Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07109 Электротехникалық инжиниринг в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи электр техникалық жабдықтарды таңдауға және пайдалануға, жаңа электр техникалық объектілерді, автоматтандырылған жүйелер мен құрылғыларды жобалауға қабілетті, жоғары білікті маманды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B062 Электр техникасы және энергетика
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика 1
Экономика
Математика 2
Қаржылық сауаттылық негіздері
Азаматтық құқық
Энергетика негіздері
Кәсіпкерлік
-
2 Оқу жылы
Физика
Механика
Электротехниканың теориялық негіздері І
Электротехникалық сызбалар мен сұлбалар
Электр жабдықтарды монтаждау технологиясы
Жасанды интеллект негіздері
Электротехниканың теориялық негіздері II
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
Экология және тұрақты даму
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Электротехникалық материалтану
-
3 Оқу жылы
Электр машиналары
Электрлік жарықтандыру
Электрмен жабдықтау
Электрлік тораптар және жүйелер
Электроника және микропроцессорлық техника
Электрлік станциялар және қосалқы станциялар
Электр желілеріндегі релелік қорғаныс және автоматика
Технологиялық үрдістерді автоматтандыру жүйелері
Электр жетегі негіздері
Кәсіби қызметтегі бағдарламалық құралдар
-
4 Оқу жылы
Электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу
Электрлік технология
Дәстүрлі емес және қайта жаңартылатын энергия көздері
Электр энергетикасындағы сандық техника
Электротермиялық үрдістер және электротермиялық жабдықтар
Электр станциялары мен қосалқы станциялардың жабдықтарын пайдалану
Автоматтандырылған электр жетегі
Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау
Энергетикалық қондырғылардағы қауіпсіздік техникасы
Энергетикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дүниетанымы кең, тілдерді және кәсіпкерлік негіздерін білетін және академиялық адалдық қағидаттарын ұстанатын ойлау мәдениеті бар жоғары білімді жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін қаржылық сауаттылық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құрылымы мен функцияларын пайдалана отырып, жаратылыстану ғылымдары саласындағы негізгі қағидаларды білу және түсіну. Инклюзивті білім беру жағдайында студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру құзыреттілігін дамыту.
- Энергетика саласындағы мәселелерді шешу үшін физикалық, математикалық және экономикалық заңдар, сондай-ақ денсаулық және қауіпсіздік ережелері туралы білім мен түсінікті қолдану.
- Электротехниканың негізгі заңдары мен электромагнитті материалдардың табиғаты туралы білімі мен түсінігін көрсету, оларды одан әрі монтаждық және электротехникалық жұмыстарда қолдану.
- Заманауи компьютерлік құралдарды және ЖИ пайдалана отырып, энергетикалық мәселелерді талдау және шешу үшін электр сызбалары мен сұлбалары, конструкторлық құжаттамалар туралы білімі мен түсінігін пайдалану.
- Электр желілері мен станцияларын, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау және монтаждау кезінде алған білімдерін әрі қарай оқытуды өз бетінше жалғастыру және қолдану үшін қажетті электротехника саласындағы оқу дағдыларын дамыту.
- Материалдардың беріктік теориясын, механика және электромеханика заңдарын электр жетектегінің түрлі жүйелерін әзірлеу үшін білімі мен түсінігін қолдану.
- Энергия үнемдеу тиімділігін талдау үшін кәсіпорындардың жарықтандыру және электромеханикалық жүйелерінің жағдайын талдау және түсіндіру.
- Электрондық сұлбаларды, микропроцессорларды және автоматиканы компьютерлік модельдеу саласында электрмен жабдықтау элементтерін автоматты қорғау және технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйелерін жобалау мәселелерін шешу үшін кәсіби деңгейде білім мен түсінікті қолдану.
- Сандық және микроконтроллерлік технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі технологиялық желілер мен үрдістер үшін заманауи автоматтандырылған электр жетек жүйелерін әзірлеу.
- Электрмен жабдықтау жүйелерін тиімді жобалау үшін тұрақты даму принциптері мен қаржылық сауаттылық негіздерін ескере отырып, заманауи электр технологиялары мен баламалы қуат көздерін енгізу.
- Баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне негізделген электрмен жабдықтау жүйелерін әзірлеу, одан әрі оларды жөндеу және энергетикалық жүйенің жағдайын бақылау.
- Еңбекті қорғау және экономикалық тиімділік ережелерін сақтай отырып, жаңартылатын энергия көздеріне негізделген түпнұсқа әдістерді қолданумен электрмен жабдықтау жүйелері мен электрлік технология қондырғыларын жобалау.