Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D02212 Түркітану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Гуманитарлық ғылымдар саласында интегративті білімі бар, ғылыми зерттеудің жалпы ғылыми және кәсіби әдіснамасын меңгерген, нақты эмпирикалық міндеттерді шеше алатын түркітанушы ғалымды дайындау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D054 Түркітану
-
Білім беру саласы 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Заманауи ғылыми парадигмалар және автордың концептуалды идеялары тұрғысынан ғылыми мақалаларға, монографиялар мен диссертацияларға талдау жүргізе білу және қазіргі ғылымның философиясы мен әдіснамасын игеру; Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін ғылыми-метрикалық көрсеткіштегі журналдарда білім алушылардың жариялау белсенділігі үшін академиялық құзыреттілік дағдыларын меңгеру; білім берудегі инновация салаларын біріктіретін инновациялық технологияларды (цифрлық, гипермәтіндік және т.б.) оқу үдерісіне енгізе білу; кәсіби құзіреттілікті арттыру үшін тәжірибеге бағытталған оқыту дағдыларын қалыптастыру.
- Қолданыстағы ғылыми әдістер мен тәсілдерді олардың зерттелетін объектіге сәйкестігі тұрғысынан бағалай білу; түркітану саласындағы негізгі қағидалар мен ғылыми тұжырымдамаларды, лингвистикалық талдаудың принциптері мен әдістерін білу; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін жалпы ғылыми және түркітану әдіснамасын меңгеру; оқытылатын ғылым аясындағы зерттеу талдауларын жүргізе білу; Қазақстандағы, таяу және алыс шетелдердегі түркітану ғылымының дамуының қазіргі тенденцияларын талдай білу; түркі халықтарының тарихы мен тілін, мәдениетін зерттеуде жасанды интеллект модельдері мен әдістерін, заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын қолдану.
- Түркі әдебиетінің негізгі даму тенденцияларын, әдеби шығармалар жанрларының типологиясын, жалпы сюжеттер мен мотивтерді, сондай-ақ түркі халықтарының әдебиетіндегі көркем бейнелеу құралдарының ерекшеліктерін меңгеру; түркі халықтарының дінінің алуан түрлі формаларын талдай білу; түркі халықтарының рухани құндылықтарына талдау жүргізу барысында академиялық және кәсіби ортадағы коммуникация стратегиялары мен тетіктерін пайдалану; түркі әлемі бойынша жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету тұжырымдамаларын, стратегияларын, тетіктерін білу.
- Руника, ұйғыр, араб, армян-қыпшақ, шағатай графикаларымен жазылған түркі жазба ескерткіштері мәтіндеріне филологиялық, тарихи және мәдени талдай жасай білу; түркі нарративті баяндау мәтіндерін сараптау және тәжірибелі-бағдарлы әдіс пен оқыту технологиялары үшін түрлі графиканы, білім берудегі инновацияларды пайдалану.
- Жазба ескерткіштердің құрылымдық байланысы мен тілдік жүйесін: графема белгілерінің мағыналарын, олардың дыбыстық және әріптік белгілерін, фонетикалық және фонологиялық заңдылықтарын, көне түрк сөзінің компоненттік құрамының көздерін, жазба ескерткіштер тілінің туынды потенциалын және ішкі грамматикалық заңдылықтарын білу.