Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02305 Филология в ABU

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби даярлық бағыты бойынша теориялық білім негіздері мен жоғары білім беру жүйесіндегі жаңа білім беру технологияларын толық меңгерген, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдылары қалыптасқан бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи маманның гуманитарлық ойлауын әмбебап антропософиялық критерийлеріне негіздей отырып, әлеуметтік шындыққа, бүкіл әлемге шығармашылық, сезімтал-көркемдік және көркемдік көзқарасқа негізделген кәсіби мәдениет элементі ретінде дамытады; әртүрлі фактілер мен құбылыстарды талдап, бағалауға, білім, білім заңдарын, ғылыми пәндерді қалыптастыру және дамыту туралы заңдарды сипаттау үшін философияның тұжырымдамалық аппаратын қолдана біледі.
  • Азаматтық қоғамды дамытудағы эстетикалық сана құндылықтарының мәртебесін көтереді, адам құқықтары мен бостандықтарын дамыту және тіл мәдениетін сақтау идеясын қалыптастырады.
  • Педагогиканың гуманистік идеяларына ең жоғары әлеуметтік және эстетикалық құндылықтарына бағынады; педагогика және психология саласындағы білім беру мазмұнын таңдай алады, білім беру үдерісін жобалау формасын, әдістер мен құралдарды, білім беру технологияларын меңгереді.
  • Алынған білімге сүйене отырып, ол өзінің кәсіби қызметінде ақпаратты алу жолдарын, ақпарат көздерімен жұмыс жасауды, түрлі жанрлар мен формалардың журналистік мәтіндерін жасауға, әртүрлі стильдегі мәтіндерді редакциялауға, құқықтық нормаларды қолдануға қабілетті. БАҚ стратегиясында, зерттеу жоспарында белгіленген көркемдік құндылығы мен критерийлері бойынша саралу.
  • Жасанды интеллект технологияларының көмегімен тіл мен әдебиет бойынша ғылыми ақпараттарды іздеу, саралау, ғылыми жарияланымдар дайындау стратегияларын анықтау, зерттеу барысындағы этикалық нормаларды білу, тілдің әлеуметтік сипатын анықтауда демографиялық, әлеуметтік, лингвистикалық және өзге де деректермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
  • Отандық және шетел әдебиетінің маңыздылығы мен рухани-мәдени құндылығын танытады; ұлттық және әлемдік классиктердің ең танымал және бағдарламаланған туындыларын жаңғыртады; тіл мен әдебиеттің елеулі құбылыстарын түсінеді, отандық әдеби шығармаларды әлемдік мәдениеттің жетістіктері тұрғысынан сыни зерттеу және бағалай білу дағдыларын дамытады; еліміздегі филологиялық зерттеулердің одан әрі дамуын болжай алады.
  • Ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздері мен технологияларын игереді, әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарға негізделген пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді; диссертациялық зерттеудің құрылымдық бөліктерін жасайды және жоспарлайды; сонын ішінде шет тілді қолдануымен ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудағы отандық және шетелдік тәжірибені қолданады.
  • ХХІ ғасыр тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастар, тіл білімінің жаңа бағыттары, олардың теориялық мәселелерін ажырата алады, функционалдық лингвистика, психолингвистика т.б. лингвистикалық мектептердің теориясы мен тұжырымдамалары меңгереді, қазіргі филология саласының әртүрлі ғылыми мектеп өкілдерінің тіл, әдебиет және мәдени құбылыстарды зерттеуге арналған әдістемелік тәсілдерін біледі.
  • Филология пәндерінің кең ауқымды тіл мен әдебиетті дамытудың жалпы үрдісіне қалай кіріктірілгенін түсінеді; филология саласындағы ең озық білімдерді қоса алғанда, зерттеу саласында білім мен түсінігін тәжірибеде қолдана білу, мәтінді ғылыми зерттеу, көркем шығармаға ғылыми талдау жасау дағдыларын жетілдіру. Ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру.
  • Педагогикалық әдептің негізгі компоненттері және олардың мазмұны, педагогтың әдеп құндылықтары, кәсіби қарым-қатынастың этикалық негіздерін түсініп, кәсіби іс-әрекетке қажетті әдеп қағидаттарын бойына сіңіру. ЖЖОКБҰ білім алушыларымен, әріптестерімен және қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру.
Top