Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B03101 Әлеуметтану в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік салада ғылыми , педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімді беру, зерттеу, инновациялық дағдыларын дамыту.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B038 Әлеуметтану
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Мамандыққа кіріспе
Әлеуметтану тарихы
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Әлеуметтанудағы қазіргі және қазіргіден кейінгі теориялар
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
-
2 Оқу жылы
Кері тартпа мінез-құлық әлеуметтануы
Отбасы әлеуметтануы
Оnline- сұраулардағы IT - технологиялар
Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы
Қоғамдық пікір социологиясы
Мәдениет әлеуметтануы
Демография
Академиялық жазу негіздері
Қала әлеуметтануы
Әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу
Әлеуметтанулық дискурс
Адам әлеуметтануы
Әлеуметтік-саяси психология
Экономикалық әлеуметтану
Саяси сана мен саяси тәртіп
-
3 Оқу жылы
Нарық әлеуметтануы
Визуалды әлеуметтану
Мәдени антропология
Білім әлеуметтануы
Медицина әлеуметтануы
Кәсіби топтар әлеуметтануы
Гендер әлеуметтануы
Әлеуметтік саясат
Әлеуметтанудағы сандық әдістер
Қазіргі қоғамдағы этникалық процестерді басқару
Кәсіби қазақ тілі
БАҚ және саясат
Әлеуметтік ақпаратты өңдеу және талдау әдістері (SPSS негізінде)
Мемлекеттің ақпараттық саясатында IT технологиялардың қолдануы
Жасанды интеллект және әлеуметтанушының кәсіби қызметі
Әлеуметтанудағы сапалы әдістер
Ата-аналық әлеуметтануы
-
4 Оқу жылы
Демографиялық процесстерді зерттеудегі әлеуметтанулық әдістер
Институционалды әлеуметтану
Журналистика әлеуметтануы
Паблик рилейшнз
Қазіргі әлеуметтік-саяси қозғалыстар
Саяси медиация
Ғылыми және жобалық қызметті ұйымдастыру
Саяси көшбасшылық
Әлеуметтік-саяси пәндерді оқыту әдістемесі
Саяси конфликтология
Оқыту нәтижелері
- Қоғамдық-саяси мәселелерді зерттеу саласында сараптамалық ұсыныстарды тұжырымдайды; дербес әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну дағдылары бар; кәсіби компьютерлік бағдарламаларда эмпирикалық мәліметтерді өңдеу және талдау әдістерін иеленеді. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; эмпирикалық зерттеулердің мәліметтерін талдайды.
- Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі жобаларын іске асыру үдерістеріндегі себептер мен салдарды ғылыми сипаттау және талдау тәсілдерін меңгерген. Азаматтық позицияны қалыптастыруда бәсекелестік, прагматизм, өзара түсіністік, демократиялық құндылықтарына сүйенеді.
- Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен, респонденттермен, зерттеуге тапсырыс берушілермен келіссөз жүргізе алады. Ресми статистиканың, әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін, сонымен қатар, әлемдік әлеуметтік-саяси ғылымның мәліметтерін пайдалана алады.
- Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін қолданбалы экономикалық, заң, жаратылыстану-ғылыми пәндердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің өзекті білімдерін көрсетеді; біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, латын графикасының негізгі ұғымдары туралы білімдерді қолдана алады.
- Әлеуметтік-саяси үрдістердің қоғам мен адамға әсерін талдай алады және олардың әлеуметтік-саяси үрдістердің заңдылықтарын, көрінісін сараптай алады, теоретикалық және тәжірибелік тұрғыдан түсіндіре алады.
- Заманауи қоғам талабындағы әлеуметтік саясаттың қалыптасу ерекшелігін меңгеріп, оны түсіндіре алады.
- Жаңа цифрлық шындықта зерттеу әдістемесіне ие; цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануды ескере отырып, саяси талдау үшін эмпирикалық социологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуді жобалайды және жүзеге асырады. Мәліметтерді жинау әдістерін таңдауды біледі; компьютерлік технологияны қолдану негізінде эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және талдау. ІТ-технологияларды қолдану нәтижесінде алынған зерттеуге қатысты ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды. Алған білімін ғылыми емес білімнен ажыратып, дәрежелейді. Ол оқу процесінде алынған ғылыми-зерттеу саласындағы практикалық қызмет тәжірибесін өзгертеді және жетілдіреді.
- АКТ және ІТ-ның заманауи қоғамға позитивті және кері әсер ету параметрлерін бағалай алады және болашақ кәсіби қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді түрде пайдаланады. Адами қызметтегі түрлі салаларда ақпараттық технологияларды қолданудың техникалық және қарқындық мүмкіншіліктерін бағалай алады.
- Заманауи қоғам дамуының тенденцияларын болжай алады. Әлеуметтік үрдістер және құбылыстарды талдауда әлеуметтік парадигмаларды қолдана алады. Қоғамның өзгеру үрдісін зерттей алады: әлеуметтік жіктелу, әлеуметтік құрылымдардың радикалды өзгерістері, әлеуметтік мобильділік тенденциялары, тұлғалардың және топтардың құндылықтық бағыттары. Әлеуметтік үрдістерді зерттеуде релевантты әлеуметтік әдістерді қолдана алады.
- Ақпараттық қоғам қалыптасуының механизмдерін және қағидаларын сараптай алады, ИКТ және ІТ-ның қоғамдық құрылымдық өзгерісіне, мәдениетке әсерін және балалық, аналық және қартаю саласындағы әлеуметтік саясаттың траекториясын сараптай алады. Менеджмент, урбанизм, мәдениет, әлеуметтік саясат және әлеуметтік инженерлік саласында сараптамалық және басқарулық шешімдерін қабылдай алады.
- Кең ауқымды әлеуметтік-саяси мағынаға ие, әлеуметтік саясат саласындағы дәйекті ұсыныстарды қалыптастыра алады. Әлеуметтік-саяси жағдайдың заманауи адам тұлғасының бірегейлігінің қалыптасуына әсерін анықтай алады. Заманауи адам тұлғасы қалыптасуының әлеуметтік-саяси детерминанттарын айыра алады.
- Заманауи қоғамдағы әлеуметтік-демографиялық үрдістерді дамытудың тенденцияларын сараптай және болжай алады. Қазіргі қоғамның базалық институттарын және үрдістерін зерттеуде теоретикалық білімді және қолданбалы әдістерді пайдалана алады.
- Кәсіби қызметке қажетті мәтінді түрлі жанрлық бағыттарда жасай алады және әртүрлі мақсатты аудиторияға арналған зерттеу нәтижелерін көрсете білуді меңгерген.
- Теориялық және қолданбалы ақпаратты жүйелей алады. Тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізе алады. Ғылыми зерттеу нәтижелерін академиялық қауымдастыққа ұсына алады.
- Эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, мәліметтерді жинаудың дұрыс әдістерін таңдайды; эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін талдайды, қоғамдық пікірдің көрінуіндегі корреляциялар мен заңдылықтарды шығарады; зерттеу тапсырыс берушілерімен, респонденттермен, қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен келіссөздер жүргізеді.
Ұқсас БББ
6B03101 Әлеуметтану
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B03101 Әлеуметтану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B03101 Әлеуметтану
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B03101 Әлеуметтану
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B03101 Әлеуметтану
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B03101 Әлеуметтану
Шымкент университеті
6B03101 Әлеуметтану
Шымкент университеті
6B03101 Әлеуметтану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті