерін қолдана отырып, бағдарламаларды құрастыру.
  • Менеджмент пен маркетингтің негізгі принциптерін мәдени-тынығу бағдарламаларының әртүрлі нысандарын продюсерлеуде қолдану.
  • Сыни талдау негізінде стандартты кәсіби жағдайларда шешімдерді табу, жеке кәсіптік әрекеттерді жоспарлау.
  • Мәдени-демалыс іс-шараларында көркем-бұқаралық қойылымдар мен концерттік - ойын-сауық бағдарламаларының сценарийлері бойынша шығармашылық топтың практикалық жұмысын жүргізу.
  • Өзінің білімін жетілдіру және салауатты өмір сүру дағдыларын көрсете отырып, топ мүшесі ретінде және жеке тұлға ретінде тиімді жұмыс істеу.
Top