Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B03115 Психология в ABU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Психология ғылымдағы негізгі қызмет бағыттарының әдістері мен тәсілдерін меңгерген кәсіби психологты даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B041 Психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Психология I
Мамандыққа кіріспе
Экономикалық-құқықтық білім негіздері
Даму психологиясы
Тұрақты даму және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
-
2 Оқу жылы
Психология II
Тұлғалық өсу тренингі
Әлеуметтік психологияға кіріспе
Жас ерекшелік психологиясы
Психогенетика
Психологиялық ағарту және профилактика
Психодиагностика
Тұлғаның психологиялық мәдениеті
Балалар нейропсихологиясы
Денсаулық психологиясы
Психологтың кәсіби шеберлігі және этикасы
Этнопсихология
Психологиялық кеңес беру негіздері
Ойлау және интеллект психологиясы
Психофизиология
Психология бойынша практикум
-
3 Оқу жылы
Буллинг психологиясы
Психология тарихы
Конфликтология негіздері
Когнитивті психология
Дифференциалды психология
Отбасылық қарым-қатынас этикасы мен психологиясы
Өзін-өзі реттеу негіздері
Психологтың кәсіби құжаттарын жүргізу
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Медициналық психология
Психотерапия негіздері
Девиантты және суицидалды мінез-құлық психологиясы
Кәсіби бағытталған шет тілі
Ықпал ету психологиясы
Арнайы психология
Психологтардың эмоционалдық икемділігі
ЕББҚ бар балалардың отбасыларымен жұмыс
Қалпына келтіру кезеңіндегі психологиялық қолдау
Практикалық психология
Коррекциялық психология
Эмоциялық қажу психологиясы
-
4 Оқу жылы
Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері
Әр түрлі мекемелерде психологиялық қызметті ұйымдастыру
Экстремалды және дағдарыстық жағдайлар психологиясы
Психоанализ негіздері
Әлеуметтік аймақтағы психологиялық қызмет
Гештальтпсихологиясы
Арт-терапия техникалары
Заң психологиясы
Психологиялық көмектің әдістемесі мен технологиялары
Жеке тұлға теориясы
Патопсихология
Білім беру кеңістігі қауіпсіздігінің психологиясы
Қарым-қатынас және келісөздер психологиясы
Кәсіби стресс психологиясы
Әскери психология
Менеджмент психологиясы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Психолог мамандығының ерекшелігін және оның қалыптасуының негізгі кезеңдерін білу, сонымен қатар қазіргі психология ғылымының негізгі категорияларын, ережелерін және оның психология тарихындағы дамуын білу және түсіну.
- Психиканың даму формаларын, деңгейлерін, психикалық танымдық процестердің қызметін сипаттайды, олардың мәні мен тұлға дамуының жас кезеңдеріндегі көріністердің ерекшеліктерін ашады, сонымен қатар психикалық қасиеттерді, оларды тұлғаның мінез-құлқы пен іс-әрекетінде есепке алуды түсіндіреді, тұлғаның психологиялық күйлерімен жұмыстың ерекшеліктерін қарастырады, қазіргі заманғы ғылыми білім контексінде жекелік-тұлғалық айырмашылықтар мен өзін-өзі реттеу тетіктерін тұтастай түсінуді қалыптастырады.
- Психофизиологиялық, психогенетикалық және медициналық әсердің заманауи әдістері туралы білімді қолдану, сонымен қатар эмоционалды күйзеліс синдромы бар әр түрлі жастағы тұлғалармен психологиялық түзету және психотерапия бойынша іс-шаралар ұйымдастыра білу
- психолог қызметінің әртүрлі бағыттары мен түрлерінде психологияның практикалық және басқа да бағыттарының заманауи әдістерін, проективті техникалар мен диагностикалық әдістерді қолдану және нәтиже шығару, топта тренингтік жұмыс дағдыларын көрсету; клиенттерді психологиялық қолдау бойынша топтық жұмыс бағдарламаларын әзірлеу; өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік топ мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.
- әлеуметтік салада психолог жұмысының тиімді әдістерін қолдану, сондай-ақ кәсіби қызметтегі конфликтілі жағдайларды тану және алдын алу. Ведомствоаралық топ мамандарына клиенттерге психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша кеңес беру
- Білім алушыларда психологиялық практиканың түрлі нысандарында мәдениетаралық қарым-қатынас негіздерін қоса алғанда, кәсіби қарым-қатынас мәдениеті мен этикасын қолдану, психикалық процестердің жүру ерекшеліктері мен тұлға аралық айырмашылықтар туралы негізгі ережелерді меңгеру, ойлау мен сөйлеу арасындағы өзара байланыстар туралы фактілерді түсіну, сондай-ақ когнитивтік қызметтің психологиялық және психофизиологиялық тетіктері туралы түсініктерді талдау біліктіліктерін қалыптастыру
- Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайларды ескере отырып, клиенттерге психологиялық қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған психологтың кәсіби қызметіндегі теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолдана білу, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық сүйемелдеу стратегияларын әзірлеп, іске асыру, сондай-ақ практикалық психологтың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкес кәсіби құжаттаманы жүйелеп, рәсімдей білу.
- Экстремалды және төтенше жағдайға тап болған адамдарға психологиялық көмек көрсетудің негізгі принциптері туралы білімдерін көрсету, сондай-ақ білім беру ортасының қауіпсіздік критерийлерін тани білу.
- Этнопсихологиялық құбылыстардың маңыздылығын түсіну, этникалық процестерді ажырату, сонымен қатар психология дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі психологиялық білімді жалпылау.
- Балалар мен жасөспірімдердегі агрессивті, девиантты және суицидтік мінез-құлықтың негізгі көріністерін тану және профилактикалық және диагностикалық-түзету жұмыстарын жүргізу дағдыларын көрсету.
- Басқарудың негізгі психологиялық теорияларын және іскерлік саласындағы келіссөздердің ерекшеліктерін білу.
- Психологияның әртүрлі әлеуметтік салаларында фактілерді, құбылыстарды білу мен түсінуді қолдану, сондай-ақ оларды тәжірибелік қызметте пайдалану.
- Психологиялық зерттеу үшін ақпаратты жинау және нәтиже шығаруды жүзеге асыру, сондай-ақ зерттеу деректерін өңдеу кезінде математикалық әдістерді практикада қолдану, клиенттердің мәселелерін шешу үшін ақпараттық дерекқорлар және жүйелермен психологиялық ғылым мен практика үшін жасанды интеллекттің цифрлық технологияларын қолдана алу
- Тұрақты даму мен тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдауға және түсіндіруге, кәсіби және әлеуметтік қызметте нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды қолдануға, қабылданатын шешімдердің салдарын талдауға және сыни бағалауға, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға бағытталған мінез-құлықтың кешенді стратегияларын әзірлеуге қабілетті.