Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05113 Тағам биотехнологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тағам биотехнологиясының өзекті бағыттары саласында бәсекеге қабілетті білім деңгейіне, білімділікке және кәсіби дағдыларға ие биотехнологиялық өнімнің сапасын бақылау және өндіру саласында жоғары білікті мамандар даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Техникалық микробиология және вирусология
Гомеостаз және тамақтану
Химия 2
Биотехнология негіздері
Биохимия
Шикізат пен дайын өнімдердің қасиеттерін зерттеу әдістері
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
Компьютерлік графика
Ветеринарлық-санитарлық сараптама
Электротехника және электроника
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
Энзимология
-
3 Оқу жылы
Сүт және сүтқышқылды өнімдердің технологиясы
Тамақ өнімдерін сертификаттау және метрологиясы
Еңбекті қорғау
Тамақ өнімдерінің ассортименті және сапа көрсеткіштері
Тамақ биотехнологиясы процестері мен аппараттары
Технологиялық процестерді модельдеу және оңтайландыру
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
Тамақ биотехнологиясының қазіргі жетістіктері мен преспективалары
Биоқұрамажем технологиясы
Клеткалық биотехнология
Тамақ биотехнологиясы өндірісі жабдықтары
Шарап және шарапты сусындар технологиясы
Азық-түлік өнімдері салаларының технологиясы
Жануарлар биотехнологиясы
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Биотехнология өндірісінің негіздері
Өнеркәсіптік биотехнология
-
4 Оқу жылы
Арнайы және функционалдық тамақ өнімдері технологиясы
Тамақ өнімдерін микробиологиялық бақылау
Тамақ және биологиялық белсенді қоспалардың технологиясы
Микроорганизмдер биотехнологиясы
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Тамақ және өңдеу өндірістерінде "Green skills" қалыптастыру
Тамақ биотехнологиясы
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы
Нан биотехнологиясы
Медициналық және ветеринарлық биотехнология
Ауылшаруашылық биотехнологиясы
Экологиялық биотехнология
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
- Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ықтимал тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес кәсіби қызметте экологиялық қауіпсіз және тұрақты тәжірибені енгізу.
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді.
- Ақпаратты жинау, жіберу және талдау, деректерді өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің құралдары, бағдарламалық және аппараттық құралдарын қолданады.
- Математика, физика және химияныңбазалық бөлімдерін және оларды кәсіби қызметте қолдануды, негізгі ғылыми заңдар, тұжырымдамалар және олардың практикалық қолданылуын, қазіргі заманғы ғылыми көзқарас пен физиканың даму перспективаларын, негізгі химиялық заңдар мен ұғымдарды, заттың құрылымдық теориясын, ерітінділер теориясының негіздерін, тотығу-тотықсыздану теориясының процестерін, элементтердің химиялық қасиеттері және олардың қосылыстарын білу және түсіну, эксперимент нәтижелерін рәсімдеу және көрсету.
- Биотехнология негіздерін, оның ішінде биотехнология объектілері мен әдістерін, биотехнологиялық объектілерді таңдау принциптерін және биотехнологиялық өнеркәсіпті дамытудағы жаңа бағыттарды, биотехнология саласындағы жетістіктерді, тамақ өнімдерін өндіру кезінде және әр түрлі салаларда негізгі биотехнологиялық үрдістерді, өнеркәсіптік өндірісте биотехнологиялық процестерді пайдалануды білу
- Азық-түлік өнімдерінің экологиялық және биологиялық қауіпсіздігін сақтауды бақылау әдістерін түсіну. Биотехнологиялық өндіріс кәсіпорындарында тамақ өнімдерін микробиологиялық бағалау, тамақ өнімдерінің ассортименті, олардың сапасын бағалау, азық-түлік өнімдерінің тауарлық сапасын бағалау және өзінің кәсіби қызметінде зерттеудің заманауи физика-химиялық әдістерді білу
- Процестерді аппаратуралық-технологиялық рәсімдеудің негізгі принциптерін, аппараттар мен машиналардың негізгі техникалық-экономикалық сипаттамаларын, процестер мен аппараттарды есептеу әдістемесін, биотехнологиялық процестерді жүргізу үшін технологиялық жабдықтардың түрлерін білу
- Тамақ өнімдерін өндіру кезінде болатын микробиологиялық процестерді игеру үшін микробиологияның іргелі бөлімдерінің арнайы білімін практикалық қызметте қолдана білу. Ферменттердің негізгі кластарын, олардың катализдейтін реакцияларын және оларды практикалық қолдану перспективаларын, микроорганизмдерді өсіру негіздерін, микроорганизмдер негізінде өнімдерді алудың технологиялық процестерін, құралдарды пайдалану әдістерін, өсімдіктерді өсіру тәсілдерін, олардың биосинтезі мен биотрансформациясы өнімдерін білу
- Сүт және сүт өнімдерін, сондай-ақ шарап және шарап сусындарын өндірудің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, тағам биотехнологиясын дамытудың негізгі бағыттарын білу. Шикізат пен қосалқы материалдардың сапасын кіріс бақылауды ұйымдастыру, жартылай фабрикаттарды, технологиялық процестердің параметрлерін өндірістік бақылау және дайын өнімнің сапасын бақылау, қазіргі жағдайда тамақ биотехнологиясы кәсіпорындарының жұмыс деңгейінде практикалық міндеттерді шешу
- Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдық өнімдерін өңдеу кезінде физикалық, биохимиялық, биофизикалық, микробирлогиялық әдістер мен процестерді пайдалану. Биотехнологияның экологиялық аспектілерінде микроорганизмдерді қолдана отырып биотехнологиялық процестердің табиғаты мен алуан түрлілігі туралы білім, иммунология, медициналық диагностика саласындағы жетістіктерді, физиологияның теориялық және әдіснамалық негіздерін практикалық қызметте пайдалану
- Азық-түлік өнімдерінің технологиялық процесін ұйымдастыруды, азық-түлік өнімдерін алудың технологиялық процесін жүзеге асыру және басқаруды, өсімдіктердің және микроорганизмдердің биопродуценттерін, өндірістің әртүрлі сатыларында болатын микробиологиялық, биохимиялық, коллоидтық процестерді пайдалана отырып технологияларды білу. Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық режимдері мен параметрлерін пайдалану. Тағам өнеркәсібінде және адам тамақтануында қолданылатын биокомбикормдарды, тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды өндіру бойынша теория және практика, сондай-ақ тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды жіктеу және олардың тамақ өнімдерін өндірудегі рөлін білу.