Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B08702 Ауылшаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ауыл шаруашылығында электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну, заманауи есептеу техникасын қолдану және ауылдық жерлерде электрмен жабдықтауды жобалауға жаңа технологияларды енгізу бойынша міндеттер кешенін орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B183 Агроинженерия
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B087 Агроинженерия
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика 1
Қаржылық сауаттылық негіздері
Азаматтық құқық
Энергетика негіздері
Экономика
Кәсіпкерлік
Математика 2
-
2 Оқу жылы
Электр жабдықтарды монтаждау технологиясы
Физика
Жылу техникасының теориялық негіздері
Электротехникалық сызбалар мен сұлбалар
Электротехниканың теориялық негіздері І
Электротехниканың теориялық негіздері II
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
Экология және тұрақты даму
Электротехникалық материалтану
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Жасанды интеллект негіздері
-
3 Оқу жылы
Электрмен жабдықтау
Электрлік тораптар және жүйелер
Электроника және микропроцессорлық техника
Электр машиналары
Электрлік жарықтандыру
Автоматика негіздері және технологиялық үрдістерді автоматтандыру
Ауылдық электр тораптарындағы релелік қорғаныс және автоматика
Технологиялық үрдістерді автоматтандыру жүйелері
Кәсіби қызметтегі бағдарламалық құралдар
АШМ электр жетегі
-
4 Оқу жылы
Электр жабдықтарды эксплуатациялау
Ауыл шаруашылығындағы электрлік технологиялар
Электр энергетикасындағы сандық техника
Дәстүрлі емес және қайта жаңартылатын энергия көздері
Жылумен қамту
Электр жабдықтарын жөндеу
Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау
Энергетикалық қондырғылардағы қауіпсіздік техникасы
Жаңартылатын энергия көздеріне негізделген энергетикалық жүйелерді жобалау
Ғылыми зерттеулердің негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, экономикалық және кәсіпкерлік мәдениеттің, еңбекті қорғаудың және академиялық адалдық принциптерінің құрылымы мен функцияларын пайдалана отырып, жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық негіздерін анықтау. Инклюзивті білім беру жағдайында студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру құзыреттілігін дамыту.
- Негізгі математикалық, физикалық, термодинамикалық және электромагниттік заңдарды, сондай-ақ схемаларды құрастыру үшін заманауи автоматтандырылған компьютерлік бағдарламаларды пайдалану тұжырымдамалары мен әдістерін сипаттау.
- Тіршілік қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, электр тізбектері мен электромагниттік өріс теориясын, сонымен қатар монтаждау және электротехникалық жұмыстарда қолданумен материалдардың электромагниттік қасиеттері бойынша білімі мен түсінігін көрсету.
- Электротехника есептерін шешу және электротехника сызбалары мен сұлбаларын құрастыру кезінде компьютерлік модельдеу әдістерін, бағдарламалық құралдарды, оның ішінде жасанды интеллект пен машиналық оқытудың негізгі әдістерін таңдау.
- Электрлендірілген және автоматтандырылған ауыл шаруашылығы технологиялық процестерін, электр жарықтандыру аспаптарын, электр машиналарын және автоматтандырылған электр жетегін монтаждау, баптау және жұмыс режимдерін ұстап тұру тәсілдерін білу.
- Электр жетекті және технологиялық жабдықты басқару жүйесін жобалау үшін конструкторлы - технологиялық және зерттеу әдістері бойынша теориялық және практикалық білімін қолдану.
- Білім алуды әрі қарай өз бетінше жалғастыру және энергия кешендерін жобалау және монтаждау кезінде алған білімдерін қолдану үшін қажетті электр желілерін заманауи дамыту саласындағы ғылыми зерттеулердің негіздерін қолдану арқылы оқу дағдыларын дамыту.
- Имитациялау және компьютерлік модельдеу құралдарын пайдалана отырып, кәсіпорынның электротехникалық мәселелерін шешу үшін электротехника және күштік электроника саласындағы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану.
- Цифрлық және микроконтроллерлік технологияларды пайдалана отырып, түрлі технологиялық желілер мен үрдістер үшін заманауи автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу.
- Жұмыс және апаттық режимдердегі энергетикалық жүйенің жеке элементтері үшін қорғаныс және автоматтандыру құрылғыларын таңдау және есептеу.
- Жаңартылатын энергия көздеріне негізделген электр және жылумен жабдықтау жүйелерін тиімді жобалаудың электр материалдарының құрылымы мен табиғатын, заманауи электр технологияларын және ғылыми әдістерін білу.
- Энергетикалық жүйенің жай-күйін бақылай отырып және тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, кейіннен жөндеу жүргізе отырып, баламалы және жаңартылатын энергия көздері негізінде электр және жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту.
- Өндірісте бәсекеге қабілетті нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық сауаттылық негіздері мен тұрақты даму принциптерін ескеретін электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау.