7R01111 Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Амбулаториялық жағдайларда және инфекциялық бейіндегі стационарларда, оның ішінде жоғары технологиялы, мамандандырылған, медициналық көмек және эпидемияға қарсы іс - шараларды ұйымдастыруда дербес кәсіби қызмет үшін қабілетті және дайын әмбебап және кәсіби құзыреттілік жүйесі бар басекеге кабылетты білікті инфекционист-дәрігерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R011 Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Стационардағы жұқпалы аурулар
Стационар жағдайында ересектерде жұқпалы ауруларға күтімді ұйымдастыру. Ішек инфекциясы.Вирусты гепатит. Ауа-тамшылы инфекциялар. Зоонозды инфекциялар.Сыртқы қабаттің инфекциясы. Герпетикалық инфекциялар. АИВ-инфекциясы. Трансмиссивті инфекциялар. Риккетсиоздар. Маусымдық энцефалит. Протозооздар. Гельминтоздар. Жұқпалы аурулар клиникасындағы шұғыл жағдайлар. Клиникалық және жасанды интеллект қолдану арқылы лабораториялық аспаптық диагностика, емдеу және профилактика әдістері ҚР ДСМ КХ нозология бойынша сәйкес жұргізу. Инфекологиядағы дәлелді медицина.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 50
-
Инфекциялық гепатология
Ересектердің, балалардың, оның ішінде жүкті әйелдердің бауыр ауруларын диагностикалайды. Жасанды интеллект қолдану арқылы ерте және клиникалық-зертханалық диагностика әдістерін қолданады. (А, В, С, D, Е жіті вирустық гепатиттері; В, С, D созылмалы вирустық гепатиттері; вирустық этиологиядағы бауыр циррозы; ВВГ, ЦМВ, ЭБВ туындайтын гепатиттер). Емдеудің заманауи әдістерінің алгоритмдерін, асқынулардың алдын алуды, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру ережелерын қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Тыныс жолдарынын озекты жукпалы аурулары, онын iшiнде COVID 19
Тыныс жолдар жұқпалы ауруларының диагностикасы (грипп, ЖРВИ, COVID- 19, респираторлы хламидиоз, микоплазмоз жане б.), оның ішінде жүкті әйелдерде)сараланған диагностикасы, емдеудің заманауи әдістері, асқынулар мен нәтижелері, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру принциптері қарсы іс-шаралар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Емханадағы балалар жұқпалы аурулары
Балалардағы жұқпалы ауруларды амбулаториялық жүргізу. ЖАК жұмысының принциптері. Ерте және салыстырмалы диагностиканың алгоритмдері, синдромдар: қызба-интоксикациялық, катаральды-респираторлық, менинго-энцефалиттік, сарылық, диарея, экзантемалар, лимфаденопатия. Зерттеу, амбулаториялық жағдайында емдеу, ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін, жедел медициналық көмек анықтау, ҚР ДСМ КХ нозология бойынша сәйкес жұргізу. Эпидемияға қарсы іс- шаралар. Диспансеризация. Оңалту. Жұқпалы аурулардың вакциналық профилактикасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 17
-
АИТВ инфекциясының қазіргі мәселелері
АИТВ және ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес қызметін ұйымдастыру. АИТВ / ЖИТС жұқтырғандармен және науқастармен жұмыс істеу кезіндегі дәрігерлік этика және деонтология мәселелері. Эпидемиология, иммунология, қазіргі заманғы жіктелуі, АИТВ-инфекциясының клиникалық кезеңдері. АИТВ-ассоциацияланған инфекциялар. Терминалдық кезең-ЖИТС. Антиретровирустық терапия: препараттардың жіктелуі, тағайындау үшін көрсеткіштер, дозалар, біріктірілген ем схемалары, тиімділік өлшемдері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Аса қауіпті инфекциялар
Табиғи-ошақтық инфекциялар. Аса қауіпті инфекциялардың ерте және дифференциалды диагностикасының алгоритмдері.Оба, тырысқақ, туляремия, бруцеллез, сібір жарасы,ботулизм,құтыру, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы.Лабораторлық диагностика. Аса қауіпті инфекциялардың клиникалық емдеу хаттамалары, ДМ. ҚЖҚ шұғыл жағдайларындағы шұғыл және қарқынды терапия. Карантиндік және эпидемияға қарсыіс-шаралар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Емханадағы инфекциялық аурулар
Жұқпалы аурулардың амбулаториялық қызметін ұйымдастыру. Есепке алу және есептілік құжаттамасы. Амбулаториялық жағдайда диарея, жұтқыншақтың зақымдалуы, экзантема, қызба, сарғаю, менингиальды синдром және т.б. синдромдардың диагностикалау және салыстырмалы диагностикалау алгоритмі. Науқастарды госпитальға дейін кезеңде жүргізу. Жедел жәрдем. Емдік және эпидемияға қарсы шаралардың хаттамасы. АИТВ-инфекциясы, міндетті скринингтік әдістері. Жұқпалы ауруларды диспансерлеу және сауықтыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 17
-
Ауруханадағы балалар инфекциялық аурулары
Балалардағы жұқпалы ауруларды стационарлық басқаруды ұйымдастыру. Ішек инфекциясы. Тұмау және ЖРВИ. Нейроинфекциялар. Герпетикалық инфекция. Вирустық гепатит. Бактериалды зооноздар.Экзантемалық инфекциялар. Протозоздар. Гельминтоздар. Шұғыл, интенсивті терапия: ИТШ, сепсис, токсикоз – эксикоз бен, ми ісінуі, ДВС, НАЖ, ЖЛТ жб. Ем, жасанды интеллект қолдану арқылы диагностика, профилактика шараларды ҚР ДСМ КХ нозология бойынша сәйкес жұргізу. ДМ және БЖАЫЖ принциптері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 50
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ересек және балалар жұқпалы науқастарды курациялау: медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибе негізінде диагностикалық тексеру әдістерін жасауға, олардың нәтижелерін түсіндіре алуға, клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындай алуына және оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
- Қарым-қатынас және ынтымақтастық: дәрігерлік этика және деонтология қағидаларын сақтап пациент үшін жақсы нәтижеге жету үшін жұқпалы профильдегі науқаспен, оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау саласындағы мамандарымен тиімді қарым-қатынас жасай біледі.
- Қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің жоғары қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің тиімді әдістерін қолданып және қауіпті жағдайларда диагноз қою және шұғыл медициналық көмек көрсетіп ересектер мен балалардағы жұқпалы аурудың қауіп-қатерін бағалай алады.
- Қоғамдық денсаулық: ересектер мен балалардағы жұқпалы аурулар бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдық шеңберлерінде әрекет ете алады, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсете алады, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізе алады, ұлт денсаулығын нығайту саясатын іске асыру үшін кәсіпқой топтар арасында жұмыс жасай алады.
- Зерттеу: «Инфектология саласындағы тиімді зерттеу мәселелерін қалыптастырады, ақпаратты, кәсіби әдебиетті сыни бағалайды, талдайды және жүйелейді, жасанды интеллект (ИИ) қолданады, халықаралық деректер базасын өзінің күнделікті қызметінде тиімді пайдаланады, зерттеу тобының жұмысына қатысады».
- Оқыту және дамыту: өз бетінше оқып, кәсіби топтың басқа мүшелерін жаттықтыра алады, пікірталастарға, конференцияларға және кәсіптік дамудың басқа да түрлеріне үздіксіз белсенді қатысады.
Ұқсас БББ
7R01111 Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01111 Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01111 Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
7R01111 Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)
Астана медицина университеті