Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01440 Дене шынықтыру және спорт в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми эксперименттік зерттеулер әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби, экономикалық дамуын көрсету
  • Ақпараттық, есептеу және қаржылық сауаттылық, жасанды интеллект технологияларын меңгеру
  • Тәрбие жұмысының әдістемесі мен қазіргі заманғы тәрбие тұжырымдамалары негізінде білім алушылардың оқу - танымдық, зияткерлік іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару
  • Дене шынықтыру қозғалысының әртүрлі буындарында, дене шынықтыру мен спортты бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуде, дене шынықтыру мен спортты басқаруда, жоспарлауда, болжауда, дамытуды үйлестіруде ұйымдық-бұқаралық жұмысты қолдану
  • Спорттық құрылыстардың, тренажерлардың, спорттық жабдықтардың, инвентарьлардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен өлшеу құралдарының техникалық қауіпсіздігін және пайдалану қағидаларын сақтау
  • Оқытудың тиімді әдістері мен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралдарына негізделген сабақты өткізу кезінде оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін жүргізу
  • Физиологиялық, психологиялық дамуды ескере отырып, жаттығушылардың физикалық, техникалық, тактикалық және моральдық - еріктік дайындығын дамыту
  • Денеге күш түсірудің жаттығушылардың денсаулығы мен функционалдық жағдайына әсерін бағалау үшін биомедициналық бақылау әдістерін қолдану
  • Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтай отырып, мәдени және тарихи мұраға ашықтықты көрсете отырып, адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес кәсіби қызметті ұйымдастыру
  • Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын қолдану.
  • Формальді, бейформальді, информальді кәсіби үздіксіз білім беруді жоспарлау арқылы жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау.
Top